Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекияданшыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англиядаұйымдастырылған. 1837жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді.1880жылы АнглиядаБританимпериясыныңшеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868жылы Нью-Йоркқаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинадаөткен І олимпиадаойындарынажеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРОатлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.1996жылыАтлантадаөткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000жылы Сидней олимпиадасындажақсы нәтиежеге қол жеткізе білді.1968жылы Мехикодаөткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулдеөткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.Тез жүру, жылдам жүгіру, жақсы секіру, қаруды алысқа және дәл лақтыру ерте замандардан бастап-ақ дұрыс бағаланды. Жүгіруден, секіру мен лақтырудан жарысуды адамдар алғашқы қауымдық құрылыс тұсында бастағаны белгілі болып отыр.
Ертедегі Грецияда мұндай жарыстар жиі өткізіліп тұрды. Б. з. д. 776 жылдан бастап бұл елде әрбір төрт жылдан кейін өткізіліп тұратын Олимпиадалық ойындарға мән берілді. Алғашында мұндай Олимпиадалық ойындар жарысы жүргізуден ғана өткізіліп тұрды. Кейіндері бұл ойындардың бағдарламасына ұзындыққа секіру, диск және найза лақтыру дегендер енгізілді. Содан кейін басқа да көптеген әр түрлі дене шынықтыру жаттығулары енгізілген болатын. Ақырында бес негізгі жаттығудан тұратын олимпиадалық жарыс жарыс түрлерінің кешені қалыптасты. Бұл кешен пентатлон немесе, қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, бессайыс деп аталды. Пентатлонның құрамына бір ғана қашықтыққа (192м 27см) жүгіру, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, қашықтыққа диск лақтыру, нысанаға найза лақтыру және күрес енді.
Адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті өсіп-жетіле түсуіне байланысты жүгіру, секіру, лақтыру сияқты жаттығулардың мәні мен міндеті біртіндеп кеңейе түсті. Олар адамның денесін шынықтыратын, ең бастысы, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту мен үйлесімді дамыпжетілуін қамтамасыз ететін жаттығулар ретінде пайдаланылатын болды.
Жеңіл атлетиканың дене шынықтыру жаттығулары кешенінің негізін бұрынғысынша, жоғарыды атап өтілген адамның табиғи және өмірлік мәні бар қимыл-қозғалыстары: жүру, жүгірі, секіру және лақтыру құрайды. Және бұл жаттығулар бұрынғысынша «жеңіл атлетика» дейтін бір жалпы атаудың астына бірігіп, қазіргі Олимпиадалық ойындардың аса маңызды түрлерінің бірі болып табылады.
«Жеңіл атлетика» дейтін бұл спорттық атау – шартты ұғым. Ол қазіргі спорт түрлері біртіндеп өріс ала бастаған XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында пайда болды. «Жеңіл атлетика» тіркесі мамандардың пайымдауы бойынша пайда болғанынан бастап «ауыр атлетика» деп аталған күрес, бокс сияқты денеге салмақ түсіретін жаттығуларға қарамақарсы қойып атаудың негізінде жасалып, қалыптасқан.
Оның пайда болуын болжап білу мүмкін емес, сірә адамзатпен бірге пайда болған шығар? Себебі, алғашқы қауымдық тіршілік үшін жақсы жүгіре білу, секіру, дәл көздеп, жақсы лақтыру керек болған ғой. Ал алғашқы жарыстардың ерте дүниедегі О.о-да біздің жыл санаушымыздан көп бұрын өткендігі белгілі. Содан бері әлденеше ондаған ғасырлар өтті, ж/атл-ның түрлері жан-жақты кеңейіп, оның жаңа түрлері пайда болды, жаттығуларды орындау әдістері байыды, тәсілдері түрленді, құралжабдықтардың сандары көбейді, ыңғайлан-дырылды, жетілді, жүгіру қашықтықтары өзгерістерге ұшырап атлеттер ж/атл-ның жеке түрлеріне мамандана бастады. Ерте дүниедегі жеңіл атлетикалық жаттығулар мүсіншілердің еңбектерінде, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тұрмыс заттары кезінде көптеп табылды.
Халықар. ж/атл бірлестігі (федерациясы) 1912 жылы құрылды. Оның құрылуы түрлі халықтар. Жарыстардың ұйымдастырылуына, ж/атл-ның дүниежүзінде кең қанат жаюына ықпал етті. Е. ч-ты 1934, Е. Кубогі 1965, жабық стадиондағы Е.ч-ты 1966 жылдан бастап өткізіле басталды. Сондықтан халықаралық бірлестіктің 1960 жылғы ұйғарымы бойынша О.о-дың чемпиондары Ә.ч-ттары болып есептелініп келді. Тек 1987 ж. Бастап ашық және жабық стадиондарда Ә.ч-ттары, ал Ә. кубогі 1997 жылдан бастап өткізіле бастады.
Ж/атл-мен айналысу адамның бойында күш пен шапшаңдықты, шыдамдылық пен ептілікті, батылдық пен ерік үшін дамытып оны өзіне сенімді етеді, денсаулықты нығайтып, дененің дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды. Ж/атл. түрлерінің көптігі әрі күрделілігі соншама онымен айналысу адамға жан-жақты әсер етеді. Оның дарытатын, дамытатын сан қилы қасиеттері адамның өміріне кез-келген уақытта қажет. Сондықтан да еліміздегі дене тәрбиесінің негізі болып есептелінетін «Президенттік сынаманың» бағдарламасына енетін спорт түрлерінің жартысына жуығы ж/атл-лық жаттығулар болып табылады.
Ж/атл-ның жүгіру түрлерімен жылдың қай мезгілінде де, қай жерде де айналысуға болады, ал секіру, құралдарды лақтыруды үйрену үшін жағдай, маман жаттықтырушылар керек.
Достарыңызбен бөлісу: |