пақараларынан көшіп келген қалмақтардыц жаңа бір тобы келіп
жүретін (Труды Оренбург, уч. Арх. комиссии. Вып. VII, Иссле
дования Н. Чернявского, Вып. 4, Оренбург, 1900, 43-беті). Сол
себептен, қазақтар Гурьевтің орнында салынған үйшікті көре
қоюы мүмкін емес еді. Ендеше
үйшік не деген сөз?
Біздіңше,
бүл сөз орыс тіліндегі
учуг деген сөзбен түбірлес.
Учуг деп осы
Гурьев қаласында Жайық өзеніне орнатылған балық аулайтын
тастан салынған кедергіні айтатын болған. Учугтің салынуы
жүздеген адамның күшін керек еткен. Учугті пайдалану,
неме-
се оны жалға беру мемлекет тарапынан қолға алынып отырған.
Гурьевтегі учуг арқылы орасан көп балық ауланатын болған.
Атақты зерттеуші Петр Палластың жинаған мәліметтері бой-
ынша, бүл учуг маңында балықтың көптігі сондай - балықтың
сығылыс итерген күшінен учугтің қирау қаупі болган. Сол се-
беп тен, учуг
маңындағы балықгарды сейілтіп, үркіту үшін
зеңбіректен дүркін-дүркін оқ атып түратын болған (Брокгауз,
Ефрон, ЭС, том XXXV, СПб., 1902,122-123-беттер). П.И. Рычков
та 1762 жылы жазылған еңбегінде Гурьевте учугтің болғанын
айтады (Рычков, ТОГ, Оренбург, 1887, 252-бет).
Сөйтіп, учуг үлкен
объектінің аты болғандықтан, Гурьев
қаласының қазақша аты осы учугке байланысты алынған болу
керек. Жоғарғыдай бүл сөзді казақгың
үйшік деген
сөзімен
үқсататын аңыз халықтық этимологиядан туған. Қорыта кел-
генде, бүл объектінің аты -
Гурьев те, Үйшік те орыс тілінен
енген сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: