Оқу
материалының
негізгі мазмұны
Әрекет
мұғалімнің
оқушылардың
I. Сабақтың мақсатын
қою
Құрады:
түсінік
қалыптастыру. игеру
II. Білім мен ептілік-
терді
өзекті
ету:
1. Жаттығулар орындау:
Жаттығулар ұсынады
Жаттығуларды өз дәптер-
леріне көшіреді
2. Талқылауға арналған
сұрақтар:
Оқушылардың
әрекеттеріне сұрақ қою
арқылы
басқару.
Оқушылардың жұмысын
бақылайды. Дәлелдейді.
Мұғалімнің
сұрақтарына
жауап
береді,
жолдастарының жауаптарын
талқылайды,
жаттығулар
нәтижелерін
рәсімдейді,
жаңа
түсініктер
мен
пайымдауларды жазып алады
III. Түсініктерді
қалыптастыру...
1. Жаттығулар орындау
2. ...
Оқушыларға
жаттығуларды
орындау
шарттарын
ұсы-нады.
Оқушылардың жұмы-сын
бақылайды.
Жаттығуларды
өздігінен
орындайды. Жаттығуларды
орындау нәтижелерін және
т.б. талқылайды.
Қорыта айтқанда, оқу үрдісін тиянақты ғылыми негізде
жоспарлау сабақ берудің ұтымды шарты болып табылады.
2.6. Информатика сабағын талдау әдістемесі
Мұғалімнің әдістемелік дайындығының маңызды бөлігі сабақты
талдай білуі болып саналады. Дидактика және оқыту әдістемесі
жөніндегі
әдебиеттерде
психологиялық,
психологиялық-
педагогикалық талдау, сабақты өздігінен талдау, ұсынымдар мен
ұсыныстардың алуан түрлі нұсқалары бар [3, 13].
Педагогикалық талдаудың барлық сызбаларында мына
инварианттық (өзгермеушілік) элементтері бар [13]:
-
сабақ мақсаттары мен міндеттерін қою дұрыстығы мен
толықтығы; сабақ жүйесінде сабақтың тақырып бойынша орыны;
-
мазмұнды таңдау негіздемесі;
-
сабақ құрылымының негіздемесі;
-
таңдап алынған әдістер мен оқыту құралдарының негізінде
сабақтың әрбір кезеңінде тапсырмаларды орындау тиімділігі;
-
оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің сипаты мен оның
өнімділігі;
-
мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетіндегі
педагогикалық басшылық тәсілдері мен қарым-қатынас сипаты
(микроклимат);
80
-
мақсатқа табысты жетуге септігін тигізетін немесе оқуға,
тәрбиеге және дамуына кері әсерін тигізетін факторлар мен
жағдайларды анықтау;
-
болашақ сабақты жақсарту резерві.
Сабақты өткізу мақсаттары:
-
мұғалімнің үлгілі іс-әрекетімен танысу арқылы сабақ өткізу
педагогикалық технологияларының әмбебап элементтерін игеру;
-
белгілі бір сыныпта информатиканы (мектепте) оқыту
ерекшеліктерімен, қолданыстағы курс бағдарламасымен, оқыту
құралдарымен танысу;
-
педагогикалық іс-әрекеттерді және оның нәтижелерін талдау
қабілеттерін дамыту;
-
информатиканы оқыту кезінде дидактикалық қағидаларды
пайдалану ептілігі;
-
әртүрлі пәндерді оқыту әдістемелерін салыстыра білу
ептілігі және оқыту әдістемесі бойынша білімін бір пәннен екінші
пәнге ауыстыру; педагогикалық амалдар мен нақты мұғалімнің
әдістерін танып білу, баға беру және шығармашылық тұрғыда
қабылдау.
Информатика сабағының талаптарына сәйкес алуан түрлі
нұсқаларды салыстыра отырып, сабаққа талдау жасаудың мына
сызбасына көшейік.
1. Сабақ туралы жалпы мәлімет
Күні,
мектеп,
сынып,
пән,
мұғалімің
Т.А.Ә.,
оқу
бағдарламасының тақырыбы, сабақ тақырыбы, мақсаты мен түрі.
2. Сабақты ұйымдастыру
1.
Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығы.
2.
Оқыту құралдарына және оқу ортасына шолу жасау.
Кабинеттің
жабдықталуы,
оның
оқушылар
мен
мұғалімге
ыңғайлылығы. Оқыту құралдарының және кабинеттің дайындығы.
3.
Сабақты жұмылдыра бастау.
4.
Компьютермен
жұмыс
жасау
кезінде
қауіпсіздік
техникасының
және
санитариялық-гигиеналық
нормалардың
сақталуы.
3. Сабақтың құрылымы
1.
Сабақ кезеңдері, уақытты үйлестіру.
2.
Кезеңдердің дәлдігі, негізгісін бөліп алу.
3.
Сабақ құрылымының мақсаттары мен мазмұнына сәйкестігі.
4.
Сабақ пен тақырыптың мазмұндылығы, толықтылығы.
5.
Ұжымдық, топтық және жеке-дара жұмыстың үйлесімділігі.
6.
Сабақтың ырғақтығы: жеңіл және күрделі материалдың,
81
жазбаша және ауызша әрекеттің, компьютерлік және компьютерсіз іс-
әрекеттердің алмасуы. Сабақ барысындағы жүктеме.
4. Сабақ мазмұны
1.
Іс жүзіндегі материалдың көлемі, оның бағдарламаға,
қолданылатын оқулыққа және оқушылардың білім деңгейіне
сәйкестігі.
2.
Сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік
тапсырмаларының дұрыстығы мен мазмұнының толықтығы, атап
айтқанда, оқушылардың ақпаратты қайта өңдеу, беру және қолдану
үрдістері туралы білімдерін игерту, компьютерлік технологияларды
саналы және ұтымды пайдалану дағдыларын меңгерту.
3.
Материалды қайталау және бекіту кезеңдері, тәсілдері.
Теория мен жаттығулардың сәйкестігі.
4.
Өткенді қайталау, тірек білімдер.
5.
Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, өмірмен байланыс.
5. Оқыту әдістері, амалдары мен құралдары
1.
Сабақ мазмұнының ғылымның, көрнекіліктің, реттіліктің,
қолжетімділіктің, практикамен байланыстың жалпы дидактикалық
қағидаларына сәйкестігі.
2.
Оқушылардың оқытылатын материалға деген қызығушылық
деңгейі, танымдық, белсенділік және оқушылардың сабақтағы өздік
жұмыстары. Саналы игеру. Ұйымшылдық және тәртіптілік.
Компьютердің, оқулықтың анықтамалық материалдың көмегімен
білімді өздігінен игеру ептілігі.
3.
«Мұғалім – оқушы» кері байланысының болуы. Өзекті
сұрақтарға жауап беру сәті (сабақ барысында немесе соңында).
4.
Оқушылардың логикалық ойлау және өздігінен оқу
қабілеттерін дамыту.
5.
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс. Жеке-дара оқыту –
әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, нашар оқитындарға жақсы
оқитындардың көмек беруі және т.б.
6.
Оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау әдістері.
Білімдерін бақылау жүйесі. Білімдерін тексеруде компьютерді
пайдалану. Білімдерін бағалау әділдігі.
7.
Оқушылардың көңілін пәнге аударту құралдары. Қателіктері
табылған кезде назарларын ұстау амалдары.
8.
Материалға деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту
әдістері. Оқушылардың ойлау қабілеттерін ынталандыру.
9.
Оқыту құралдарының сабақ тақырыбына сәйкестігі: қолдану
сәттері. Бағдарламалық жабдықтардың, таратылатын материалдың,
нұсқаулықтардың және т.б. мазмұны.
82
10.
Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекет әдістері. Сабақта
қолданылған белгілі және қалыпсыз оқыту әдістері. Алуан түрлі оқу
көздерін пайдалану (оқытушы және бақылаушы бағдарламалық
құралдарды, Интернет ресурстарын және т.б. қолдану).
11.
Үй жұмыстарын тексеру (өзіңіз орындап, уақытты
өлшеңіз).
12.
Сабақ қорытындысы, оның тәрбиелік құндылығы.
13.
Мұғалімнің сабақтағы мақсаттары мен оларға жету
жолдары.
6. Мұғалім тұлға ретінде.
1.
Мұғалімнің білімі мен әдістемелік сауаттылығы.
2.
Сөйлеу мәдениеті мен педагогикалық әдептілігі.
3.
Оқушыларға деген қайырымдылығы мен талап етуі.
4.
Мұғалім мен оқушылардың байланысы, өзара қарым-
қатынасы (авторитарлы, либералды, ынтымақтастық).
5.
Мұғалімнің оқушыларға үлгі боларлық мінезінің кей тұстары
мен тұлғалық қасиеттері. Тәрбиелік әдістері мен амалдары.
7. Сабақты қорытындылау.
1. Оқыту тиімділігі – оқу уақытының толықтығы, қажетсіз
материалдың
жоқтығы,
бағдарламалық
құралдарды
таңдау
оңтайлылығы. Сабақтың тәрбиелік әсері.
2.
Сабақтың құнды жақтары мен кемшіліктері.
3.
Мұғалімге ұсыныстар.
Жоғарыда көрсетілген саралау тәртібі (немесе осыған ұқсас)
сабақтың сапасын талдау жасауға мүмкіндік береді.
Сандық талдауды жасауға арналған әдістемелер де бар (2-
қосымша, 1, 2 кестелерді қараңыз). Сабақты жүйелі талдау
әдістемесі (В.П. Симонов)
1
.
Сабақ компоненттерінің жүйе ретіндегі бес көрсеткіші
ұсынылады: мұғалім (іс-әрекет субъектісі); оқу танымдық әрекеттің
белсенді субъектісі болып табылатын оқушылар; мұғалім мен
оқушылар әрекетінің мазмұны; оқу әрекетінің әдістері мен
ұйымдастыру қағидаларынан тұратын мұғалім мен оқушылар
әрекетінің тәсілдері (оқыту әдістері мен білім беру); басты
дидактикалық мақсат нәтижемен байланысты.
Барлық
келтірілген
көрсеткіштерді
қажетінше
шартты
балдармен белгілеуге болады (пайыздар), демек математиканың
формалды тілін қолдануға болады. Өткізілген сабақтың жүйелі
талдауының барлық бес бағыты бойынша жиырма бес негізгі
1
Симонов В.П. Педагогикалық менеджмент: педагогикалық жүйелерді басқарудағы 50 ноу-хау. —
М.: Ресейдің педагогикалық қоғамы, 1999. — 430 б.
83
көрсеткіші бар (мұғалім бойынша – бес, оқушылар бойынша – төрт,
мазмұн әрекеті бойынша – төрт, әрекет тәсілдері бойынша – жеті
және әрекет мақсат-нәтижесі бойынша – бес). Осы көрсеткіштердің
сомасын 100% деп қабылдаса, әрқайсысының шартты сәйкестігі 4%
болар еді (балл түрінде де болады, онда 100 және сәйкесінше 4 балл).
Сабаққа кірген соң тиімділіктің математикалық бағасы мына картаға
рәсімделеді:
Сабақ тиімділігін математикалық тұрғыда бағалау рейтингке
негізделген
(құзырлы
соттар
әдісімен).
Бағалаудың
мына
критерийлері анықталды: егер бағалау кезінде 85% (немесе балл)
немесе одан жоғары болса, өткізілген сабақ «үздік» деп бағаланады,
65–84% — «жақсы», 45–64% — «қанағаттанарлық».
Әрбір сабақтың және оқытудың барлық жүйесі мұғалімнің
ұмтылысымен және педагогикалық рефлексиясымен (атқарылған
жұмысын ойдан өткізу), дұрыс сараптап, өз қимыл-әрекетін саналы
бағалай алуымен тығыз байланысты. Мұғалім өткен сабақты сараптай
отыра, оқу үрдісінде қол жеткізгені мен әлі де толықтыруды қажет
ететін тұстарын анықтайды.
2.7. Семинар/практикалық сабақтарын өткізуге ұсыныстар
Тақырыбы: «Информатиканы оқыту формалары мен әдістері.
Оқытуды ұйымдастыру формаларының жүйесі».
Мақсаты: оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес формалары
мен әдістерін талдау.
І. Төмендегі жеке тапсырмалар тақырыбы бойынша баяндама
дайындаңыз және кез келген тақырыпты оқыту үшін даярлаған
сабақ фрагментін көрсетіңіз.
Көрсету және иллюстрациялау. Олардың ЭЕМ экранындағы
айырмашылығы неде?
Теория және практика. Мектеп информатикасында бұл
ұғымдардың сәйкестігі неде?
Информатканы оқытудағы анализ және синтез.
Индукция және дедукция.
Информатика сабағындағы аналогия.
Абстракциялау және нақтылау.
Информатиканы оқытудағы ойын әдістері (іскерлік,
ұйымдастырушы-әрекеттік, рөлдік т.б). Оларға дайындық.
Мектептік лекция.
Семинар және оның мүмкіндіктері. Семинарды өткізу
тәсілдері.
Зертханалық
сабақтар.
Информатикадан
жүргізілетін
84
зертханалық жұмыстардың ерекшеліктері.
Жеке дара жаттықтыру (практикум).
Қосарланған жұмыс.
Оқушылардың іс- әрекеттерінің топтық формасы.
ІІ. Таңдаған дәстүрлі емес сабақтың сипаттамасын жасап,
оның фрагментін дайындаңыз.
1.
Дәстүрлі емес сабақтар: альманах – сабақ, іскерлік ойын -
сабағы, диалог - сабақ, диспут - сабақ, инсценировка - сабақ, қызықты
хабарлар тарату сабағы, Интернет-сабақ, зерттеу-сабағы, кеңес беру -
сабағы, конференция- сабақ, «дөңгелек үстел» - сабағы, диспут -
сабақ, практикум-сабақ, презентация-сабақ, саяхат-сабақ, түйінді
мәселелерді шешетін сабақ, рөльдік ойын-сабағы, семинар-сабақ,
ертегі-сабақ, жарыс-сабақ, шығармашылық практикалық жұмыс,
театрланған сабақ, ауызша журнал - сабағы, экскурсия- сабақ, экспе-
диция – сабақ т.с.с.
2.
Жобалық әдісті қолдану сабағы.
3.
Кірістірілген сабақтар (интегрированный): информатика +
физика, информатика + математика, информатика + сурет т.с.с.
4.
Телекоммуникациялық жоба сабағы (викторина, олимпиада и
т.б.).
ІІІ. Оқу- танымдық процестің кезеңдерінің негізіне бейімделген
оқыту әдістерінің классификациясын жасаңыз.
Практикалық жұмыс «Информатикадан оқу процесін жоспар-
лау»
Мақсаты: информатикадан оқу бағдарламаларын талдау
негізінде оқу жұмысының күнтізбелік жоспарын құру біліктілігін
қалыптастыру; әр тақырыпты өткенде оқушылардың алатын негізгі
білімін, біліктілігі мен дағдысын белгілеу.
I. Информатикадан оқу-тәрбие жұмысының күнтізбелік
жоспарын құрыңыз.
1.
Оқулықты
(оқу-әдістемелік
жинақтама), информатика
курсының тарауын таңдаңыз.
2.
Сіздің таңдаған тарауыңыз бар, ағындағы оқу жылының
жарты жылына арналған информатикадан оқу- тәрбие жұмысының
күнтізбелік жоспарын құрыңыз
1
.
II. Кестеге сәйкес ағындағы жарты жылға арналған (кез
келген сынып үшін) информатика пәні мұғалімінің оқу әрекетінің
тақырыптық жоспарын құрыңыз.
III. Оқытудың болжамдап отырған нәтижесін (алдыңғы
1
2.5.1-бөлімде келтірілген кестелерді қараңыз.
85
жасалған жоспар бойынша) төмендегі жоспар бойынша құрыңыз:
1. Тақырып: «Логика элементтері»
Оқушылар білуі тиіс:
айтылым,
пікір,
тұжырым,
пайымдау,
логикалық
жалғаулықтар ұғымдарының түсінігі;
негізгі логикалық амалдардың ақиқат кестесін: конъюнкция,
дизъюнкция, терістеу;
күрделі логикалық өрнектердің ақиқат кестесін құру
ережесін;
компьютердің логикалық схемасындағы қолданылатын
негізгі логикалық элементтер ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС.
Оқушылар істей алуы тиіс:
типтік логикалық операциялар үшін ақиқат кестесін жаза
білу;
типтік емес логикалық өрнектер үшін ақиқат кестесін құра
білу.
2. Тақырып: «Алгоритмдер және орындаушылар»
…
IV.
Информатика курсының мазмұндық- құрылымдық
компоненттерін оқытудың сызықтық схемасын жасаңыз.
Әдебиеттер:
1.
Бочкин А.И. Методика преподавания информатики. —
Минск: Вышэйшая школа, 1998.
2.
Қойбағарова Т.Қ., Ельтинова Р.А. Информатиканы оқыту
әдістемесі: Оқу құралы. І-ІІ-бөлім. Павлодар: ПМПИ, 2012. – І-бөлім.
195 бет. ІІ -бөлім. 214 бет.
3.
Лапчик М.П. и др. Методика преподавания информатики. –
М.: Академия, 2001. – 624 с.
4.
Малев В.В. Общая методика преподавания информатики. –
Воронеж: ВГПУ, 2005. – 271 с
5.
Хуторской А.В. Современная дидактика. – СПб.: Питер,
2001.– 544с.
86
3-тарау. Информатика пәні бойынша білімді бақылау,
тексеру және бағалау жүйесі
3.1. Информатика пәні бойынша білімді тексеру
Оқыту процесінің міндетті компоненті, соңғы кезеңі бақылау
болып табылады (білім алу нәтижелерін тексеру).
Тексеру – білім алу, даму және оқу мақсаттарына жету
деңгейін меңгеруде жетістіктер мен қиыншылықтарды анықтау
үрдісі.
Бақылау – жоспарланған нәтижені үлгі талаптармен және
стандарттармен салыстыру операциясы.
Есепке алу – тексеру және бақылау көрсеткіштерін бір жүйеге
келтіру, сол арқылы оқушылардың білім алу және даму процесінің
қарқынын көруге болады.
Бағалау – сапалық және сандық талдаудан тұратын білім алу
нәтижелері мен барысы туралы пайымдау, мақсаты оқушылардың
білім сапасын арттыруды ынталандыру болып табылады.
Баға қою – оқу қызметінің, жетістіктер деңгейінің
нәтижелерін ресми бекітілген шкала бойынша баллмен немесе
дәрежемен анықтау.
Оқушылардың
білімін,
ептіліктері
мен
дағдыларын
диагностикалау оқу үрдісінің маңызды құрылымдық компоненті
болып табылады. Тексеру және бақылау жүйесіне әртүрлі бақылау
тәсілдерін еңгізуге болады. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
•
бақылаудың жеке түрі;
•
оқыту жүйесінің барлық кезеңіндегі бақылаудың жүйелілігі,
жиілігі;
•
оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші функцияларының
орындалуын, қорытындыларына және оның өткізілуіне оқушылардың
қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін әртүрлі бақылау
формалары;
•
жан-жақтылық: бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлімін
қамтуы қажет, теориялық білімнің, зияткерлік және практикалық
ептіліктері мен дағдыларын тексеруді қамтамасыз етуі тиіс;
•
әділдік;
•
дифференциалды тәсіл;
•
осы сынып оқушыларының оқу әрекетін бақылайтын
мұғалімдер талаптарының біртұтастығы.
Білімді бақылау және бағалау педагогтіқ үрдістің маңызды
құрамы болып табылады. Осыған байланысты, мұғалім өткізетін іс -
шараларды мәнсіз түрде емес, жүйелі түрде өткізіп, әр кезде
87
нәтижелерін талдай отырып және білім сапасына, іскерліктері мен
дағдыларына уақытылы түрде түзетулер жасау үшін тиісті шараларды
қолдануы керек.
Бақылаудың мақсаты – кері байланысты қамтамасыз ету:
оқушыларға белгілі бір пән бойынша білім стандарттарына (міндетті
минимум) сәйкес білімді игерту, оны түзету деңгейін анықтау.
Бақылау оқыту процесінің негізгі құрылымының бірі болып
есептеледі. Оқушылардың білім сапасының нәтижесі бақылау
кезеңдерінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты болады.
Бақылаудың құрылымдары болып келесілер есептеледі:
-
Бақылау нәтижелерін тексеру (дұрыс немесе дұрыс емес)
және олардың өлшемдері;
-
Бағалау – оқушылардың әрекетіне байқау жүргізілетін
ұйымдастыру процесі және үлгімен (эталон) салыстырып, нәтижесі
ретінде бағасын қою.
Бақылау жүйесін құрастырудың негізгі қағидалары
Бақылау жүйесіне белгілі бір талаптар қойылады және оны
құрастыру кезінде келесі негізгі қағидаларды сақтау керек:
Объективтілік – бақылауды ұйымдастыру үшін негізгі талабы
және қағидасы болып табылады. Оқушылар бақылау жүйесін жылы
көзқараспен қабылдауы керек. Сұрақтар, тапсырмалар, есептер және
жобалар негізделуі керек, ал бағалау өлшемдері адекватты түрде
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дайындықтарының деңгейлік
талаптарына негізделуі керек.
Ашық технология – оқушыларды бағалау бірыңғайлық
өлшемдер бойынша жүзеге асырылады және олар негізді, әрбір
оқушыға алдын ала белгілі және түсінікті болуы керектігімен
тұжырымдалады.
«Ашық
технология»
бақылау
жүйесінің
құрылымдарын өзгертпей дамып отыруына жағдай жасайды.
Жүйелілік өз жағынан бес түрлі айқындама арқылы қаралады:
-
бақылау үздіксіз болуы керек және оқытудың ең басынан
бастап аяғына дейін жүзеге асырылады;
-
бақылау оқу үрдісінің табиғи бөлімі болуы керек;
-
бақылау жүйесі сабақтастыққа ие болуы керек;
-
бақылаудың құралдары, әдістері, нысандары, бағалау
тәсілдері
және
нәтижелердің
интерпретациялары
бірыңғай
мақсаттылыққа бағынулары керек;
3.1.1. Бақылау әдістерінің сипаттамасы
Бақылау әдісін таңдауға ерекше көңіл бөлу керек, оны тиімсіз
түрде пайдалану, көбінесе, мұғалімдердің еңбектерін еш етеді. Алдын
88
ала жоспарланбаған нәтижелерді бағалау жүйесінің жұмысы, білім
сапасына өзінің жағымсыз әсерін тигізеді.
Төменде көрсетілген жүйелі классификациясы Л.П. Панкратова,
Е.Н. Челак [33] бейімделген, бірақ, негізінен, Ю.К. Бабанскийдің
«Қазіргі кездегі жалпы білім беру мектептердегі оқыту әдістері» атты
кітабында келтірілген дәстүрлі сызбаны пайдаланады. Бағалау әдісі
бойынша және жетекші функцияны пайдалану әртүрлі ақпараттар
көздерін талдау негізімен орындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |