§7. Зевс мүсіні Бұл тақырып өткен тақырыппен байланысты. Мәтінді оқыған соң оқушыларға өз
ойларын жеткізу тапсырылады. Мәтін бойынша тағы нені білгілері келетіндігі анықталып,
қосымша ішінара ізденушілік тапсырма ретінде беруге болады.
Екі топқа бөлініп, тақырыптарға қатысты ой картасын сызып, ойларымен бөліседі.
Қарсы топқа тақырыпқа қатысты екі сұрақ дайындап «Сен білесің бе?» ойынын жүргізуге
болады.
Жағдаяттық тапсырмада «Әлемнің ғажайыптарының барлығы дерлік бірнеше
ғасырлардан кейін қирағаны, кейбірі жойылып кеткені саған қандай ой салады? Қазақстанда
ғажайып құрылыстар, табиғат ғажайыптары жеткілікті. Адамзат оларды сақтамаса, олардың
да бірнеше жылдар немесе ғасырлардан кейін жойылмасына кім кепіл? Оларды сақтап қалу
үшін қандай ұсыныстарың бар?» деген мәселелер бойынша жұмыс істейді. Осы туралы
толғамдары мен ойларын жинақтап, Мәдениет министріне хат жазады.
Әдеби тілнормалары бойынша жоғарыда жазған хаттарындағы бірге, бөлек, дифис
арқылы жазылған сөздердің емлесін түсіндіреді.
Үй тапсырмасында «Әлемнің жеті кереметі» тақырыбына эссе жазады. Келісу-келіспеу
себептерін нақтылап жазу қажет.