Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Информатиканы  оқыту  әдістемесі  педагогикалық



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

1.2.  Информатиканы  оқыту  әдістемесі  педагогикалық 
ғылым ретінде 
Жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  «Информатика  және 
есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуімен қатар педагогика 
ғылымының  жаңа  саласы  –  информатиканы  оқыту  әдістемесі  
(ИОӘ)  қалыптаса  бастады.  «Информатиканы  оқыту  әдістемесі» 
пәнінің зерттейтін нысаны  информатиканы оқыту болып табылады. 
Ғылыми  мамандықтардың  ресми  жіктелуі  бойынша,  қоғам 
талабына  сәйкес,  қазіргі  даму  кезіндегі  информатиканы  оқу 
заңдылықтарын 
зерттейтін, 
педагогиканың 
бұл 
бөлімі 
«Информатиканы  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі»  деген  жаңа 
атауға  ие  болды.  Әйтсе  де  қалыптасқан,  «Информатиканы  оқыту 
әдістемесі»  атауы  оқулықтарда,  нормативті  құжаттарда  әлі  де 
қоланылылуда.   
Информатиканы  оқыту  әдістемесі  жас  ғылым  болғанымен, 
негізсіз  қалыптаспаған.  Жеке  ғылыми  пән  бола  тұра,  қалыптасу 
кезеңінде  басқа  ғылымдардан  білім  жинақтап,  өз  дамуында  осы 
білімдерден  алынған  нәтижелерге  сүйенеді.  Ол  ғылымдар  – 
философия,  педагогика,  психология,  жас  ерекшелік  физиологиясы, 
информатика,  сондай-ақ  орта  мектептің  басқа  да  жалпы  білім  беру 
пәндерінің жалпыланған практикалық тәжірибесін атауға болады [27].   
Н.В.Софронова
1
 [44,16-б.]  айтқандай,  «информатиканы  қазіргі 
деңгейде  оқыту  ғылыми  білімнің  алуан  түрлі  салаларының 
мәліметтеріне сүйенеді: 
-
 
биологияға  (өздігінен  басқарылатын  биологиялық  жүйелер, 
мысалы, адам немесе басқа да тірі организм), 
-
 
тарих пен қоғамтануға (қоғамдық әлеуметтік жүйелер), 
-
 
орыс тіліне (грамматика, синтаксис, семантика және т.б.), 
-
 
логикаға (ойлау қабілеті, формалды амалдар, ақиқат, жалған), 
-
 
математикаға 
(сандар, 
айнымалылар, 
функциялар, 
жиындар, белгілер, әрекеттер), 
-
 
психологияға (түйсікпен сезіну, ойлау қарым-қатынас)». 
Адамзат  әрекетінің  барлық  саласы  ғаламдық  жағынан 
ақпараттандырылып,  информатика  ғылымы  басқа  ғылымдардың 
барлық салаларына енген заманда, информатиканы оқыту әдістемесі 
де кез келген ғылыммен байланысы бар екендігін ашық айтуға болады.  
Қазіргі  уақытта  Э.И.  Кузнецов,  М.П.  Лапчик,  С.А.  Жданов,  
М.В.  Швецкий,  И.А.  Румянцев,  А.А.  Малева  және  т.б.  өткізген 
                                                 
1
 Н.В.Софронова  –  профессор,  т.ғ.д.,  Чуваш  МПУ  информатика  кафедрасының  меңгерушiсі, 
көптеген оқулықтардың авторы.
 

 
13 
зерттеулердің  нәтижесінде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында 
болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындау құрылымы қалыптасты.  
А.М. 
Пискунов, 
Н.В. 
Кузьмина, 
В.А. 
Сластенина,   
Н.Ф.  Талызина  және  басқа  да  дидактиктер  мен  психологтардың 
жұмыстарында  мұғалімдерді  дайындап  жетілдірудің  негіздері 
көрсетілген.  Бұдан  информатика  пәнінің  мұғалімдерін  әдістемелік 
дайындау  мазмұны  мен  құрылысын  жетілдірудің  негізгі  бағыттарын 
тұжырымдап шығаруға болады: 
-
 
әдістемелік,  дайындықты  күшейту  бағытында  информатика 
мұғалімін кәсіпті  дайындау; 
-
 
мектепте  информатиканы  оқытудың  әдістемелік  жүйесін 
дамытуда қазіргі заман талаптарына сай келетін әдістемелік дайындау 
бағдарламаларын құру; 
-
 
информатиканы  оқыту  әдістемесінде  жеке  тақырыптарының 
мазмұнын,  әдістемелік  оқыту  жүйесінің  элементтерімен  толықтыру 
және дамыту. 
Информатика  мұғалімінің  кәсіптік  дайындалуының  үлгісі 
негізгі үш бөлімнен  құрылады. Олар: 
1.
 
Мұғалімдердің 
психологиялық-педагогикалық 
және 
әдістемелік дайындығын арттыру. 
2.
 
Жаңа  ақпараттық  технологиялармен  жұмыс  жасауда 
іскерлігін, бейімділігін, шеберлігін арттыру. 
3.
 
Информатика  және  есептеуіш  техника  саласында  базалық 
білімін және ғылыми дайындығын арттыру. 
Оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес  информатиканы оқыту 
әдістемесі пәні өзінің алдына  мына негізгі міндеттерді қояды [26]: 
-
 
информатиканы  оқудың  нақты  мақсаттарын,  оның  орта 
мектептегі  оқу  жоспарында  жалпы  білім  беру  пәні  ретінде  алатын 
орнын анықтау; 
-
 
практик-мұғалімге қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған 
оқытудың ең тиімді ұйымдастыру формаларын және ұтымды әдістерді 
ұсыну;  
-
 
информатика  және  есептеуіш  техниканы  оқытудың  барлық 
құралдарын 
(оқу 
құралдары, 
бағдарламалық 
құралдар, 
мультимедиалық  құралдар,  компьютерлер,  интерактивті  тақталар, 
т.с.с) қарастыру;  
-
 
мұғалімнің  практикалық  жұмысына  оларды  қолдануға 
нұсқаулар беру;  
ИОӘ пәнінің мазмұны екі негізгі бөлімді қамтиды:  

 
14 
-
 
жалпы  әдістемелік  бөлім  –  онда  информатиканы  оқыту 
әдістемесінің  жалпы  теориялық  негіздері,  бағдарламалық  және 
аппараттық жасақтамалар қарастырылады;  
-
 
жеке 
(нақты) 
әдістемелік 
бөлімінде 
мектептегі 
информатика  курсының  пропедевтикалық,  негізгі  және  бағдарлы  оқу 
кезеңдеріндегі басты тақырыптарды оқыту әдістемесі қарастырылады. 
Мұнда  қоғамның  алға  қойған  мақсатына  байланысты 
информатиканы  оқытудың  заңдылықтары  анықталып,  информатика 
дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі. 
Оқу  үрдісінде  оқушыларды  оқыту  нәтижелерінің  тиімділігі 
көбінесе  мұғалімдердің  кәсіптік  дайындығына,  педагогикалық 
шеберлігіне  байланысты.  Пәнді  меңгеру  нәтижесінде  болашақ 
информатика 
пәні 
мұғалімі 
білім 
беруді 
ақпараттандыру 
жағдайындағы мектептің жұмысына толық дайындалып шығуы тиіс.  
Қазіргі  уақытта  информатиканы  оқыту  әдістемесі  қарқынды 
даму  үстінде,  оның  көптеген  мәселелері  теориялық  жағынан  әлі  де 
зерттеуді талап етеді.  
Педагогика  ғылымының  осы  саласы  тұтас,  әрі  толық  бір  мәнді 
болу  үшін  информатиканың  барлық  деңгейде  оқытылуы  зерттелуі 
керек:  мектепке  дейінгі  кезеңде,  мектепте,  орта  оқу  буындарының 
барлық  типтерінде,  жоғары  мектепте,  информатиканы  өзінше 
оқитындар  үшін.  Жалпы  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  оқушыны 
дамыту. 
Осы 
мақсатқа 
сәйкес 
жас 
және 
педагогикалық 
психологиясында,  сондай-ақ  оқыту  теориясында  негізгі  орын  алған 
мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. 
1.3. Информатика пәнін орта мектепке енгізу кезеңдері 
Информатика оқу пәні ретінде барлық типтегі мектептерге 1985 
жылдың 1 қырқүйегінде енгізілді. Жаңа оқу пәні «Информатика және 
есептеуіш  техника  негіздері»  (ИЕТН)  деп  аталды.  Жалпы  білім 
беретін  мектепте  бұл  пән  жоғарғы  екі  сыныпта  оқытылды  (ол  кезде 
бұл 9-10-сыныптар болды). 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу  жоспарына  біртіндеп 
енгізілген, информатика пәні туралы мағлүмат ертеден белгілі болды. 
Бұл  процесс  оқушылардың  кибернетика  және  бағдарламалау 
элеметтерін  оқып  үйрену  тәжірибелерінен  басталады.  Білім  беру 
тарихында мектептің білім беру жүйесіндегі және қоғамдағы маңызды 
сапалы  қорларды  сипаттайтын,  толық  назар  аударарлық  бірнеше 
кезеңдер  ерекшеленеді.  Бұл  жинақталған  қорлар  (дүниетану,  оқу-
әдістемелік,  ұйымдастырушылық)  өткен  ғасырдың  1980-жылдардың 
ортасында  информатиканың  жеке  пән  түрінде  мектепке  енуін  және 

 
15 
қалыптасуын  қамтамасыз  етті [2,4-б.].  Орта  мектептерге  ИЕТН  пәнін 
енгізуінің алғы шарттарына қысқартып жалпылама шолу жасайық
1
.  
Мектеп 
информатикасының 
дамуында, 
оқыту 
парадигмаларының  ауысуы  және  оған  сәйкес  информатиканы  оқыту 
әдістемелік  жүйенің  өзгеруі  бойынша  бірнеше  (әдетте  үш)  кезеңді 
ерекшелеуге болады. 
Бірінші  кезеңде  (1950  жж.  ортасынан  1985  ж.  дейін)  өндірістік 
оқыту 
шеңберінде 
орта 
мектепте 
кибернетиканы 
және 
информатиканы  оқыту  курсының  екі  –  жалпыбілімділік  және 
қолданбалы  бағыттары  пайда  болды.  Жалпыбілімділік  бағытында 
оқыту  –  ақпараттық  процестерді,  табиғаты  әртүрлі  жүйелердің 
құрылысы  мен  басқарылу  принциптері,  ақпаратты  өңдеуді 
автоматтандыру  мәселелеріне  арналды  (9-10  сыныптар  үшін  
В.С.  Ледневтің,  А.А.  Кузнецовтың:  «Основы  кибернетики» 
факультативті  курстары).  Қолданбалы  бағыты  бойынша  –  жоғарғы 
сынып  оқушыларын  есептеуіш  техника  саласында  кәсіби  дайындау 
шеңберінде,  ЭЕМ  құрылымы  және  бағдарламалауға  негізделген  курс 
(В.М. Монахов, С.И. Шварцбурд және және б.) оқытылды. 
Екінші  кезең  (1985ж.  –  1980  жж.  аяғы)  мектептің  оқу 
жоспарларына  «Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері» 
міндетті курсын енгізумен (1985 ж.) сипатталады. Курсты оқыту үшін 
А.П. Ершов және В.М. Монаховтың жетекшілігімен авторлар ұжымы 
құрастырған бірінші оқулығы қолданынысқа енді (1.1-кесте).  
Үшінші  кезең  (80-жж.  аяғы  90-жж.  басы)  әртүрлі  авторлар 
ұжымы (В.А. Каймин, А.Г. Кушниренко, 
 
А.Г. Гейн) 
 
құрастырған үш 
оқулықтың  қолдануымен  байланысты.  Мектептерде  80-жылдардың 
аяғында  информатика  бойынша  ЭЕМ-ді  қолдануға  бағытталған 
оқулықтардың  және  оқу  бағдарламаларының  қажеттілігі  өсті.  Кеңес 
одағының  мектепті  компьютерлендіру  мәселесіне  көңіл  аударғанына 
«Информатика и образование» (ИНФО) деп аталатын жаңа   ғылыми-
әдістемелік  журнал  баспасының  пайда  болуы  куә  болады,  бұл 
журналдың  бірінші  саны  1986-1987  оқу  жылында  шықты.  Ал 
Қазақстанда  1992  жылы  Қазақстан  Білім  министірлігінің  ғылыми-
әдістемелік 
педагогтік 
«Қазақстан 
мектебі» 
журналының 
«Информатика,  Физика,  Математика»  атты  қосымшасы  жарық  көре 
бастады [2, 24 б.]. 
80-жж.  аяғынан  бастап  білім  берудің  барлық  деңгейлерінде 
информатиканы  оқытудың  мазмұны  маңызды  өзгерістерге  түсуде: 
бағдарламалауға  бөлінген  сағаттар  саны  азайып,  ақпараттық 
                                                 
1
 [2, 4-29 б.] қараңыз. 

 
16 
технологияларды  оқытуға  бағытталды.  «Әр  оқушыға  –  компьютерлік 
сауаттылық!» деген жаңа мақсат қалыптастырылды.   
Шын  мәнісінде  мектеп  информатикасының  тарихында  жаңа 
кезең  1993  жылдан  басталады.  Сол  жылы  Ресей  федерациясында 
базистік  оқу  жоспары  қабылданды.  Онда  нформатиканы  оқытуды   
7-сыныптан  бастап  оқыту  ұсынылды  және  пәннің  атауы  «ИЕТН»-нен 
«Информатика»-ға  ауысты.  Қазақстан  Республикасында  жалпы  білім 
беретін  мектептерде  оқытылатын  барлық  оқу  пәндері  бойынша 
алғашқы  білім  стандарты  мен  базистік  оқу  жоспары  (БОЖ)  1998 
жылы  жасалған  болатын.  Кейін  2002  жылы  қайтадан  Мемлекеттік 
білім  беру  стандарты  жасалынды.  Алдағы  уақытта  Қазақстан 
мектептерінің 12 жылдық оқытуға көшуіне байланысты информатика 
аумағында  мектепте  білім  берудің  орны  және  құрылымы  мәселесі 
дами бастады
1
.  
1.1-кесте. Информатика пәнінің даму кезеңдері  
 
                                                 
1
 [2, 109-115; 119-129 бб.] қараңыз. 
60-70 жж.  - 
информатика  кәсіптік  дайындыққа  дейінгі  арнаулы  оқу 
орындарында оқытылды. 
70-нің аяғы 
80-нің басы
.
 
-  информатиканы  мектеп  оқу  үрдісіне  енгізу  бойынша  жасалған 
жеке  эксперименттер  (Мәскеу,  Санкт  Петербург,  Новосибирск, 
Прибалтика) жүргізілді. 
1984 ж. 
«Мектептік  білім  беру  реформасы»  атты  Кеңес  Одағының 
Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  пленумы  болды. 
Информатиканы мектепте міндетті түрде оқыту мәселесі қойылды. 
1985 ж. 
қыркүйек 
-  информатика  мектептің  оқу  үрдісіне  енгізілді.  Осы  кезеңде 
«Бағдарламалау – екінші сауаттылық» атты ұран жарияланды. 
1992 ж. 
«Әр оқушыға – компьютерлік сауаттылық!» мақсаты қойылды. 
1996 ж. 
шілде 
Ресей  ЮНЕСКО  конгресінде  «Білім  беру  және  технологиялар 
саласындағы саясат» атты баяндама жасады. 
1996-
2000жж. 
- информатика пәндік саласын технологияландыру 
2001-
жылдан 
бастап 
12  жылдық  білім  беру  кезеңіне  көшу  басталды.  Информатиканы 
оқытудың 3 кезеңі ұсынылды:  
1) пропедевтикалық; 2) базалық; 3) – кәсіптікке дейінгі (сараланған) 
 

 
17 
1.4. Информатиканы  оқыту әдістемелік жүйесі 
Педагогикалық  білім  жүйесіндегі  информатика  курсын 
оқытудың    әдістемелік  жүйесі  бес  түрлі  өзара  иерархиалық  түрде 
байланысқан компоненттерден тұрады.  
Олар  :  пәнді  оқыту  мақсаты,  мазмұны,  әдістері,  түрлері  мен 
құралдары (1.2-сурет).  
1.2-сурет. Оқыту жүйесі компонененттерінің өзара байланысы 
Оқытудың әдістемелік жүйесі дегеніміз – оқушыны оқытудың 
тиімділігін  арттыруға  бағытталған,  оқу  процесінің  өзара  
байланысқан  және  бір-біріне  себепші  болатын  оқыту  түрлерінің, 
формаларының  және  жоспарлау  мен  өткізу  құралдарының,  бақылау 
мен  сараптаудың, түзетулерінің  реттелген жиынтығы [23, 322-б.]. 
Информатканы  оқыту  әдістемелік  жүйесі  –  оқыту  тәсілдерін 
алгоритмдеу, жүйелеу, мақсатты анық тұжырымдау негізінде мұғалім 
мен  оқушылардың  өзара  әр  алуан  әрекеттестіктерін  қамтиды. 
Сондықтан  жүйеде  үйретуші  (мұғалім)  –  сабақтардың  жетекшісі
ал, үйренуші (оқушы) – оқу объектісі болып табылады (1.3-сурет).  
Информатиканы  қазіргі  оқыту  әдістемелік  жүйесінің  өзіндік 
сипаттамалары [27]: 
-
 
