Жеңіл атлетика сабағының талаптары өте қатал. Мұнда мықты денсаулық, спорттық мінезбен қатар икемділік, шапшаңдық, төзімділік, күш жылдамдығы, иілгіштік іс-қимылдарын шоғырландыру арқылы қозғалу сапасын көтеруге бағытталған күш-жігерді жұмылдыру, саналы түрдегі белсенділік талап етіледі. Әсіресе 16-17 жастағылар арасында осы сапаның үйлесімді дамуының үлкен мәні бар: бұл жеке адамның өз күшін сезінуіне, ұзақ уақыт күш-жігер жұмсауды қажет ететін қиыншылықты жеңуге, күн сайынғы күрделі міндеттерді орындауға назар аударуға көмектеседі. Мұның өзі бұған дейін еті үйренген немесе жаңадан туындайтын іс-әрекет түрлеріне де қатысты. Сондықтан бұл міндеттерді тым шаршап-шалдықпай-ақ орындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |