Біз бүл арада олардың бәрін қайталамай-ақ топонимдердің
қалыптасуы мен оның этимологиясын қатыру әдістері жөніндегі
зерттеу үстінде туған кейбір
ойларымызды баяндауды жөн
көрдік.
Топонимика мәселелерімен көп уақыттан бері түрлі ғылым
өкілдері шұғылданып келеді,
сондықтан да оның барлық
ғылымдар үшін бірыңғай және универсалды методы болған жоқ.
Топонимдерді географтар, тарихшылар, тіл мамандары т. б. өз
қажетіне қарай зерттеді, өз мақсатына пайдаланды.
Алайда топонимдер
тіл құбылысы болғандықтан, ең алды-
мен тіл ғылымының пәндері арқылы зерттелуі керек. Бірақ
тіл маманы топонимдерді жеткілікті гылыми дэрежеде зерт
теу ге көңіл қойса, онда топонимдердің мағынасын қүрылымын,
этимологиясын және басқа жақтарын зерттеу үшін
география,
тарих, археология, этнография кей реттерде биология, геоло
гия гылымдарының да деректерін пайдалануга міндетті.
Егерде
география және тарих мамандары топонимика мәселелерімен
шұғылданса, онда олар топоним жасалудағы жэне екінші
бір тілде өзгеріске түсуіндегі
фонетикалық, грамматикалық
заңдылылықтарды білулері қажет, өйткені онсыз топонимдердің
көне формасы мен этимологиясын және өзге тілдерден қалган,
болмаса
енген
топонимдердің
адаптацияланған,
немесе
бұрмаланган түлғаларын ашу мүмкін емес. Егер бүл айтылган-
дар еске алынбаса, топонимдерді этимологиялық жагынан зерт
теу не «лингвистикалық», немесе тек «географиялық», немесе
«тарихтық» қана болып қалады. Олай болса, топонимика соңғы
15-20 жылда география, тарих
және лингвистика ғылымдары-
ның түйісуінен жеке ғылым ретінде қалыптаса бастағанын
ескерсек, жер-су аттарының этимологиясын ғылыми терең зерт-
теу үшін топонимист болу керек. Бұл мәселенің жалпы жагы.
Его же:
Достарыңызбен бөлісу: