Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаттары 6.4.5.1 – қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін
(даралаушы) түсінеді, дұрыс қолданады.
Сабақ мақсаты Оқушылардың барлығы орындай алады: қазақ тіліндегі тыныс
белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тыныс белгілерін дұрыс
қолданады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады: шығармашылық жұмыстарда
тыныс белгілерін дұрыс қолданады.
Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: күйші, биші, әнші, батыр, ғалым болсам,
бәйгеден озып келу, ғылым керек.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: меніңше, өлең мазмұнына сүйенсем, жолдастарымның пайымдауынша, сонымен, сөзімнің түйіні мынадай, т.б. Алған ақпаратты топ ортасында еркін талқылайды.
Жазылым бойынша ұсыныстар: мәтінде берілген мәліметті қорытып,
ойды жалғастырып айтады, тілдік бірліктерді нормаға сай жазады,
тыныс белгілерін дұрыс қояды.