ықтимал. Атаудың этиологиясы туралы бұдан бұрынғы бір
мақаласында ол былай деп жазған болатын: «Осы айтылған
территорияда Архат, Бүрхат деген қатар жатқан екі тау бар. Ар-
хат батыс жағында да, Бүрхат оның шығысында, алдыңғысы
соңғысынан анағұрлым үлкен. Монгол тілінде
аргат - айла-
лы, әдісті деген сөз. Ал,
бүрхат сөзі монғолдың
бүр (өте, тым),
хатан (беріктік, қайтпас, қайсарлық) деген екі сөзінен бірігіп,
екіншісінің соңғы дыбыстарының түсіп қалуы арқылы пайда
болуы ықтимал» (Ж. Болатов. Семей облысының... қазақтар
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазак тілі тарихы
мен диалектологиясының мәселелері». Жинақ, 2 шығуы, 1960,
123 беті). Ж. Болатовтың бүл талдауы ешбір қисынға келмейді:
біріншіден, «айлалы, тым берік» деген сөздер тау атына
койылмайтынын, екіншіден, топонимдерге оган үқсас сөздерді
жапсыра салғанмен сөз этимологиясы ашылмайтынын автор
ескермеген.
Ал Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бүл атау монғолдың
Достарыңызбен бөлісу: