Ақпаратты алу – 40%
(оқу уақыты)
1. Оқушылар алдында оқу
мақсатын қою
2. Жаңа білімді баяндау
немесе
оны
игеруге
бағытталған оқушылардың
өзіндік жұмысы
Ақпаратты игеру – 40%
3. Білімді, біліктілікті және
дағдыны тәжрибе жүзінде
бекіту
4. Білімді, біліктілікті және
дағдыны тәжрибе жүзінде
қолдану
Ақпаратты тексеру –
5 – 10%
Ақпаратпен келісілмеу
процессін дәлдеу –
10 – 15%
5. Оның меңгерілгенін
тексеру
60
Сабақтың құрылымы – сабақтың негізгі компоненттерінің
дидактикалық жағынан өзара дәлелденген байланысы, олардың
нысаналы жүйелілігі мен қарым-қатынасы (М.И. Махмутов).
Элементтердің алуан түрлі үйлесімділігі, сондай-ақ оқу пәнінің
және білім беру мекемесінің ерекшеліктері сабақтың көптеген
формалары мен типтерін тудырады, сабақтың басты белгісі – оның
дидактикалық мақсаты.
Дәстүрлі сабақ оқу материалын көп мәрте қайталауға мүмкіндік
береді, бұл жадының дамуына және есте сақтауға, меңгерту
сабақтарында білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Оқу әрекетінің
формаларын бірнеше рет ауыстыра отырып, жаңа білімдерді жылдам
іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Дегенмен, құрылымның
аталған бөлшектерінің ешқайсысы білімді меңгерте отыра,
оқушылардың дамуын қамтамасыз етпейді, өздігінен атқаратын оқу
әрекетінде оны көрсетпейді.
Аралас сабақтың әртүрлі құрылымы, соған байланысты
бірқатар артықшылықтары болуы мүмкін: кері байланысты
қамтамасыз етеді, педагогикалық үрдісті басқарады, бағаларды
жинайды, оқу кезінде дербес амалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
жасайды.
2.4.3. Қазіргі сабақтың формалары мен құрылымдары
Қазіргі сабақтың негізгі кезеңдері
1.
Ұйымдастырушылық кезең. Оқушылардың сабаққа сырттай
және іштей (психологиялық) дайындығын білдіреді. Әдетте
ұйымдастырушылық
кезеңге
сәлемдесу,
оқушылардың,
жабдықтардың, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру,
сабаққа қатыспағандарды белгілеу, сабақ жоспары мен мақсаттарын
хабарлау кіреді.
2.
Үй жұмысын тексеру. Қойылған мақсатқа байланысты
әртүрлі әдістермен орындалады.
3.
Жаңа материалды оқыту. Мұғалімнің хабарлауы негізінде
немесе оқушылардың өздігінен орындауы арқылы өтеді.
4.
Жаңа материалды бекіту. Үлгі бойынша жаттығуларды
қолдану және ақпаратты жаңғырту тәсілдері арқылы материалдың
игерілуін ұйымдастыру. Білімді іздеу және шығармашылықта
пайдалану, бұрын алған білімдері мен ептіліктері бойынша құралған
проблемалы тапсырмаларды орындау арқылы тәсілдерді меңгеру.
5.
Мұғалім және оқушылар жүзеге асырған – оқу әрекетінің
нәтижелерін бақылау – білімді тексеру;
6.
Үйге тапсырма. Сабақтың осы бөліміне тапсырманың
61
орындалуын, қажет болса, орындау әдістерін түсіндіру.
7.
Сабақ қорытындысын шығару.
Сабақ аталған элементтердің барлығынан (аралас сабақ) немесе
тек кейбіреуінен тұруы мүмкін (белгілі бір дидактикалық тапсырманы
орындауға бағытталған арнаулы сабақ).
Жаңа материал оқытылатын сабақтың құрылымы:
1)
ұйымдастырушылық кезең;
2)
таным процесі кезінде оқушылардың жоғары ойлау
белсенділігін ескере отырып материалды алғаш рет кірістіру;
3)
оқушылардың нені есте сақтау керектігіне нұсқау;
4)
жадыда ұзақ уақыт сақтау және есте сақтау уәждемесі
(орысш. – мотивация);
5)
ойда сақтау техникасын өзектілеу немесе хабарлау (тірек
материалдармен жұмыс, мағыналық топтама және т.б.);
6)
мұғалімнің бақылауындағы жеке қорытындыларды тікелей
қайталау арқылы алғаш рет бекіту;
7)
алғашқы ойда сақтаудың нәтижесін бақылау;
8)
қайталауға қойылатын талаптарға сәйкес, соның ішінде
сараланған тапсырмаларды қысқа және ұзақ уақыттан кейін жүйелі
қайталау;
9)
жаңа білімдерді алу мақсатында алынған білімді және
біліктіліктерді іштен қайталау және оларды жиі қолдану;
10)
білімдерді жиі қайталауды бақылау және оларды әрдайым
бағалау үшін тірек материалын қосу;
11)
үйге тапсырма беру;
12)
сабақтың қорытындысы.
Біліктілікті және дағдыларды қалыптастыру сабағының
құрылымы:
1)
ұйымдастырушылық кезең;
2)
тірек болатын қалыптасқан білім және дағдыларды қайталау;
3)
тексеру жаттығуларын жүргізу;
4)
жаңа біліктіліктермен танысу, қалыптастыру үлгісін көрсету;
5)
біліктіліктерді меңгеру жаттығулары;
6)
біліктіліктерді бекіту жаттығулары;
7)
үлгі, алгоритм, нұсқау бойынша жаттығу тапсырмалары;
8)
ұқсас жағдайға ауыстыру жаттығулары;
9)
шығармашылық сипаттағы жаттығулар;
10)
үй жұмысы тапсырмасы;
11)
сабақ қорытындысы.
Бекіту сабағының құрылымы:
1)
ұйымдастырушылық кезең;
62
2)
оқушылардың ұсынылған тапсырмаларды орындауға қажетті
білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жаңғыртуы;
3)
оқушылардың алуан түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды,
есептерді орындауы;
4)
жұмыстардың орындалуын тексеру;
5)
жіберілген қателіктерді талқылау және оларды түзету;
6)
үйге тапсырма (қажет болса);
7)
сабақтың қорытындысы.
Қайталау сабағының құрылымы:
1)
ұйымдастырушылық кезең;
2)
білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарды қою;
3)
негізгі ұғымдарды, негіздеме білімді, ептіліктер мен
дағдыларды қайталауға бағытталған үй тапсырмаларын тексеру
(практикалық және ойланатын)
1
;
4)
қайталау нәтижесін қорытындылау, сабақта оқу іс-әрекетін
тексеру;
5)
үйге тапсырма;
6)
сабақтың қорытындысы.
Білімдерді тексеру сабағының құрылымы:
1)
сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл кезде қалыпты,
іскерлік ортаны қалыптастыру керек. Мына жаңа материалды оқуға
оқушылардың дайындығын мұғалім тексеретіндіктен, оқушылар осы
сабақ барысында болатын бақылау және тексеру жұмыстарынан
қорықпауын және тым қобалжымауын ұйымдастырып, қадағалау
керек;
2)
сабақтың мақсаттарын хабарлау. Мұғалім оқушыларға
қандай материалды тексеретіндігін және бақылайтынын хабарлайды.
Сондай-ақ жұмыс барысында сәйкес анықтамаларды естеріне
түсірулерін және оларды қажетінше қолдануын мұғалім айтады.
Жұмыстарын сабақтың аяғында мұқият өздері тексеру керектігін
естеріне түсіреді;
3)
бақылау және тексеру жұмысының мазмұнының жоспары
(есептер, мысалдар, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауаптар
және т.б.). Тапсырмалар көлемі және қиындық деңгейлері бойынша
бағдарламаға және әр оқушының деңгейіне сәйкес болуы керек;
4)
сабақтың нәтижесін қорытындылау. Жақсы орындалған
жұмыстарды
мұғалім
тандап
алып,
басқа
оқушылардың
жұмыстарында жіберілген қателіктерді талдайды және қателермен
жұмысты ұйымдастырады (кейде осыған мына сабақ керек болады);
5)
оқушылардың білімі мен біліктіліктеріндегі жіберілген
1
Өткен сабақта сәйкес үй тапсырмасын беру керек.
63
қателіктерді анықтау және оларды жою және жоққа шығару.
Қайталау және жалпылау сабағының құрылымы:
1)
ұйымдастырушылық кезең;
2)
берілген материалдың, тақырыптың мәнін көрсететін
мұғалімнің кіріспе сөзі және де сабақтың мақсаты мен жоспарын
оқушыларға жеткізу;
3)
құбылыс пен фактілерді жалпылау негізінде жалпы
білімдерді қалыптастыру және жүйелі түрдегі түрлі ауызша немесе
жазбаша ұжымдық және жеке жаттығуларды орындау;
4)
жұмыстың орындалуын тексеру және керек болған жағдайда
түзету;
5)
өтілген материал бойынша қорытындыларды қалыптастыру;
6)
сабақтың нәтижесін бағалау;
7)
нәтижені қорытындылау;
8)
үйге тапсырма (күнделікті емес).
Білім, біліктілікті және дағдыларды қолдану сабағының
құрылымы:
1)
сабақтың
басталуын
ұйымдастыру
(оқушылардың
психикалық дайындығы);
2)
сабақ тақырыбы мен оның мақсатын хабарлау;
3)
біліктіліктерді қалыптастыру үшін жаңа білімді игеру;
4)
бастапқы ептілікті қалыптастыру, бекіту және оларды,
стандартты жағдайда ұқсастық бойынша қолдану;
5)
білім мен біліктіліктерді өзгертілген жағдайларда қолдану
және жаттығу;
6)
білім мен біліктіліктерді шығармашылық түрде қолдану;
7)
дағдыларды өндеу жаттығулары;
8)
үй жұмысы;
9)
оқушылар
атқарған
жұмыс
бағаланатын
сабақты
қорытындылау.
Аралас сабақтың құрылымы:
(бұл сабақ екі немесе бірнеше дидактикалық мақсатты
қамтиды):
1)
сабақтың басын ұйымдастыру (оқушылардың психикалық
дайындығы);
2)
сабақтың мақсатын хабарлау және үй жұмысын тексеру;
3)
жаңа материалды меңгеру үшін оқушыларды дайындау, яғни
білімнің, практикалық және ойлау қабілеттерінің өзектілігі;
4)
жаңа материалды оқыту және түсіндіру;
5)
сабақта өтілген жаңа тақырыпты және онымен байланысқан
өтілген материалды бекіту;
64
6)
білім мен біліктіліктерді жалпылау және жүйелеу, сондай-ақ
жаңа материалдың қалыптасқан, меңгерілген білімімен байланысы;
7)
сабақтың нәтижесін қорытындылау;
8)
үйге тапсырма беру;
9)
мына жаңа тақырыпты оқыту үшін оқушыларды дайындау.
2.4.4. Сабақтың үшбірлік мақсаты
Сабақтың үшбірлік
мақсаты (СҮМ) – сабақ соңына қарай
мұғалім мен оқушылардың әрекеттестіктерінің арқасында қол
жеткізілетін, алдын ала мұғалім ойластырылған нәтиже.
СҮМ – бұл үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік
аспектілерінен тұратын күрделі құрамдас мақсат. Сабақтың
мақсатында мұғалім мен оқушылар ұмтылатын басты нәтиже
тұжырылымдалады.
Сабақтың үшбірлік мақсаты – оған бағыт беретін, мұғалімнің
және оқушылардың әректтерінің негізі. Ол мұғалім мен
оқушылардың сабақтағы әрекеттестіктерін айқындайды, сондықтан
ұстаздың әрекетімен ғана емес, сонымен қатар оқушылардың да
әрекетімен жүзеге асады. Екі жақ бірдей ұмтылған жағдайда ғана
мақсатқа жету мүмкін болады. Сондықтан сынып алдында мақсат
оқушыға икемделіп қойылуы қажет [27].
СҮМ-ң үш: білімділік, дамытушылық және тәрбиелік
аспектілерінің әрқайсысын жеке қарастырайық.
СҮМ-нің оқытушылық аспектісі – бұл басты және оны
анықтайтын аспект. Ол мына талаптарды орындағаннан құралады:
1.
Әр оқушыны өздігінен білім алуға оқытып үйрету.
2.
Білімді игерудің басты талаптарының орындалуын жүзеге
асыру, олар: толықтылық, тереңділік, саналылық, жүйелілік,
бірізділік, икемділік, орындаушылық, беріктілік.
3.
Дағдыларды қалыптастыру – нақты, қателіксіз орындалатын,
көп қайталанып автоматизмге дейін жеткізілген іс-әрекеттер.
4.
Біліктілікті
қалыптастыру
–
іс-әрекеттің
табысты
орындалуын қамтамасыз ететін білім мен дағдының үйлесуі.
5.
Сабақта оқушының оқу нәтижесінде танып білу және жасай
білу керектігін қалыптастыру. Сабақтың білімділік мақсатын
жоспарлағанда сабақта оқушыларға қандай білім, біліктілік және
дағды деңгейін алу керектігін көрсету керек: репродуктивті,
конструктивті және шығармашылық.
СҮМ-нің дамытушылық аспектісі – бұл мұғалім үшін ең
қиын аспект. Бұл немен түсіндіріледі? Бұл қиындықтардың
туындауының екі себебі бар. Біріншісі – көп жағдайда мұғалім оқу-
65
тәрбие үрдісімен салыстырғанда, баланың дамуы анағұрлым баяу
жүретінін ескермей, әр сабаққа жаңа дамытушылық мақсат қоюға
тырысады. Екіншісі – даму дербестігіне өте қатысты болып келеді
және ол маңызды дәрежеде дұрыс ұйымдастырылған оқу мен тәрбие
нәтижесі ретінде іске асырылады. Бұдан шығатын қорытынды:
мақсаттың бір дамытушылық аспектісі бірнеше сабақтың үшбірлік
мақсатында тұжырымдала беруі мүмкін, ал кейбір кезде бір тараудың
сабақтарына да жарайды.
СҮМ-ң дамытушылық аспектісі бірнеше блоктан құралады:
Тілді дамыту – сөздік қорды молайту және күрделендіру; оның
мағыналық функциясын күрделендіру (жаңа білім түсінудің жаңа
аспектілерін әкеледі); сөздің коммуникативтік қасиеттерін кеңейту
(бейнелі, айқын, мәнерлігі); оқушылардың тілдің шығармашылық
кейіптері мен мәнерлі қасиеттерін үйренуі. Тіл дамуы – оқушының
интеллектуалды және жалпы дамуының көрсеткіші.
-
Ойлау қабілетін дамыту – сұрыптауға, басты ойды
ерекшелеуге, ұқсастықты құруға, салыстыруға, жалпылау мен
жүйелеуге, дәлелдеу мен теріске шығаруға, ұғымдарды анықтау мен
түсіндіруге, мәселені қою мен шешуге үйрету. Бұл амалдарды үйрену
– ойлай білу дегенді білдіреді.
-
Сенсорлық өрісін дамыту – мұнда көз өлшемін дамыту,
кеңістік пен уақытты тұспалдау, түстің, жарық пен көлеңкенің,
пішіннің, дыбыстың, сөз реңінің дәлдігі мен сезімталдығын
(нәзіктігін) айыра білу.
-
Қозғалыс жүйесін дамыту – ұсақ бұлшық еттердің
моторикасын, өзінің қозғалыс әрекеттерін басқара білу, ыңғайлы
қозғалысты дамыту, қозғалыс өлшемін және т.б. меңгеруді
қарастырады.
СҮМ-нің тәрбиелік аспектісі – шын мәнінде, дамытушы оқу
тәрбиелік болмауы мүмкін емес. Сабақ оқушы бойында көптеген
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ете алады. Тәрбиелік
аспект оқу материалының, оқыту әдістерінің, таным әрекетінің
формалық ұйымдасу мазмұндарының бірлесіп жұмыс істеуін қолдана
отырып оқушы бойында мінез-құлықтық, еңбек сүйгіштік,
эстетикалық, отан сүйгіштік, экологиялық және басқа да жеке
тұлғалық қасиеттердің қалыптасуы мен дамуын қарастыру керек. Ол
оқушы бойында адамгершілік құндылықтарға деген дұрыс қарым-
қатынасты және азаматтық борышына деген жоғары сезімдерді
тәрбиелеуге бағытталу керек.
66
2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
-
білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың
құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік
мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
-
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың
үйлесімді мазмұнын анықтау;
-
сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен
біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді
меңгеру деңгейін болжау;
-
оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін
таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және
қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-
барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге
асыру;
-
оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
1.
оқушылардың дамуын нақты оқу пәні және нақты сабақ
шегінде жобалау;
2.
сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және
оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;
3.
оқушылардың дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік
тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке
құралдарын қадағалау.
Сабақтың стилі:
1. Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың
құрылымы мен мазмұнын анықтау:
-
оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін
жүктемелердің қатынасы;
-
оқушылардың шығармашылық және жүзеге асыру іс-
әрекетінің көлемін анықтау;
-
дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша
құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді
жоспарлау;
-
проблемалық-эвристикалық
оқытуды
мұғалім
мен
оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды
және оны кім шешеді);
67
-
мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың іс-
әрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай
бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.
2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
-
сабаққа деген дайындығы және ең бастысы– психологиялық
мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;
-
сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй –
жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа
байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік, анықталған мақсатты
орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік;
-
педагогикалық әдептілік;
-
сабақтағы психологиялық жағдай.
Оқушылардың
танымдық
іс-әрекетін
ұйымдастыруға
қойылатын талаптар:
1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің
белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:
-
оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды
саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
-
сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;
-
оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін
тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;
-
оқушылардың жадында алдында игерілген білімдерін,
біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды
қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар
сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;
2.
Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру
үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:
-
оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу
деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау,
«жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;
-
оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа
бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда
ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына
сүйену;
-
оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын
және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін
жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық
жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);
-
түсіну
деңгейін
арттыру
(сипаттамалықтан
бастап
салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға,
68
мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау
қабілеттерін қалыптастыру;
-
оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрүрлі
формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);
3.
Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру:
-
сабақты
оқушылардың
жеке
дербестік
және
жас
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау;
-
сабақты нашар және жақсы оқитын оқушыларды ескере
отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану.
4.
Жұмыстың нәтижесін бекіту:
-
тапсырмалар арқылы дағдыларды қалыптастыру;
-
алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың
жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту;
5.
Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы:
-
оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін-өзі
ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;
-
оқушылардың оқуды қабылдау қабілетінің деңгейі бойынша
топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай
формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру.
Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
-
температуралық режім;
-
ауаның физика-химиялық құрамы (ауаны тазарту);
-
кабинетті дұрыс жарықтандыру;
-
шаршағандықтың алдын алу;
-
іс-әрекет формаларының кезектесуін сақтау (тыңдаудан
есептеуге, графикалық және тәжірибелік жұмыстарды орындауға
ауысу);
-
дене шынықтыру үзілістерін уақытында және сапалы өткізу;
-
оқушылардың дене қалпын дұрыс ұстауын қадағалау;
-
сынып жиһазының оқушының дене бітіміне сай болуы.
Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:
-
сабақ
эмоциялы
болуы
керек,
оқушының
оқуға
қызуғышылығын тудырып, білімге құштарлығын тәрбиелеу керек;
-
сабақ қарқыны мен ырғағы қолайлы, мұғалім мен оқушылар-
дың іс-әрекеттері аяқталып отыруы қажет;
-
сабақта педагогикалық әдеп және оптимизм сақталып,
мұғалім мен оқушылар арасында толық әрекеттестік қарым-қатынас
болуы қажет;
-
қайырымдылық пен белсенді шығармашылық еңбек атмос-
ферасы басым болуы қажет;
69
-
оқушылардың іс-әрекет формаларын мүмкіндігінше ауысты-
рып отыру керек, әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолайлы түр-
де үйлестіру қажет;
-
мектептің бірыңғай емлелік (орфографиялық) режімін
ұстануды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |