Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет69/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

сарқырама сияқты сөздер осы -ма жүрнағы арқылы жасалған. 
Бұқтырма өзенінің аты Бүқтарма, болып айтылуына орыс тілі 
эсер еткен. Бухтарминская ГЭС. Өзеннің қатты ағысы, бүқтыра 
жұлқына ағуы атаудың мағыналық негізі болған. Сөйтіп бұл 
атау Бүқ+тыр+ма>Бүқтарма жолымен жасалған.
Г У Р Ь Е В (Үйшік) - Қазақстандағы қала және облыс аты. 
Қазақстан жерінде ерте орнаған қалалардың қатарына қазіргі 
Гурьев қаласы жатады. Ол XVT-XVII ғасырлардың арасында 
балықшы поселкесі ретінде пайда болған (КазССР, адм.-терр. 
деление на 1 янв. 1951 г. Алма-Ата, 1951, 43-беті; Б. С. Э., том, 
56, М , 1936, 240-беті; Б. С. Э., том 13, второе издание, 1952, 
217-беті).
Гурьев қаласының салынуы туралы Ф.А. Брокгауз бен 
И.А. Ефронның энциклопедиялық сөздігінде былай делінген: 
«Гурьев или Гурьев-городок. Основан в первой половине XVII в 
рыбопромышленником Гурием с сыновьями, устроившими 
здесь для защиты от нападений туркмен и ногайцев деревян­
ный острог, впоследствии замененный каменным (т. 9, а, СПб., 
1893, 918-беті). Бүл қала патша заңымен бекітіліп, 1640 жылы 
салынған. Сөйтіп, қаланың аты өзінің үлдарымен келіп қаланы 
салуға тікелей қатысқан Гурьев деген кісі атына қойылған.
Гурьевті қазақтар Үйшік деп атайды. Үйшіктің қойылуы 
жөнінде жергілікті адамдар мынандай аңыз айтады: «Баяғыда 
қазақтар осы маңнан кішкене үйшік көріпті, содан Үйшік 
қаласы аталыпты-мыс». Бұл аңызға сенуге болмайды. Үйткені, 
Гурьев қаласының салынатын кезінде қазактар Гурьев маңынан 
алшақ болатын. Гурьев маңында 1630 жылға дейін ноғайлар 
жүрді де, 1630 жылдан былай қарай Алтай тауынан және Қытай
98


пақараларынан көшіп келген қалмақтардыц жаңа бір тобы келіп 
жүретін (Труды Оренбург, уч. Арх. комиссии. Вып. VII, Иссле­
дования Н. Чернявского, Вып. 4, Оренбург, 1900, 43-беті). Сол 
себептен, қазақтар Гурьевтің орнында салынған үйшікті көре 
қоюы мүмкін емес еді. Ендеше үйшік не деген сөз? Біздіңше
бүл сөз орыс тіліндегі учуг деген сөзбен түбірлес. Учуг деп осы 
Гурьев қаласында Жайық өзеніне орнатылған балық аулайтын 
тастан салынған кедергіні айтатын болған. Учугтің салынуы 
жүздеген адамның күшін керек еткен. Учугті пайдалану, неме- 
се оны жалға беру мемлекет тарапынан қолға алынып отырған. 
Гурьевтегі учуг арқылы орасан көп балық ауланатын болған. 
Атақты зерттеуші Петр Палластың жинаған мәліметтері бой- 
ынша, бүл учуг маңында балықтың көптігі сондай - балықтың 
сығылыс итерген күшінен учугтің қирау қаупі болган. Сол се- 
беп тен, учуг маңындағы балықгарды сейілтіп, үркіту үшін 
зеңбіректен дүркін-дүркін оқ атып түратын болған (Брокгауз, 
Ефрон, ЭС, том XXXV, СПб., 1902,122-123-беттер). П.И. Рычков 
та 1762 жылы жазылған еңбегінде Гурьевте учугтің болғанын 
айтады (Рычков, ТОГ, Оренбург, 1887, 252-бет).
Сөйтіп, учуг үлкен объектінің аты болғандықтан, Гурьев 
қаласының қазақша аты осы учугке байланысты алынған болу 
керек. Жоғарғыдай бүл сөзді казақгың үйшік деген сөзімен 
үқсататын аңыз халықтық этимологиядан туған. Қорыта кел- 
генде, бүл объектінің аты - Гурьев те, Үйшік те орыс тілінен 
енген сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет