Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Білім беру 
мазмұнының 
сипаты 
Зиялы  және  діни,  оқытушылық  және  тәрбиелік,  жалпы 
білім  беру  және  кәсіптік  бағдарлы,  гуманитарлы  және 
технократтық. 
Оқушылар санаты  Жалпы мектеп; алға басқан деңгей (лицейлер, гимназиялар 
және  т.б.);  қосымша  оқыту  (дәлдеу,  қолдау,  түзету 
мектептері); жалпы мектеп аясында  күрделі және дарынды 
балалармен жұмыс. 
Қолдану ұзақтығы  Пән, тақырып, модуль, сабақ.  
Оқу әрекетін 
ұйымдастыру 
Сынып  сағаттық  жүйе  (дидахография);  дидахография  мен 
техникалық  құралдарды  пайдалана  отырып  заманауи 
дәстүрлі  оқыту,  топтық  және  дифференцияланған  оқыту 
тәсілдері және т.б. 
Баламен қарым-
қатынас 
Авторитарлы; 
жеке 
бағдарлы; 
ынтамықтастық 
технологиясы және т.б.  
Білімді игерудің 
ғылыми 
тұғырнамасы 
 
Ұғымдарды  қалыптастыру  теориясы  (Богоявленская,  Мен-
чинская, т.б.); Гештальт теориясы; ақыл-ой әрекетін сатылы 
қалыптастыру теориясы (Гальперин, Талызина); суггестивті 
теория 
(шамадан 
тыс 
еске 
сақтауға 
жетелейтін 
эмоционалды иландыру негізінде оқыту); В.В. Давыдовтың 
және т.б.  мазмұнды жалпылай теориясы.  
Жаңа технологиялар жалпы мынадай мақсаттарды көздейді:  
а)
 
ынтымақтастық; 
б)
 
ұжымдаса жұмыс істеу;  
в)
 
өзіндік бастама (иницатива); 
г)
 
өз жұмысын бағалауға үйрету;  
д)
 
логикалық ойлау;  
е)
 
мәселелерді шеше білу;  
ж)
 
ақпарат алу жөне керектісін пайдалана білу. 

 
42 
Жоғары  сыныптар  үшін  тиімді  технологиялар:  өздігінен  даму 
технологиясы,  модульдік  оқыту  технологиясы  (МОТ),  бағдарлап 
оқыту, ынтымақтастық,  компьютерлік, сын тұрғысынан ойлау (СТО). 
Орта  буын  сыныптарына  тиімді  технологиялар:  түсіндіре  оза 
оқу, дамыта оқыту, тірек сигналы арқылы оқыту, проблемалап оқыту, 
СТО, МОТ. 
Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар: ойын арқылы 
оқыту,  білім  беруді  ізгілендіру,  ақпаратты  оқыту,  зерттеу,  көрнекілік 
технологиялары. 
Өздігінен  даму  технологиясы  –  баланы  жан-жақты  дамыту, 
дербестікке  тәрбиелеу,  бала  санасында  нәрселер  әлемі  мен  ойлау 
әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болу керек, 
сонда  бала  өзін  өзі  дамытады.  Баланың:  «Мынаны  менің  өзімнің 
жасауыма көмектесіп жібер» – деуіне жету. 
Оза оқыту технологиясында – грамматикалық ұғым, түсініктер 
тірек сызбаларды пайдалану арқылы блок бойынша оза оқытылады. 
Тірек  сигналы  –  сызба  бойынша  сөйлем  құратуға,  сөйлемдегі 
сөздердің байланысын көрсетуге  болады. Сызбаларда көбіне дерексіз 
байланыстар  мен  қатынастар  көрсетіледі.  Тілдік  категориялар 
ұқсастығын, айырмашылығын, ерекшеліктерін салыстырып көрсетуге 
болады. 
Белсенді  оқыту  технологиясы  –  оқу  әрекеті  арқылы  үйретуші 
(мұғалім),  үйренуші  (білім  алушы)  рөлін  өзгертуге  ықпал  ететін, 
шәкірттерді жаңа білімді өздіктерінен ізденіп білім алуына мүмкіндік 
жасайды. Бұл үшін сабақта төмендегі мәселелерге баса назар аударған 
жөн: 
-
 
сабақ 
құрылымының 
икемділігі, 
оқығаны 
бойынша 
пікірталастың болуы; 
-
 
дидактикалық 
ойындар, 
интенсивті 
өзіндік 
әрекет, 
бірліктерді салыстыру, топтау, жүйелеуді ұйымдастыру; 
-
 
жеке  тұлғаға  бағдарланған  технологияда  оқу  тәрбие 
процесінде  балалардың  жеке  ерекшеліктерін  ескеру;  әр  білім 
алушының  оқу  тапсырмаларын  орындауға  қолайлы  жағдай  туғызу 
көзделеді; 
-
 
жеке  тұлғаның  өзіндік  ерекшелігін  ескеру  ұстанымы  (әрбір 
шәкіртті қабылдау мүмкіндігіне сай оқыту); 
-
 
білім  беру  траекториясын  таңдау  еркіндігі  ұстанымы 
(міндетті білім беру деңгейінен төмен болмауы тиіс). 
-
 
оқытудың 
жағдаяттылығы 
ұстанымы 
(тапсырманы 
орындауға жағдай туғызу). 

 
43 
2.2. Информатиканы оқыту формалары мен әдістері 
Оқыту формалары – мұғалім мен оқушы арасында мақсатты, 
нақты  ұйымдастырылған,  мазмұны  толыққан  және  әдістемелі 
қамтамасыз етілген, танымдық және тәрбиелік қарым-қатынастың 
өзара  әрекеттестік  жүйесі.  Оқыту  формасы  мазмұнның,  оқыту 
құралдары  және  әдістердің  мақсатты  ұйымдастыру  тұтастығы 
негізінде жүзеге асырылады [23, 316 б.]. 
В.Г.  Крысько  [23]  оқыту  формаларын  үш  топқа:  жоспарлы-
оқыту  (сабақ,  дәріс,  семинар,  үй  жұмысы,  емтихан  және  т.б.), 
жоспардан  тыс  (бригадалы-зертханалық  сабақтар,  консультация 
беру, 
конференциялар, 
үйірмелер, 
экскурсиялар, 
ілгерілету 
бағдарламасы  бойынша  сабақтар)  және  қосымша  (топтық  және  жеке 
сабақтар, теңестіру топтары, репетиторлық) деп бөледі. 
Қазіргі  көптеген  басылымдарда  жалпы  оқу  формалары  және 
оқу-тәрбиелік 
процесті 
ұйымдастыру 
формалары 
болып 
ажыратылады [6,13,45 және б.].   
Жалпы оқу формалары – жаппайұжымдықтоптықжұптық
жеке және оқушылардың ауысымды құрамы деп бөлінеді [45]. Жалпы 
оқу  формалары  негізін  –  оқушылардың  өзара  және  мұғаліммен 
оқушылар  арасындағы  ерекше  комуникативті  әрекеттестіктері 
құрайды. 
Жаппай  оқыту  формасы  –  оқушылардың  бәрі  бір  мақсатта, 
бірыңғай екпінмен бір мазмұнды немесе бірдей әрекеттерді игергенде 
қолданылады, мұғалімнің бүкіл сыныппен жұмыс жасауы болжанады. 
Бұл,  ауызекі,  көрнекі,  практикалық  әдістерді,  сондай-ақ  білімді 
бақылау  үрдісінде  жүзеге  асырғанда  қолданылатын,  оқуды 
ұйымдастырудың  дәстүрлі  түрі,  информатика  сабағында  өз  мәнін 
жойған жоқ.  
А.И.  Бочкин  [3]  айтқандай,  компьютердің  ықпалы  мұғалімнің 
көрсеткенін  оқушылардың  дереу  жаңғыртып  орындау  мүмкіндігімен 
айқындалады.  Бұл  ретте,  мұғалім  оқушылардың  жаппай  және  жеке 
жұмыс  әрекеттерін  ұйымдастыру  және  бағдарламалық  басқаруымен 
қатар,  олардың  компьютерлерін  сәйкес  режімдерге  (жаппай  немесе 
жеке  әрекеттерін)  ауыстырып,  сондай-ақ  оқушылардың  барлық 
жұмыс  орындарында  компьютерлік  ортаның  бірыңғай  жағдайын 
орнатады.  
Оқытудың  жаппай  формасында  оқушылардың  іс-әрететтері 
мұғалімнің  басқаруымен  жүзеге  асатыны  айқын.  Бірақ,  әрекеттердің 
жалпы тәсілдерін игерген сайын, оқушылардың жұмысы да жекелене 
түсетінін (көмек сұрамайды) айта кету керек. 

 
44 
Ұжымдық 
оқыту 
формасының 
жаппай 
оқытудан 
айырмашылығы,  сынып  оқушыларының  арасында  лидері  бар  қарым-
қатынас  ерекшеліктерімен  қалыптасқан  жеке  ұжым  ретінде  
қарастырылады. 
Топтық  оқыту  формасында  –  оқушылар  әртүрлі    негізінде, 
алуан  түрлі  мерзімге  құралатын  топтарда  жұмыс  жасайды.  Бұл 
компьютерлік  техниканы  қолданғанда  оқытудың  әдеттегі  түрі, 
мысалы,  жаңа  бағдарламалық  өнімдерді  игергенде,  жобалармен 
жұмыс жасағанда, компьютер тапшы болғанда және т.б. жағдайларда. 
Топтың  ішінде  қарқынды  ақпарат  алмасу  пайда  болады,  сондықтан 
деңгейі  және  ынтасы  әртүрлі  оқушылардан  құралған  топтарда 
топтық оқыту түрін қолдану тиімді болады.  
Жұптық оқыту – негізгі іс-әрекет тапсырманы өзара талқылап, 
бірін-бірі  оқытып,  бірін-бірі  бақылап  отыратын  екі  оқушы  арасында 
жүзеге  асады  [45].  Белгілі  бір  кезекпен  оқушылардың  жұптарын 
ауыстырып  оқыту  формалары  бар,  сол  арқылы  жұптық  оқыту  түрін 
ұжымдық оқытумен біріктіруге мүмкіндік береді. 
Жеке  оқыту  формасы  –  мұғалімнің  бір  оқушымен  ғана  жұмыс 
жасауы  (сабаққа  қосымша  дайындық,  тьюторлық  жұмыс,  кеңес  беру 
және  т.б.).  Зертханалық  жұмыс  кезінде  сабаққа  дайындықсыз  келген 
оқушыларды  теориялық  материалды  қосымша  оқыту  үшін  ЭЕМ-нен 
алшақтату да кейде пайдалы.  
Оқытуды  ұйымдастыру  түрі  –  уақытпен  шектелген  оқыту 
үрдісінің жеке буынының құрылымы.  
Оқытуды  ұйымдастыру  формасы  –  бұл  тарихи  қалыптасқан,  
өзіне  тән  жүйелілік  пен  тұтастық,  өздігінен  даму,  жеке  тұлғалық  пен 
әрекеттілік сипатты бар, қатысушылардың  құрамы тұрақты, сабақты 
өткізудің  белгілі  бір  тәртібі  бар,  орнықты  және  логикалы  аяқтаған 
педагогикалық үрдістің ұйымдастырылуы [6].  
ЭЕМ  жекелеп  оқыту  формасын  қайтадан  жаңғыртты. 
Педагогикалық  бағдарламаларды  және  мультимедиа  курстарының 
таралымын  көбейту  мен  Интернет  ресурсын  пайдалану  арқылы 
оқытудың жаппай формаларының мына: ең үздік мұғалімдерден сабақ 
алу,  ақпараттың  әртүрлі  көздерін  пайдалану  артықшылықтары 
сақталады.  Компьютер  жаппай  және  жеке  оқыту  арасындағы 
қайшылықты жояды.  
Мұғалімнің  ең  маңызды  міндеті    оқушылардың  өзіндік 
танымдық дағдыларын қалыптастыру.  
Оқытудың  сыртқы  формалары  –  сабақтың  белгілі  бір  түрін    – 
сабақ,  дәріс,  семинар,  саяхат,  практикум,  факультативтік  сабақ, 
емтихан,  пәндік  және  техникалық  шығармашылық  үйірмелер, 

 
45 
оқушылардың  ғылыми  қауымдастықтары  және  т.б.  білдіреді.  Олар 
мақсаттан,  мазмұннан,  әдістерден,  оқыту  құралдарынан,  оқушы  мен 
мұғалім  арасындағы  қарым-қатынастардан  тұратындықтан,  өзара 
біріктіруші рөлін атқарады.  
Оқытудың  қосымша  ұйымдастыру  формалары,  білімдегі 
кемшіліктердің  орнын  толтыру,  біліктілікті  және  дағдыларды 
қалыптастыру, оқу пәніне жоғары ынтаны қанағаттандыру мақсатына 
арналады  [34].  Қосымша  сабақтарда  әртүрлі  көмектесу  формалары 
ұйымдастырылуы  мүмкін:  жеке  сұрақтарды  түсіндіру,  нашар 
оқушыларды жақсы оқушыларға бекіту, тақырыпты қайта түсіндіру.  
Пәнді тереңдетіп оқу және танымдық қызығушылығын арттыру 
үшін,  жеке  оқушылармен  жоғары  қиындықты  есептер  шығарылады, 
бағдарламадан тыс ғылыми проблемалар талданады, қызығушылықты 
тудырған  проблема  бойынша  өз  бетімен  игеруге  бағытталған 
нұсқаулар беріледі.  
Қосымша  сабақтармен  кеңес  беру  тығыз  байланысты.  Олар 
ағымды,  тақырыптық  және  жалпылама  (мысалы,  емтиханға  немесе 
сынаққа дайындалғанда) болып бөлінеді.  
Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары – 
көрсету  (демонстрациялау),  жаппай  зертханалық  жұмыс  және 
жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.   
Көрсету  (демонстрациялау).  Көрсету  экранын  пайдалана 
отырып,  мұғалім  оқушыларға  курстың  алуан  түрлі  оқу  элементтерін 
(интерфейс  элементін,  бағдарламалардың  үзінділерін,  сызбаларды, 
мәтіндерді  және  т.б.)  көрсетеді.  Оқыту  барысында  мұғалім  ЭЕМ-де 
жұмыс істесе, оқушылар оның әркеттерін бақылап отырады немесе өз 
компьютерінде  мұғалімнің  соңынан  қайталап  отырады.  Көрсетудің 
негізгі  дидактикалық  қызметі  –  оқушыларға  жаңа  мәліметті 
жеткізу.  
Зертханалық  жұмыс  (жаппай)  информатика  кабинетіндегі 
негізгі жұмыс түрі болып табылады. Оқушылар бір мезгілде өз жұмыс 
орындарында тиісті бағдарламалық құралдармен жұмыс істейді.  
Жаппай  зертханалық  жұмыс  кезіндегі  мұғалімнің  басты  рөлі  – 
оқушылардың  жұмысын  бақылау  (оның  ішінде  жергілікті  желі 
арқылы), оларға шұғыл көмек көрсетіп отыру.  
Пайдаланылатын 
бағдарламалық 
құралдардың 
әртүрлі  
дидактикалық  мақсаты  болуы  мүмкін:  жаңа  тақырыпты  меңгерту 
(мысалы,  оқытушы  бағдарламалардың  көмегімен),  жаңа  тақырыпты 
бекіту (мысалы, жаттықтырушы бағдарлама арқылы), алған білімдерін 
немесе 
операциялық 
дағдыларын 
тексеру 
(бақылаушы 
бағдарламалардың немесе компьютерлік тестілердің көмегімен).  

