Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаевалды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. XX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап дами бастады. Арада он шақты жыл уақыт өтісімен респ-да Х. Мұхаммеджанов, Ш. Бекбаев, С. Стуге, И. Россишанский, Қ. Темірғалиев, Г. Костроминов сияқты талантты атлеттер пайда болды, олар түгелге дерлік Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданда ерлік пен елжандылықтың үлгісін көрсетті. Ал елуінші жылдары В. Сухарев, П. Чулок, В. Карунина, Е. Кадяйкин, Т. Бисенғалиев, Г. Қосанов, Ә. Тұяқов, С. Исанбаев сияқты чемпиондар мен рекордшылар шықты. Респ-да Ю. Жироа, А. Суслов, В. Гржибко, Б. Левченко, Т. Мұхамеджаров, А. Степанова, В. Любимова, Г. Терещенко, А. Розиете, Г. Майер, А. Михайлюк, О. Гиржан, Ш. Тілеуімбетов, Л. Лосев, А. Кирсанова, Р. Черыев, Г. Иванов сынды т.б. білікті мамандар өсіп жетілді.
КСРО-ның құрама командасы 1952 ж. Хельсинкиде өткен О.о-ға республикада тәрбиеленген В. Сухарев осы ойындарға қатысты. 1956 ж. Мельбурндағы XVI ойындарда В. Сухарев тағы да қатысып, Е. Кадяйкин еліміздің атынан сынға түсті. 1959 ж. Өткен КСРО халықтарының жазғы II спартикиадасында Қазақстанның ж.а-тер командасы 16 команданың арасынан 10-шы орынға ие болды. 1960 ж. Римде өткен кезекті XXI жазғы О.о-да В. Савинков пен Г. Қосанов Ә-нің ең күшті жеңіл атлеттерімен күш сынасты. 1962 ж. Респ-ның ж/а-тері Орт. Азия елдерінің арасында ең күштісі атанды. Бұдан кейін спортшыларымыз осы аумақтағы бәсекелестері Өзбекстан-дықтардын қатарынан бес жыл бойы басым түсті. Ал КСРО халықтарының III жазғы спартикиадасында жерлестеріміз жалпы командалық 7-ші орынға шықты. Ал VII жазғы спартакиаданың қарсаңында елімізде 15 сш-і дайындалды. Бір топ жас таланттар көзге түсті. Алматы облысының Қабанбай батыр ауданынан шыққан Б. Күреңкеев мектеп оқушыларының Бүкілодақтық спартакиадасында 1500 және 3000 м. Қашықтықтарға жүгіруде екі бірдей алтын медальға ие болды. Ә. Тұяов, В. Солдатенко, Л. Микитенко, А. Казаков, В.
Герасимова, В. Евсюкова және т.б. КСРО ч-ттарының Г. Қосанов, В. Муравьев, В. Савин, О. Шишигина, А. Карпов Қазақстанға О.о-дың медальдарын әкелді, бірнеше рет Бүкілодақтық рекордтарды жаңартты.
1993 жылдан бастап респ-ның ж.а-тері барлық Азия, Ә.ч-тарына, О.оға қатысып келеді. Олар XII, XIII, XIV, XV Азия ойындарында алтын, күміс, қола медальдарға ие болды. 1995 ж. Индонезияның Джакарта, 1998 ж. Жапонияның Фукоко қаласында өткен екі Азия ч-тында 30 медальға ие болды. Еліміздің ж.а-ка бірлестігі 1993 жылдан дүниежүзілік ж/атл бірлестігінің мүшесі. 2004 ж-ғы (Афины) О.о-да еліміздің 20, 2008 жылғы Пекиндегі О.о-ға 20 жеңіл атлеттеріміз қатысты. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960,Римқаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.ШишигинаСиднейОлимпиядасының алтын медалін жеңіп алдық. Жеңіл атлетика.
Достарыңызбен бөлісу: |