ыр 1) праздник, 2) праздничный; байырлал «торжество, празд
ник» (Тувинско-русский словарь. М., 1955, стр. 80). Демек бай
түбіріне әрі есімше, эрі жаңа сөз жасайтын көне -ыр жұрнағы
қосылып тува тілінде байыр сөзін жасаса, оған етістікке -ақ
жүрнағы қосылып, бай/ы/рақ зат есімін тудыруы да заңды.
Тува тіліндегі байыр+лал (торжество, праздник) туынды сөзі
де осыған ұқсас.
Қорытындылай келгенде атау этимологиясы мынадай:
бай+ыр+ақ>байрақ+күм>Байракқүм. Яғни мағынасы «бәйге
қүм», «той өтетін жер». Қызылорда облысындағы Бәйгеқүм
станция атауы да осы пікірді дәлелдей түседі. Мүндай типтес
атау Түркменияда бар: «Байраклыдепе - Кака ауданындағы
ескі қала. Кәриялардың сөзіне қарағанда, ат жарыстырғанда,
аттарды сол жерде қоя жіберетіндігі және бәйгесін сол жерде
берілетіндігі үшін оған осындай атау беріліпті» (С. Атаниязов.
Түркменстанның топонимик сөзлуги. Ашгабат, 1970, 39 бет).
БАЙЫНҚОЛ - Алматы облысы Нарынқол ауданындағы
өзен аты. Бүл монғол тілінен енген гидроним. Байынқол
монғолша екі сөзден қүралған: байын - бай, қол - өзен де-
79
ген сөз. Э.М. Мурзаев мұндай атаулар Монголияда, Синцзянда
жиі кездесетінін айтады (Э. М. Мурзаев. Природа Синьцзяна...
М., 1966, 336 бет). Осы гидронимнің қурамындағы «бай» сөзі
ертедегі түркі-монғол тілдерінің туыстығынан қалған ортақ
элемент болуы да ықтимал. Бұл өлкеде монғолдың нарийн
(жіңішке) қол (өзен) деген сөздерінен жасалған Нарынқол
өзенінің аты бар. Ендеше бұл ауданда монгол сөзінен жасалган
топонимдерді кездейсоқ деуге болмайды.
БАҚАНАС - Алматы облысындағы Іленің Балқашқа құяр
маңындағы жер, село, аудан аты, Семей облысында Шыңғыс
тауынан басталып, Алакөлге жетпей курдымға айналатын
өзен аты.
Топонимист Е. Қойшыбаев Ағанас, Бақанас, Балқаш т. б.
гидронимдердің түбірі түркі тілдерінікі, ал -«ас», -«аш»,
«ес» угор тілдерінің өзен терминін білдіретін көрсеткіші деп
қарайды (Е. Койчубаев. Основные типы топонимов Семиречья.
Автореферат канд. дисс, 1967, стр. 13-15). Автордың сөз түбірі
түркі тілдерінен деген пікірі дүрыс, бірақ қосымшалары угор
тілдерінен дегені, біздіңше, талас тудырады.
Филология ғылымының докторы Ж. Болатов сөз этимоло-
гиясы туралы мынадай бір сөйлеммен қысқа тұжырым ай-
тыпты: «Бақанас - монгол, қалмақ тілдерінде бақана - бақан,
с - көптік мағынаны білдіретін жүрнақ» (Ж. Болатов. Тураты
селосында туратын қазақтардың тіліндегі кейбір ерекшеліктер.
Сб. «Исследования по тюркологии». Алма-Ата, 1969, 237 беті).
Бақанас сөзінің терминдік мағынасы туралы П. Устименко
мен М. Өтемағанбетов мынадай көңіл аударлық пікір айтыпты:
«Русло реки (Или) часто разветвляется на протоки, разделен
ные островами, заросшими кустарниками и камышом. Долина
реки сужается только в районе Капчагайского ущелья, затем
она становится равнинной. Или впадает в Балхаш несколькими
рукавами (баканасами), образуя обширную дельту» (П.Д. Усти-
80
меню, М. М. Утемагамбетов. Физическая география Казах-ской
ССР. Учебник для 7 кл. Алма-Ата, 1972, стр. 67).
Соңғы авторлардың пікірі дұрыс, өйткені Бақанас село-
сы тұрган жерден әрі Балқашқа қарай Іле өзені көп тармаққа
бөлініп кетеді.
Біздің ойымызша, сөз түбірі - бақан//бахана//бахн// бага-
Достарыңызбен бөлісу: |