 
46 
Жеке  жаттықтыру  (практикум)  сабағы  
 
күрделілік  деңгейі 
жағынан,  өзіндік  деңгейі  жағынан  әртүрлі  тапсырмалармен 
сипатталатын,  жаппай  зертханалық  жұмыстармен  салыстырғанда 
анағұрлым  қарқынды  жұмыс  түрі;  оқулықтарға,  анықтамалық 
құралдарға,  Интернет  ресурстарына  сүйену  арқылы;  мұғалімге 
неғұрлым күрделі сұрақтар қою арқылы іске асады.  
«Дәріс» терминінің екі мағынасы бар: ол форма және әдіс. Дәріс 
қашанда  жаппай  өтеді.  Ол  көрнекілік  және  демонстрациялау  құралы 
ретінде компьютерді пайдалану арқылы өткізіле алады, ол үшін дәріс 
компьютерлік  сыныпта  өтуі  керек.  Оқушыларда  компьютерде  алдын 
ала  дайындалған  конспектілері  болған  кезде  (мысалы,  гипермәтін 
немесе презентациялар түрінде) танымдық қызметтің өзін-өзі басқару 
деңгейі  жоғарылап,  маңыздысын  жаза  алмай  қалу  үрейі  жоғалады. 
Оқушылар  конспектінің  баспалық  түрін  де  ала  алады.  А.И.Бочкин 
атап  өткендей,  егер  қағаз  бетінің  сол  жағында  негізгі  мәліметтің 
тезистері,  оң  жағында  оқушының  ой-пікірін  жазуына  орын 
қалдырылса  конспекті  оңтайлы  болар  еді.  Бұл  әдіс  оқушының  жеке 
әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға өз әсерін тигізеді.  
Семинар фронтальды формадан жеке жұмыс жасауға ауысу түрі 
болып  табылады,  сол  себепті  информатиканы  оқытуда  өз  маңызын 
сақтап қалып отыр.   
«Көзбе-көз»  компьютерлік  әдістің  дербестігін  алдын  алуда 
ұжымдық  жұмыс  формалары  да  семинарда  іске  асады.  Семинарда 
рөлдік  ойындарды  қолдану  да  өте  орынды,  себебі  оларды  талқылап 
отыру керек.  
Оқушы 
семинар 
жұмысының 
қорытындысы 
қалай 
шығарылатындығын  білуі  тиіс.  Оқушы  нені  тапсыру  керектігін  білу 
үшін, ықтимал бақылау нәтижелерінің тізімін келтіріп кетейік:  
1)
 
түзетілген, енгізуге дайын алгоритм мәтіні; 
2)
 
ЭЕМ-сіз толтырылған алгоритмді орындау кестесі; 
3)
 
бағдарламамен болатын диалог жобасы;  
4)
 
нұсқаулық бойынша сұрақ жауаптары; 
5)
 
өзінің немесе өзгенің бағдарламасының нұсқаулығы; 
6)
 
өзінің немесе өзгенің бағдарламасына ой-пікірі; 
7)
 
бағдарлама жұмысынан күтілген нәтижені сипаттау; 
8)
 
ойынға  қатысушыларының  рөлдік  әрекетін  сипаттау, 
белгіленген қателіктерді анықтау.  
Жобалы  оқыту  түрі.  Оқытудың  бұл  түрі,  оқушылардың  
шығармашылық  әрекеттеріне  негізделеді.  Жобалы  оқыту  түрінің 
белгілері келесідей:  

 
47 
-
 
жобаға дайындықтың ұйымдастырушылық кезеңінің болуы – 
өзіндік  таңдау  мен  шешім  нұсқасын  әзірлеу,  бағдарламалық  және 
техникалық құралдарды таңдау, ақпарат көзін таңдау; 
-
 
жоба 
қатысушылары 
арасынан 
лидерді 
таңдау 
(ұйымдастырушы, үйлестіруші), рөлдерді үлестіру; 
-
 
өзін-өзі  сараптау  және  өзін-өзі  бағалау  кезеңінің  болуы 
(қызмет  рефлексиясы),  нәтижені  қорғау  және  орындау  деңгейін 
бағалау; 
-
 
әрбір  топ  жеке  жобаны  әзірлеумен  айналыса  алады  немесе 
ұжымдық жобаны әзірлеуге қатысу мүмкіндігі бар.  
Экскурсиялар  –  информатиканың  өндірісті  басқаруын  немесе 
ЭЕМ-ді  қолданатын  мамандықтарды  көрсету  үшін  ұйыдастырылады. 
Бұл сабақ не курс басында, не соңында өткізіледі. 
Сабақ
1
.  Педагогика  бойынша  классикалық  оқу  құралдарында  – 
сабақ  (басқа  да  оқу  формаларымен  толығып  отыратын)  оқытудың 
негізгі ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады.  
Мектепте  жиі  қолданылатын  ұйымдастырушылық  форма 
сынып-сабақтық  оқыту  болып  табылады,  себебі  оқушылар  85–95% 
оқу уақытын сабақта өткізеді.  
Сынып-сағаттық оқыту жүйесіне тән белгілері келесідей: 

 
оқушылардан құралған оқу тобының тұрақты құрамы;  

 
әрбір сыныпта оқыту мазмұнын қатаң анықтау; 

 
оқу сабақтарының кестесін анықтау;  

 
оқушылардың  жеке  және  ұжымдық  жұмыс  формаларын 
үйлестіру; 

 
мұғалімнің жетекші рөлі;  

 
оқушыларды жүйелі тексеру және білімдерін бағалау.  
-
 
жоғарғы  оқу  орындарындағы  (ЖОО)  сияқты  сабақтар 
(дәріс-сабақ,  семинар-сабақ,  практикалық  сабақ,  коллоквиум  сабағы, 
консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);  
-
 
арнайы  бағыттағы  сабақтар  (практикум-сабақ,  өздік 
жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс 
сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);  
-
 
ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, 
сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ); 
-
 
мазмұнды  құрылымдардан  тұратын  сабақтар  (кітаппен 
жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, 
қарқынды  тірек  сигналдар  негізіндегі  сабақ,  жалпылаушы  кестелер 
негізіндегі  сабақ,  диктант-сабақ,  типтік  бағдарламалық  құрылымнан 
тұратын сабақ).    
                                                 
1
 2.4-бөлімде қарастырылды.  

 
48 
Информатиканы оқыту әдістері 
Әдіс  (грек.–  «methodos»  –  «зерттеу»)  –    бұл  тәсіл,  әдіс  немесе 
әрекет  бейнесі;  мақсатқа  жету  әдісі,  қандайда  бір  айқындалған  түрде 
реттелген әрекет; нақты тапсырманы шешуге бағынышты, шындықты 
игерудің  практикалық  немесе  теориялық  тәсілдері  мен  амалдардың 
жиынтығы.  
Әдебиетте әдіс ұғымына әртүрлі  анықтамалар келтіріледі:  
1)
 
мұғалім мен оқушы әрекетінің тәсілі;  
2)
 
жұмыс тәсілдерінің жиынтығы;  
3)
 
мұғалім оқушыларды білімсіздіктен білімге жетелейтін жол;  
4)
 
мұғалім мен оқушылар әрекеттерінің жүйесі және т.б.  
Педагогтардың 
көпшілігі, 
әдістерді 
оқыту 
үрдісінің 
тапсырмалар  жинағын  шешуге  бағытталған,  мұғалім  мен  оқушының 
реттеліп  өзара іліктелген әректерінің тәсілдері деп қарастырады. 
Оқыту  әдісі  –  бұл  оқыту,  дамыту  және  тәрбиелеу  кезінде 
белгілі  бір  тапсырмалар  шеңберінде  қолданылатын  педагог  пен 
оқушылардың 
нысаналы 
педагогикалық 
қарым-қатынасын 
ұйымдастыру  ережелері  мен  реттеуші  қағидалар  жүйесі 
(М.И.Махмутов
1
). 
Оқыту әдістерінің жіктеуі 
Оқыту  әдістерінің  саны  мен  сипаттамасы  көп  болғандықтан, 
оларды бірнеше негіздемеге сәйкес жіктеуге болады. 
Мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  әрекет  ету  сипаттамасы 
бойынша – Лернер-Скаткиннің
2
 жалпы дидактикалық оқыту әдістері:  
-
 
түсіндірме-суретті (көрнекілік) әдіс;  
-
 
репродуктивті әдіс;  
-
 
проблемалы  баяндау  әдісі;  бөлшектеп  іздеу  немесе 
эвристикалық әдіс;  
-
 
зерттеу әдісі. 
Мұғалім  әрекетінің  негізгі  құрамдас  бөліктері  бойынша  
Ю.К.  Бабанскийдің
3
 оқыту  әдісінің  үш  үлкен  топтамадан  тұратын 
әдістер жүйесі:  
а)  оқыту  әрекетін  жүзеге  асыру  және  ұйымдастыру  әдістері 
(ауызекі,  көрнекі,  практикалық  репродуктивті  және  проблемалы, 
                                                 
1
 М.  И.  Махмутов  (1926  ж.)  п.ғ.д.,  профессор,  академик.  Проблемалы  оқытудың    теориясы  мен 
тәжрибе негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі сабақтың жаңа жүйесін құрған.  
2
 Л.  Я.  Лернер  және  М.  Н.  Скаткин    оқыту  әдістерінің  жіктеуін  құрған  Кеңестік  педагог, 
дидактиктер.  Л.  Я.  Лернер    оқыту  әдістерінің  жүйесін  жасап,  оқытудың  дидактикалық  незідерін 
айқындаған. 
3
 Ю.К.Бабанский (1927 ж.) – Кеңес Одағының педагогика ғылым Академиясының толық мүшесі. 
Педагогикалық институттың студенттері үшін,  педагогика бойынша оқулықтардың авторы. 

 
49 
индуктивті  және  дедуктивті  өздік  жұмыстары  және  мұғалімнің 
басшылығымен өтетін жұмыстар);   
б) 
ынталандыру 
және 
білімді 
дәлелдеу 
әдістері 
(қызығушылықты  қалыптастыру  әдістері:  танымдық  ойындар, 
өмірлік  жағдайды  талдау,  жетістік  жағдайын  жасау;  білім  алу 
парызын  және  жауапкершілігін  қалыптастыру  әдістері:  білімнің 
қоғамдық  және  тұлғалық  мәнін  түсіндіру,  педагогикалық  талаптар 
қою);  
в)  бақылау  және  өзін-өзі  бақылау  әдістері  (ауызша  және 
жазбаша  бақылау,  зертханалық  және  практикалық  жұмыстар, 
машиналы  және  машинасыз  бағдарламалық  бақылау,  жаппай  және 
сараланған, ағымдағы бақылау және қортынды);  
Жеке дидактикалық оқыту әдістері  
1.
 
Ақпаратты  жеткізу  көзі  мен  қабылдау  сипаты  бойынша  – 
дәстүрлі  әдістер  жүйесі  (Е.Я.  Голант,  И.Т.  Огородников  және  т.б.): 
ауызша әдістер (әңгіме, сұхбат, дәріс және  т.б.); көрнекі (көрсетілім, 
демонстрациялау  және  т.б.);  практикалық  (зертханалық  жұмыстар, 
шығармалар және т.б.).  
2.
 
Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының деңгейі бойынша – 
айтып беру, баяндау, сұхбат, өздік жұмыс;  
3.
 
Нақты  дидактикалық  тапсырмаларға  байланысты  (Б.  П. 
Есипов)  –  қабылдауға  дайындық,  түсіндіру,  материалды  бекіту  және
 
т.б.;  
4.
 
Білімді  бөлу  және  қосу  қағидасы  бойынша  –  талдамалы 
(аналитикалық), 
жинақтамалы 
(синтездік), 
салыстырмалы, 
жалпылаушы, жіктеуші;  
5.
 
Ақыл-ойдың білімсіздіктен білімге жылжу сипаты бойынша 
–  индукциялық, дедукциялық.  
Оқыту формалары мен әдістерін таңдау  
Оқыту  әдістерін  және  үйлесімділігін  таңдау  кезінде  мына 
критерийлерді басшылыққа алған жөн:  
1)
 
оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттары мен  міндеттеріне 
сәйкестік; 
2)
 
оқытылатын материалдың мазмұнына сәйкестігі (күрделілігі, 
жаңалығы, сипаты, материалды көрнекі ұсыну мүмкіндігі және т.б);  
3)
 
сынып оқушыларының нақты оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі: 
жас  ерекшелігіне  (физикалық,  психикалық),  дайындық  деңгейіне 
(білімділік,  даму,  тәрбиелілік,  ақпараттық  және  коммуникациялық 
технологияларды игеру дәрежесі бойынша), сыныптың ерекшелігіне;  
4)
 
іс  жүзіндегі  жағдайға  сәйкестік  (кабинеттің  тиісті  оқу 

 
50 
құралдарымен жабдықталуы
1
, электронды және баспадан шыққан оқу-
әдістемелік  материалдардың  болуы)  және  оқуға  жеке  уақыттың 
бөлінуі;  
5)
 
эргономикалық  жағдай  (кесте  бойынша  сабақ  өткізу  уақыты, 
сыныптың  толықтығы,  компьютерде  жұмыс  жасау  ұзақтығы  және 
т.б.); 
6)
 
мұғалімдердің  дербес  өзгешеліктеріне  және  мүмкіндіктеріне 
сәйкестік  (мінез-құлқы,  қандай  да  бір  әдісті  меңгеру  деңгейі, 
сыныппен  қарым-қатынасы,  бұрынғы  тәжірибесі,  психологиялық-
педагогикалық  деңгейі,  әдістемелік  және  ақпараттық-технологиялық 
дайындығы).  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет