Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет50/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144
65


-Ты, -ті жұрнақтары қазіргі қазақ тілінің заңы бойынша 
-лы//-лі, -ды//ді түріне айналып, Алматы емес Алмалы, 
Шідерті емес Шідерлі, Өлеңті емес Өлеңді түрде болуы ке- 
рек еді. Бірақ олай болмай -ты//ті жұрнақтарының сақталуы 
көне қазақ тілінде де мұндай форманың болғандығын жэне 
оның өзі қазіргі -лы//-лі, -ды//-ді варианттарының ең ескі түрі 
екендігін дәлелдейді.
Бұл жұрнақ жөніндегі Г.И. Рамстедттің мына пікірі көңіл 
аударарлық «Тюркскому аффиксу - lig «чем-либо снабженный» 
отвечает по своему образованию на - tu. В монгольском языке 
- tu как продуктивный словообразовательный элемент прила­
гательных встречается обычно только при именах, в частности 
в топонимике» (Г.И. Рамстедт. Введение в алтайское языкозна­
ние. М., 1957, стр. 205).
Бұл айтылғаннан монгол тіліндегі - tu жұрнағы түркі 
тілдеріндегі -лық//лік, -лы//лі, ты//ті, -ды//ді т. б. варианттағы 
жұрнақгарға сай келетіиін байқаймыз. Ал түркі тілдеріндегі 
-ты//ті жұрнағы ең көне түрі екені жоғарыда айттық.
Қорьгга келгенде Алматы топонимі екі компоненттен 
тұрады: Алма (жеміс)+ты (көне түркі - монғол тілдерінде бір 
нәрсенің барлығын білдіретін туынды сын есім жүрнағы). 
Ендеше -ты/ті жұрнағы түркі-монғол тіл ортақтығы заманын- 
да жасалып, өзінің осы көрінісін Қазақстан топонимдерінде 
сақтаған деп қорытамыз.
АЛТАЙ - Шығыс Қазақстанды, Монғолияны жэне Қытайды 
алып жатқан тау аты. Бүл оронимнің этимологиясы туралы 
В.В. Радлов алтай сөзі телеуіт, алтай, лебенді, сағай, қойбол 
тілдеріндегі ал (биік)+тайға (тау) сөздерінен жасалған дейді 
(В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. Том 1, часть 1).
Ғ Қоңқашпаевтың пікірі бойынша, бұл монғолдың ал т 
(алтын) сөзі мен тай («-та», «-ты») жұрнағының қосылуынан 
(алт+тай>алттай>алтай) жасалған. Оның мағынасы - «ал- 
тынды», «алтыны бар жер, тау». Алтайдың «алтынды» де-
66


ген аты оның мазмұнына сай, өйткені ол жерде ертеден алтын 
өндіріледі. Алтайдың қытайша аты - Цзин-шань (алтынды тау) 
сөзі де осы мазмұндас (Г. Конкашпаев. Географические на­
звания монгольского происхождения. Известия АН ҚазССР. 
Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 88 б.).
Э.М. Мурзаевтың пікірі бойынша, Алтай монғолдың «тау- 
лы ел», «бай тау» деген сөзі. Алтай сөзінің төркіні Алатау аты- 
мен де байланысты болуы мүмкін. Сол сияқгы Алтай тауларын 
монғолдар Алтайын - Нуру деп атайды, сондықтан ол алтын 
сөзімен де байланысты болуы ықтимал (Э.М. Мурзаев. Природа 
Синьзяна... М., 1966, 337 беті).
В.А. Никонов бұл оронимнің этимологиясы хақында былай 
деп жазды: «Алтай - из тюрк, алатау «пестрые горы», т. е. горы 
с различными растительными зонами, безлесными скалами и 
снежной шапкой. По другой гипотезе, из монгол, и тюрк, ал- 
тан «золото». В.В. Радлов предлагал ал - тайга «огромный гор­
ный лес». М. Рясенен ал - той «огромная гора» (В.А. Никонов. 
Қраткий топонимический словарь. М., 1966, стр. 21).
Біздіңше, Алтай тауыньщ этимологиясы жөнінде Б.Я. 
Владимировтың пікірі ойға қонымды. Ол Орхон жазуларынд- 
агы Алтун йыш Алтай атауының коне түрі деп қарайды. Оның 
зерттеуіне қараганда сөздің түбірі ескі монгол тіліндегі алтан 
(көне түркіше алтун), осыган журнағы қосылып, алтай (зо­
лотой) сөзін жасаған. Монгол тілінде сөз аягындагы н дыбы- 
сы жұрнақ жалганганда түсіп қалатыны белгілі жәйт. Будан эрі 
Б.Я. Владимиров былай деп жазады: «В применении же к 
Алтайским горам употребляется исключительно форма altai 
«золотой», доставшаяся монголам по наследству от древних 
времен, когда суффикс -i был еще живым.
Монгольская форма altai (>алтае, хан алта) вытеснила из 
употребления древне-тюркскую altun yis, ср. тюрк.: алт., шор. 
алтаі, русск. Алтай etc. (Б.Я. Владимирцов. Географические
67


имена орхонских надписей, сохранившиеся в монгольском. 
«Доклады АН СССР», 1929, - В, № 10, стр. 170).
Біздің ойымызша сөз түбірі - түркі-монғол ортақтығын 
көрсететін алты//алта. Ал бүған й жүрнағы қосылып, сын есім 
жасаған. Мағынасы орысша - «золотой» дегенге келеді.
Белгілі тюрколог Г. И. Рамстедт монгол тіліндегі - аі сөз 
тудыратын жүрнақ, оған түркі тілдеріндегі - а жүрнағы сай 
деп көрсете келіп, мынадай мысалдар келтіреді: «монғ. turei 
«голенище», тюркс. tize, «колено», казах, tize. монг. orai 
(др. - монгол, һогай) «макушка, вершина», калм. ога, тунг, horo 
ого» и т. д. Г.И. Рамстедт бүл жүрнақ - gai - қай жүрнағының 
варианты болуы ықтимал дейді (Г. И. Рамстедт. Введение в ал­
тайское языкознание. М,, 1957, стр. 182-183).
Осы келтірілген материалдардың негізінде біз -ай, -й 
жүрнағы ертеде түркі тілдерінде де болуы ықтимал деп 
есептейміз. Ендеше Алтай атауы көне түркі-монгол тілдеріндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет