Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет33/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144
41


тілінде аңырақай (открытый) сөзінің түбірі қырғызша аң 
(яма), осыдан аңырай, аңқай (разинуть рот) сөздері жасалған
якут, маньчжур тілдеріндегі аңа (открытый, отворенный) сөзі де 
осы сөзбен бір бірден деп қарайды70. К.К Юдахин сөздігінде аң 
сөзініңбірінші мағынасы «яма, промоина, обрыв (длиный)» деп 
беріледі де, «аңырақай» сөзі «что-либо имеющее вид большой 
расщелины, большое пустое пространство (напр. очень широ­
кое ущелье)» деп түсіндіріледі71.
Сөйтіп, сөздің түбірі конкретті мәнінде қырғыз тілі табылса, 
одан жасалған аңырай сөзі қазак тілінде бар. «Есік аңырайып 
жатыр» дегенде «ашық жатыр» дегенді білдіреді. Сөздің этимо- 
логиясын былай көрсетуге болады: аң (түбір)+ыр (зат есімнен 
еті туғызатын жүрнақ)+а (көсемше жүрнағы)+қай (етістіктен 
зат есім жасайтын көне жүрнақ).
Сөздің түбірі түркі-монғол тілдерінде аң/он/онг екендігіне 
жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа көне түркі тіліндегі 
аңут (воронка для разливания вина) сөзі72, бурят-монғол 
тілдеріндегі онгогор (1) раскрытый зияющий, 2) разинутый - о 
рте), онгойхо (1) раскрываться, открываться, отворяться; 2) ро­
тозейничать) сөздері дэлел бола алады73„
В. М. Иллич-Свитычтың зерттеулеріне қарағанда урал 
тілдерінде «аңа» рот, отверстие; разевать, открывать»; дра­
вид тілдерінде апк /а/ - «разевать рот» алтай (түркі-монғол) 
тілдерінде аңа - «разевать, открытый»74. Бүл факті сөз түбірінің 
түркі-монғол тілдеріне ортақ екенін көрсетіп қана қоймай, оның 
тегі әріде, ностратикалық тілдерде жатқанын байқатады.
70 
Б. О. Орузбаева.
Словообразование в киргизском языке. Фрунзе, 1964, 
стр. 138.
71 
К. К. Юдахин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет