§4. Артемидағибадатханасы Оқылым тапсырмасында Жеті кереметтің бірі – Артемида туралы кең мәлімет алады.
Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды. Ойтүрткі сұрақтары арқылы оқылым мәтінін
тұжырымдап, өз ойларын фактілерге сүйене отырып жеткізеді.
Жазылым әрекетінде негізгі ақпараттарды пайдаланып, қарапайым жоспар құрады.
Әлемдік тарихи маңызы бар ескерткіштерді сақтаудың жолдары туралы «ПОПС формуласы»
бойынша өз ойларын жазады.
Әдеби тіл нормалары бойынша екі сөзден құралған қала, ескерткіш аттарын тауып
жазады.
«Артық болмас білгенің» айдарында Әлемнің жеті кереметтерінің бірі – Эфестік
Артемида храмының іргетасы Измир қаласындағы Селжук жерінде орналасқандығын біледі.
Үй тапсырмасында орфографиялық сөздіктен бөлек жазылатын 10–15 сөз теріп, сөйлем
құрастырады.