Чим//шым//чимин//чемен сөздерінің жоғарыдағы тілдерге
иран тілдерінен ауысты дейтін екінші бір дәлел - бұл сөз
Сібірдегі түркі халықтарьгаа тарамаған. Мысалы: алтайша дьон
(]бн) дерн, туваша ширик - дерн, хакасша чар - дерн, якутша
кырыс - дерн (қазақша жер қыртысы дегенмен салыстырыңыз).
Мүнда көрсетілгендей тува тіліндегі ширик сөзі монғолдың
ширэг (дерн) деген сөзінен. Бір қызығы
м о н г о л
тілінде шым
(дерн) сезін ширэг, ширэгтәй хөрс, жим деп атайды (Дамдин-
229
сүрэн, А. Лувсандэдэв. Орос-могол толь. Улаанбатар, 1967, 184
беті). Екінші сөзбен айтқанда жим (шым) сөзі иран тілдерінен
монгол тіліне де енгенін дэлелдейді.
Қорыта келгенде, жоғарыда көрсетілгендей В.В. Радловтың
чимсөзіне 1) растение, дерн 2) л у г;« а л ч е м е н сөзіне 1)луг,дерн;
2) «божья трава, греческое сено» деген мағыналар беруі тегін
емес. Қала құрылган кездің өзінде де бұл сөздердің мағынасы
бір-біріне жақын қолданылып жүрген. Сондықтан сол кездегі
нұскаларда Чимкент//Чымкент//Чименген//Чиминкент бо-
лып жазылып жүрген. Мұндағы чим, чемен сөздерінің шым
(дерн) деген мағынасынан «өсімдік», «көкшеп», «көк майса»
деген магыналары басым. Сондықтан Чимкент//Чимнкент//
Чеменген формалары казақша Шымынкент>Шымнкент
>Шымкент түріне көшкен деп қараймыз. Мағынасы: «өсім-
дікті қала, көк майса қала». Ал атаудың екінші компоненті -
кент иран сөзі екенін дәлелдеп жатпаймыз (Ғазалкент атауын
са лыстырыңыз).
ШЫҢҒЫСТАЙ - Шығыс Қазақстан облысының Боль-
шенарым ауданындағы жер, село аты. Осы жерде экспеди-
цияда болған Ж. Болатов бұл атаудың этимологиясы жөнінде
былай деп жазды: «Бұл жер бұрын Ш ә ң і с т а й деп атала-
тын. Бүл жерде ш э ң і с деген түбінен басына дейін буын-
буын болып келетін ағаш көп өседі. Шэңістен таяқ жасалады.
Жергілікті халық ш э ң і с монгол сөзі дейді. Шынында монгол
тілінде цэнгіс жимс деп қышқыл дэмді, қызыл жидекті ағаш
тұқымдас өсімдікті (клюква) айтады. Ал тай сөзінің таулы
О р
ман деген мағынада тайгадан алынғандыгы жоғарыда айтылды
(Ж. Болатов. Шығыс Қазақстан облысындагы қазақтар тіліндегі
жергілікті ерекшеліктер туралы. «Қазақ тілі тарихы мен диа-
лектологиясының мәселелері», 5 жинақ, 1963, 185 беті).
Ж. Болатовтың атаудың түбірі туралы айтқан пікірі бізше де
дұрыс. Өйткені цэнгэс жимс - монгол тілінде жидек өсімдігінің
230
бір түрі ;(С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Улан-
батор, 1954, 342 бет).
Ал Ж. Болатовтың -тай қосымшасы тайга сөзінен алынды
деуі, біздіңше, дұрыс емес. Бұл - монгол тіліндегі туынды сын
есім жасайтын көне жұрнақ.
Көрнекті тюрколог, алтаист Г. И. Рамстедт түркі тілдеріндегі
lig (қазакша -лы/лі, -ды/ді, -ты/ді) жұрнағы мен монгол тіліндегі
- tu, тунгус тіліндегі -сі журнақтарын туыстас деп қарайды.
Сонымен қатар ол монгол тіліндегі топоним жасайтынын
баса көрсетеді. Г. И. Рамстедт бұл журнақ туралы бұдан әрі
былай деп жазады: «Окончание ta ( во всех монгольских диалектах как окончание притяжатель
ных прилагательных, а также в функции падежа» (Г.И. Рам
стедт. Введение в алтайские языкознание. М., 1957, стр. 205).
Г.Д. Санжеев бұл жұрнақ жөніндегі жогарғы Г.И. Рамстедттің
пікіріне мынадай түзету жасайды: «в монгольских язьпсах при
лагательные на -tu, tu, -tai и -tei не являются притяжательными,
они имеют скорее противоположное значение, например: usutu
«имеющий воду» и «водный», но не «принадлежащий воде»
(Г.И. Рамстедттің жоғарғы еңбегінің 230 бетіндегі 34-ші
ескертпені қараңыз).
Г.И. Рамстедт монгол тіліндегі -tai жұрнағы tu+ai журнақ-
тарының қосылуынан жасалган деп қарайды.
Сонымен қорытындылай келгенде түркі тілдеріндегі -ты
(ті, -ту/тү, -ды//ді, -лы//лі т. б.) журнағы мен монгол тіліндегі
-tai жасайды да, сол нәрсенің барлығын білдіреді (Қ андағатай,
Сөгеті, Сілеті, ¥ л а с т ы , Ш абарты атауларын қараңыз).
Ы ЗБ А Н - Қостанай облысы Жанкелдин ауданындағы
«Ақкөл» совхозы орналасқан жер аты. «Ман» қосымшаларына
аяқталган Қазақстандағы жер-су аттары жөнінде жазган
мақаласында С. Нұрқанов бүл формата аяқталған атаулар-
ды ирандікі деп қарайтыи проф. А.П. Дульзон мен В.Н.
231
Попованың пікірлерін сынға алады. Автор Ы з б а н атауы екі
элементтен тұрады <ыз+бан) деп карайды. Оның пікірінше ыз
компоненті уз>ыз өзгерісін басынан өткізген, ал уз - ертедегі
ру тайпа аты. Ал екінші -бан элементі «қазіргі қазақ тіліндегі
маң, маңай сөздерімен, әсіресе бұлардың көне түлғасы және
көне мағынасымен төркіндес». Ман//ман>бан өзгерісіне қалай
түскендігі жөнінде С. Нұрқанов былай деп жазады: «Сонымен
бүгінгі тілімізде - м а ң түрінде колданылып жүрген ежелгі м аң
сөзі қай кезде және қалайша бан (м//б) кейпіне түсіп кеткен?
Бұл құбылыс XI ғасырдан бергі уақытта, яғни қазақ тілінің
өзіне ғана тән фонетикалық жүйенің түкпілікті қалыптасу
дэуірінде болған өзгеріс деп шамалаймыз. Өйткені, қазіргі
тіліміздегі а з б а н сөзі Махмуд Қашқари сөздігінде (1 том, 150
беті) а з м а (піштірілген кошқар) түрінде келтірілген. Демек, ол
кезде «з» дыбысымен көрші орналасқан «м» фонемасы қазіргі
қазақ тіліндегідей болып «б» дыбысына элі айнала қоймаған.
Осыған қарағанда бүгінгі «көзбен (көру)», «ауызбен (айту)»
тұлғасында болмағы ықтимал. Қысқасы, орта ғасыр түрікте-
рінің тіліндегі «зм» дыбыс тіркесінің орнын қазіргі қазақ
тілінде «зб» дыбыс тіркесі басқан, Туысқан өзге түрік тілдерінен
басты айырмашылықтарымыздың бірі, міне, осы тарихи
фонетикалық қүбылыста жатыр. Сондықтан этнолингвисти-
калық ізденістерде мүны үнемі ескеріп отыру - аса қажет шарт»
(С. Нұрқанов. Қазақ жер-су атауларындағы «ман» қосымшасы-
ның төркіні туралы. «Қазақстан мектебі» журналы, № 8, 1967,
83-85 беттері).
С.
Нүрқановтың жоғарыдағы пікіріне қосыла отырып, мына
бір жағдайларды ескерте кеткіміз келеді. Автор А.П. Дульзон
мен В.Н. Попованың қүрамында -ман элементі (кейде бұл
-ман элементі емес - А. Ә.) бар деген сөздер бір арнадан, Иран
тілдерінен шьщты деген пікірлерін орынды сынай отырып,
өзі де осындай ыңғайға үшырағанын байқамай калады.
Мәселен, С. Нүрқановтың Ы з б а н , ¥ й ы қ м а н атауларын тал-
232
дауы өте орынды. Ал бүлардың қатарына Қараспан, Ереймен
атауларын қосуы орынсыз. Өйткені жоғарғы атаулардың автор
екі компонентін де талдап көрсеткен Қ а р а с п а н , Е р е й м е н
дегендердің Қ а р а с , Е р е й деген бөлімдері не екені айтпаған.
Ал шындығында бұлардың құрамында жеке - п а н , - ме н эле-
менттер жоқ болуы да ықгимал. Мәселен, Қараспан атауы мен
сол маңдағы Адыраспан атауын салыстырсақ та жеткілікті. Бұл
екеуі де тау аты. Ендеше оның құрамындағы «тау» мағынасында
қолданылған аспан сөзінен -пан элементін бөліп алуға болмай-
ды. Ендеше мұндағы - п а н сырттай ұқсастық, ол а с п а н деген
түбірдің ішінде. А.П. Дульзонның -ман элементі деп жүргенінің
табиғаты эртүрлі сөздер болуы ықтимал екенін кейбір топони-
мистер айтқан болатын-ды. Ендеше Қараспан атауындағы -пан
жеке сөз емес екенін, оның табиғаты -ман элементіне қатысы
жоқ екенін байқаймыз.
Атаудың бірінші уз>ыз компонентін автор ру-тайпа аты
дейді де, қай халыққа жататынын көрсетпейді. Біздіңше бүл
DC ғасырға дейін Сырдария бойын мекендеп, батысқа қарай
қозғалған угуз>уз тайпалары болса керек. Олар осы қозғалу жо-
лында Қостанай облысын басып өткені анық. Ендеше атаудың
бірінші компоненті осы халық атынан қалуы ықтимал.
Ы Р Ғ Ы З - Ақтөбе облысындағы өзен жэне аудан аты„
Ы р ғ ы з сөзін алғаш рет біздің эрамызға дейін өмір сүрген
Геродоттың еңбегінен көруге болады. Геродоттың еңбегінде
Ырғыз өзенінде Дарийдің болғандығы туралы мынадай
мәліметтер бар. Сол маңда мекендеген гелон, будин жэне со-
врамат тайпалары скифтерге көмектесіп, Дарийге қарсы
соғысқан. Бұлар жердің кеңдігін пайдаланып, өздеріне тиімді
әдіс қолданып, Дариймен тікелей соғыспай шегіне берген. Олар
жолындағы малға азық болатын шөпті құртып, адамға да тамақ
болатын ештеңе қалдырмай қашқан. Сонымен бүкіл скифия,
сармат жерінен еткенде, Дарий әскері ешкімге кездесе алмаған.
Ал будиндердің жерінде олар ағаш бекініске кездесіп, оны
233
өртеп жіберген. Дарий эскері будиндердің жерінен өткен соң
құмға келіп тіреледі. Бүл құмнан жоғарырақ жерде тиссагеттер
жерінде төрт өзен ағады екен, олардың аты - Лик, Оар, Тана-
ид және Гиргис. Соңгы өзеннің аты бұл арада қате кетіп, С и р
ги с деп, басқа жерлерде Гиргис деп жазылғанын Геродоттың
кітабын орыс тіліне аударған жэне түсінік жазған Ф. Мищенко
ескерткен болатын (Геродот. История в девяти книгах.. II том,
571 беті). Дарий осы жерге келгенде жорықты тоқтатып, Оар
өзенінін бойында біраз болтан. Ол өз эскерімен скифтерді қуып
жете алмаған соң, батысқа қарай кеткен (Геродот. IV, 120-123).
Осы оқиғаға байланысты жогарыда айтылған өзендер,
біздіңше, Елек (Лик), Ор (Оар), Ырғыз. (Гиргис) өзендері бол-
са керек. Оған екі түрлі дәлел айтуға болады. Біріншіден, бұл
өзендер будин, тиссагет, аргиппейлер мекен еткен жерлермен
көршілес жатыр, екіншіден, Елек, Ор жэне Ырғыз өзендерінің
аты осы күнге дейін сақталған.
Бұл үш өзеннің аты да, біздіңше, түркі сөздері. Ырғыз сөзінің
этимологиясы Чулым татарларының тілінденгі Эргизу (эрги+зуг
сөздерінен қысқартан) деген сөзбен түбірлес сияқты.
Бұл сөз туралы проф. Дульзон А. П. былай жазды: «На сред
нем Чулыме имеется населенный пункт Ергоза, расположен-ный
на старице. Кроме этого известны русские диалектные варианты
Ызырга, Иргаза. Топоним разъясняется из среднечульмского на
звания старицы, на которой расположен поселок: -зуг - старица
(буквально: «старая река»). В этом слове конечный звук отбро
шен, оставшаяся часть (эргизу), осмысленная как винительный
падеж, послужила основанием для создания аналогии формы
именительного падежа эргиз (А.П. Дульзон. Былое рассление
кетов по данным топонимики. Сб. Географические названия.
М., 1962, 52 беті);
Сөйтіп, Ы р ғ ы з а т ы екі сөзден құралған: е р г и (ертедегі)
Достарыңызбен бөлісу: |