§5. Салтанатты Галикарнас Бұл тақырыпта салтанатты Галикарнас туралы мәлімет алады. Геродоттың туған
қаласымен танысады.
Мәтінді мұқият оқып, автордың айтпақ ойын түсіндіреді, негізгі ойды анықтап,
қарапайым жоспар құрады.
Әдеби тіл нормалары бойынша оқылым мәтіні негізінде 4-5 сөйлем жазып, жеке
сөздердің, бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздердің емлесін түсіндіреді.
Топтық жұмыста 1-топ «Галикарнас мавзолейі неге әлемге танылды?», 2-топ
«Мавзолейдің сақталмау себебі не?» сұрағы бойынша постер құрып, қорғайды. Галикарнас
мавзолейінің орналасқан қазіргі аймағын картаға сызып, дәлелдеулер жазады. Алдын ала
аймақ көрсетілген карта сызбасын ұсыну қажет.
Үй тапсырмасында бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, үш
бағанға бөліп жазады.