§8. Александрия шамшырағы Бұл тақырыпта ескі жеті кереметтің ішіндегі Александрия шамшырағы туралы мәлімет
алады. Мәтінді іріктей оқи отырып оның қандай мақсатта салынғанын, оның жеті кремет
қатарына кіру себептерін түсіндіруге тырысады. Қарапайым жоспар құру арқылы негізгі
ақпараттар мен қосымша ақпараттарды саралай алады. Ақпарат бойынша сұрақ дайындап
және сұрақтарға жауап бере алады.
Әдеби тіл нормалары бойынша орфографиялық сөздіктен қарап, жақша ішінде берілген
сөздерді бөлек, бірге не дефис арқылы жазу тапсырмасы берілген.
Үй тапсырмасына ғаламтор көздері мен энциклопедиялардан жаңа дәуірдің жеті
кереметі туралы мәлімет жинап, хабарламалық эссе жазады.