§3. Семирамида бағы Оқушылар Бабыл бағы туралы мәтінді рөлге бөліп оқу арқылы Вавилон бағы туралы
біледі. Ойтүрткі сұрақтары арқылы мәтін авторының негізгі ойын түсіндіреді. Алған
ақпаратты өз ойларымен жеткізеді.
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Жағдаяттық тапсырмада «Егер сен сәулетші болсаң, қандай ғажайып сәулет орнатар
едің? Көз алдыңа елестетіп көр. Әлемнің ғажайыбына енуі үшін қандай ерекшелік берер
едің? Жобасын сыз» сияқты жұмыстарды жүргізуге болады. Топтық жұмыс ретінде
жүргізуге болады. Үздік кереметті анықтап, бірін-бірі бағалайды.
Үй тапсырмасында
Аспалы бақтың шын мәнінде болған-болмағаны туралы келісу-
келіспеу эссесін жазады.