оқу процесін ғылыми негізде жоспарлау; 
-
 
теория мен практикалық дайындықтың бірлігі; 
-
 
 оқу  материалын  оқытудың  жоғарғы  деңгейдегі  қиындығы 
мен оны жеделдете оқытылуы; 
-
 
оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше ізденімпаздығы; 
-
 
жеке және ұжымды іс-әрекетерді бірлестіру;  
-
 
оқу процесін техникалық оқыту құралдарымен жабдықтау; 
-
 
әртүрлі  пәндерді кешенді түрде оқыту  тәсілдері. 
Информатиканы  оқытып,  үйретудің  мақсаттары  жалпы  білім 
беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен 
білім  берудің  жалпы  мақсаттарымен,  сонымен  бірге  ғылыми 
Мақсат 
Мазмұны 
Оқыту 
құралдары 
Әдістері 
Ұйымдастыру 
түрлері  

 
18 
өзгешелігі,  қазіргі  қоғамдағы  және  ғылымдар  жүйесіндегі  алатын 
орнымен анықталады. 
1.3-сурет. Оқытудың әдістемелік жүйесі  
Құралда  информатиканы  оқыту  осы  ұстанымдардың  негізінде 
қарастырылады.  Информатиканың  әдістемелік  жүйесінің  негізгі 
компоненттерінің мазмұны мен өзара байланысы айқыналады.  
1.5. Мектепке информатика пәнін енгізудің мақсаттары мен 
міндеттері 
1.5.1. Жалпы және нақты мақсаттар туралы 
Білім берудің жалпы мақсаттарын, оның ішінде мектепте жалпы 
білім  берудің  мақсаттарын,  өзінің  заңды  қоры  негізінде 
педагогикалық  саясатының  жалпы  принциптерін  қалыптастыратын 
мемлекет  анықтап  белгілейді.  Бұл  бағытта  алдымен  білім  берудің 
гуманистік  сипаты,  жалпы  адамзаттық  құндылықтардың  жоғары 
тұруы,  адам  өмірі  мен  денсаулығы,  жеке  тұлғаның  еркін  дамуы, 
азаматтық  тәрбие  және  отанға  деген  сүйіспеншілік  бірінші  орында 
тұрады [2]. Сондықтан, мектеп алдына төмендегідей үш негізгі мақсат 
қойылады: 
1) білім беру; 
2) тәрбиелік; 
3) практикалық. 
НӘТИЖЕ 
САБАҚТАРДЫҢ  ЖЕТЕКШІСІ 
(үйретуші) 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оқытудың әдістемелік жүйесі 
 
Оқу процесін жоспарлау 
Құралдар  Формалары  Әдістері 
Оқу процесін тексеру, талдау 
және дәлдеу 
ОҚУ ОБЪЕКТІСІ 
үйренуші 
МАҚСАТ 
(әлеуметтік тапсырма)
 
Оқыту 
мазмұны 
Оқыту 
мақсаттары
 

 
19 
Енді  мектепке  тән  осы  негізгі  мақсаттардың  информатиканы 
оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік. 
1.  Мектепте  информатиканы  оқытудың  білім  беру  мақсаты  
әрбір  оқушыға  информатика  ғылымы  негіздерінің  алғашқы  іргелі 
білімін  беру,  оқушыларға  осы  білімді  мектепте  оқытылатын  басқа 
ғылымдардың  негіздерін  түпкілікті  және  сапалы  түрде  меңгеруге 
қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 
Информатика  ғылымының  жалпы  білім  берудегі  қызметі  өте 
жоғары.  Информатикадан  білім  негіздерін  меңгеру  оқушылардың 
жалпы,  ақыл-ойын  дамытуға,  олардың  ойлау  және  шығармашылық 
қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. 
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру  дамытушылық 
мақсаты  оқушының  шығармашылық  қабілетін,  жеке  тұлғалық 
қасиетін  қалыптастыруға,  ақыл-ойын,  ойлау  өрісін,  ынтамен 
дамытуға,  яғни  қызмет  субъектісі  ретінде  қалыптастыруға 
бағытталған. 
2.  Мектептегі  информатика  курсының  практикалық  мақсаты   
оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, 
олардың  мектеп  бітіргеннен  кейінгі  еңбек  етуіне  дайындығын 
қамтамасыз  ететін  білімдермен,  дағдылармен  және  іскерліктермен 
қаруландыру. 
Курстың  мақсаты  қолданбалы  және  теориялық  аспектілердің 
байланысын  жүйелі  түрде  ашып  көрсетіп,  алгоритмдеудің, 
бағдарламалаудың,  ЭЕМ-  нің  қазіргі  кезеңдегі  өндірістегі  рөлі  мен 
маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік 
бағдарлау  мақсатында  информатикаға  және  ЭЕМ  –  ға  байланысты 
мәліметтер,  ЭЕМ-ді  пайдаланатын  басқа  ғылымдар  жайында 
мәліметтер  берілуі  тиіс.  Мұнымен  қатар,  информатиканың 
практикалық  мақсатының  «тұрмыстық  аспектісі»  де  бар.  Ол 
күнделікті  өмірде,  тұрмыста  жастарды  компьютерлік  техниканы 
сауатты пайдалануға үйретеді. 
Қорыта  келгенде,  информатиканы  оқытудың  практикалық 
мақсаты  оқушыларды  практикалық  қызметке,  еңбекке,  басқа 
пәндерді  оқыту  процесінде  практикалық  есептер  шешуге  және  оны 
ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. 
3.  Мектептегі  информатика  курсының  тәрбиелік  мақсаты  өте 
зор.  Информатиканы  оқыту  барысында  ой  еңбегінің  мәдениеті  жаңа 
саналы  деңгейде  қалыптасады,  оқушы  өзінің  жұмысын  жоспарлай 
білу,  оны  ұтымды  орындай  білу,  бастапқы  жоспарды  оның 
орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар 
қасиеттер  де  қалыптасады.  Информатиканы  оқытудағы  алгоритмдеу 

 
20 
мен  бағдарламалар  құру,  оларды  ЭЕМ  –  де  орындау  оқушыдан 
ойлануды  және  шыдамдылықты  арттыруды,  көңіл  қоя  білуді,  көз 
алдына  елестете  білуді  талап  етеді.  Сонымен  қатар,  жеке  адамның 
табандылық,  алдына  мақсат  қоя  білу,  шығармашылық,  белсенділік 
көрсете  білу,  жұмысына  жаупкершілікпен  қарау,  сенімді,  тәртіпті 
болып, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. 
Алгоритмді  жазуға  дағдылану,  жауапкершілікпен  қарау,  жаңа  талап 
қоюды керек етеді. 
Сонымен,  информатиканы  оқытудағы  тәрбиелік  мақсат 
оқушыны  азаматтыққа,  адамгершілік  қасиетке  және  жоғары 
саналылыққа баулуға бағытталған. 
Информатиканы  оқып  үйренудің  жоғарыда  аталған  мақсаттары 
бір-бірімен  өте  тығыз  байланысты,  оларды  бір-бірінен  ажыратуға 
болмайды.  Оқушыларға  негізгі  жалпы  білімді  беріп  болмай, 
информатиканың тәрбиелік тиімділігін алуға болмайды.  
Мектепте  информатиканы  оқытудың  жалпы  мақсаттары 
нақты  оқу  процесіне  байланысты  нақты  мақсаттарға,  яғни  нақты 
тақырыптарды  оқыту  мақсатына  айналады.  Пәнді  оқытудың  нақты 
мақсаттарын  анықтау  жалпы  дидактикадан  басталады.  Қазіргі 
қоғамның    дамуына  байланысты  дидактиканың  көптеген  қағидалары 
өзгеріске  ұшырап  отыр.  Информатика  жас  ғылым  болғандықтан,  ол 
даму  үстінде.  Оны  мектепте  оқыту  мазмұны  да  әлі  қалыптасуда. 
Осындай  жағдайда  ғылыми  тұрғыдан  негізделген  мақсат  қана  оқыту 
мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді. 
1.5.2.  «Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері» 
пәнінің бастапқы мақсаттары мен міндеттері  
Мектепке  «Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері» 
пәнін  енгізудің  стратегиялық  мақсаты  мектепке  енгізілген  жаңа  оқу 
курсының 
алғашқы 
бағдарламаларында 
жарияланғанындай,  
«... жастардың есептеуіш техниканы жан-жақты және терең меңгеруі» 
еліміздегі  ғылыми-техникалық  прогресті  жеделдетудің  маңызды 
факторы ретінде қарастырылған [2, 32].  
«Информатика  және  есептеуіш  техника  негіздері»  пәнінің 
негізгі мақсаты: 
-
 
есептерді шешуді  ЭЕМ-де жүзеге  асырудың негізгі ережелері 
мен  әдістерін  және  есеп  шығару  үшін  компьютерді  қолданудың 
қарапайым шеберлігін қалыптастыру; 
-
 
оқушыларды  ЭЕМ-нің    қазіргі    қоғамдық  өндірістегі  рөлімен 
және есептеуіш техниканың  даму болашығымен таныстыру. 

 
21 
Орта  оқу  орындарында  информатиканы  оқытудың  нақты 
мақсатының  негізгі  сипаттамасы  ретінде  «Информатика  және 
есептеуіш  техника  негіздері»  пәнінің  бірінші  бағдарламасында 
оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы берілген.  
Компьютерлік 
сауаттылық 
түсінігі, 
компонеттері. 
Компьютерлік  сауаттылық  ұғымы  мектепке  «Информатика  және 
есептеуіш  техника  негіздері»  пәнін  енгізумен  бірге  қалыптасып, 
бірден  мектеп  дидактикасының  жаңа  ұғымдарының  қатарына 
қосылды.  Оқушылардың  компьютерлік  сауаттылық  талаптарын 
қалыптастыру әрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-ақ 
жасалынды  [2,32].  Жүйеленген  мазмұндамаларда  компьютерлік 
сауаттылықтың  компоненттері  мектепке  «Информатика  және 
есептеуіш  техника  негіздері»  пәнін  оқытудың  алғашқы  әдістемелік 
басшылығының  мұғалімдерге  арналған  нұсқасында  жазылды  [15,16]. 
Онда  оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығының  мазмұнын 
құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген: 

 
ЭЕМ-ге  арналған  алгоритмдерді  сипаттаудың  түрі  ретінде 
бағдарлама,  алгоритм  ұғымы,  оның  құрылымы,  алгоритмді  жазу 
әдістері 
мен 
тәсілдері, 
бағдарламалау 
тілдерінің 
бірінде 
бағдарламалау негіздері; 

 
ЭЕМ-мен қарым-қатынас  жасаудың  практикалық дағдылары; 

 
ЭЕМ-нің  құрылысы,  оның  негізгі  әлементтерінің  жұмыс  істеу 
принциптері; 
•  өндірісте  және  адамзат  іс-әрекетінің  басқа  салаларындағы 
компьютердің рөлі және қолданылуы. 
Айтылған  компоненттерді  талдау  компьютерлік  сауаттылық 
(КС)  ұғымының  пайда  болуы,  оқушылардың  алгоритмдік  мәдениеті 
(АлгМ)  ұғымына  ЭЕМ-мен  қарым-қатынас  икемділігі,  ЭЕМ-нің 
құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін білу, сонымен қатар, қазіргі 
қоғамдағы  ЭЕМ-нің  рөлі  сияқты  «машиналық»  компоненттерді  қосу 
арқылы  кеңею  нәтижесінде  пайда  болатындығын  көрсетеді  Бұл 
компьютерлік 
сауаттылық 
ұғымының 
алгоритмдік 
мәдениет 
ұғымымен  байланысы  жаңа  курстың  бағдарламасына  берілген 
түсініктемеде  анық  көрсетілді,  ол  курстың  міндеттерінің  бірі 
«сегізжылдық  мектептің  алгебра  курсының  алгоритмдік  бағытын 
аяқтау  және  жүйелеу»  [32,5-б]  және  ИЕТН  курсының  алғашқы 
әдістемелік  міндетінің  сапасын  анықтап  берген  мұғалімге  арналған 
әдістемелік  нұсқауларда  «оқушылардың  алгоритмдік  мәдениетінің 
компоненттерін  қалыптастыру  компьютерлік  сауаттылықты 
қалы
птастырудың  негізі  ретінде  қарастыру  міндеті  тұрды»  [16,3-б].
 

 
22 
Осы эволюциялық ауысуды көрнекілік үшін формуламен белгілейміз 
[2]:  АлгМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет