Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


-2 сурет. Ұйымға функционалды көзқарасты жете түсіну  6-3 сурет



Pdf көрінісі
бет28/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80
6-2 сурет.
Ұйымға функционалды көзқарасты жете түсіну 
6-3 сурет. 
Әрекеттегі функционалды көзқарас
Функцияларды ұғыну ұйымнан тыс мақсатты белгілеуден 
басталады, одан кейін бірінші қызметтің орындалуы өндіруші 
үдерістің қызметіне басталғанын білдіреді. 
Ұйымның шынайы режимде функцияларын орындауы «кері 
тізбекке» ие: олардың орындалуы №X-қызметінен басталады, яғни 


68
ұйымнан тыс мақсатқа бағытталған қызметтерінің соңғысы (ұғыну 
процедурасына сәйкес) немесе бастапқы (ұйымдастырылған 
өндіруші үдеріске сәйкес) болып саналады. 
Қарастырып отырған мәселесінің тұрғысынан ұйым қызметтер
жиынтығын міндетті түрде орындауға бағытталған өндіруші 
құрылымды бейнелейді. Ұйымның әр қызметті орындауы ұйымға 
белгілі бір шығындар алып келеді. Кәсіби маманданған менеджер 
мұны біле тұра шығындарды қысқартуға, бұл деген артық функ-
цияларды жоюға немесе оларды оңтайландыруға, яғни не жоғары 
тиімді, не аз шығынды әрекеттерді жасауға, тырысады. 
Функционалды (нақтырақ, үдерісті-функционалды) көзқарасқа 
сүйену менеджердің басқарып отырған ұйымының тиімділігін 
арттыратын нақты тәсілдерді табу ынтасын мен ұмтылысын 
білдіреді. 
 6.2. Басқарудағы функционалды көзқарастың екінші 
нұсқасы 
Лауазымды тұлға нақты қызметті жүргізуші ретінде.
Басқару 
объектісі, яғни ұйым нақты міндетті орындалатын қызметтері бар 
өндіруші құрылым ретінде қарастырылады. 
Бірақ нақты жағдай көрсеткендей, тек қана ұйым емес, кез 
келген тәжірибелі менеджер нақты қызметті тасушы мен орында-
ушы ретінде көрінеді. 
Кез келген қызметкер өзінің міндеттерін өзінің лауазымдық 
өкілеттілігі немесе өзінің мәртебесіне қарай орындайды. Жұмыс-
кердің қызметі – бұл оның лауазымдық міндеттерінің тізбегі. 
Қызмет түсінігі іс-әрекеттің шынайы режимде жасалуын емес, тек 
қана қызметкердің өз лауазымдық міндеттеріне сай әрекеттерді 
орындауға дайындығын білдіреді. Менеджер үшін осы мәселені 
түсіну міндетті түрде орындалуы тиіс барлық функцияларды 
бағынушыларға бөлуді, олардың әрқайсысына нақты функцио-
налды міндетерді бекітуді көрсетеді. 
Ұйым тұрғысынан қарағанда қызмет тек қана ісәрекеттерді 
белгілеуді білдіреді. Біз қызметті белгілеген кезде тек қана сана-
мызда жасау керек әрекеттерді бекітеміз. 


69
Нақты нәтижені алу үшін біз нақты әрекеттер мен әрекеттер 
блогын шынайы режимде орындауымыз керек. Нәтижеге жету 
міндеттерін белгілегенде, нақты қызметті тасымалдаушыға 
қызмет түсінігін жұмыс операцияға, яғни шынайы режимде жа-
салатын әрекеттерге, жұмыс деп аталатын үдеріске аудару қажет. 
Менеджер тұрғысынан қызмет түсінігінің жұмыс операциясы-
на ауысуы: 
– әрекет нақты қалай жүзеге асырылатынын ұғынуды; 
– әрекетті орындаушыны анықтауды;
– белгілі бір нысанда немесе технологиялық талаптарға сәйкес 
нақты әрекетті жасау бойынша орындаушыға оның міндеттерін 
түсіндіруді білдіреді. 
Осындайда менеджердің бағыныштыларының әрекеттерін 
реттеу жөніндегі қызметі анықталады: егер өндіруші үдерістің 
технологиясы туралы шешімді ол қабылдайтын болса, әр орында-
ушы таңдалған технологияға сай қызмет етуі қажет және сол тех-
нология шеңберінде менеджер өзінің бағыныштылар жұмысын 
реттейді. 
Менеджер тұрғысынан жұмыс операциясы орындаушы тұр-
ғысынан дәл соны білдірмейді. Менеджер шынымен қызметті 
(функцияны) жұмыс операциясына ауыстырады. 
Менеджер жұмыс операцияларын жоспарлау кезінде: 
– Нақты не істеліну тиіс?
– Бұл қалай істеліну керек?
– Оның орындаушысы кім?
– Қашан жасалуы керек? – дегендерді белгілейді. 
Менеджер үшін жұмыс операциясы болып табылатын, 
орындаушыға бұл жұмыс операциясы міндетті түрде орын-
далатын тапсырма ретінде жеткізіледі. Орындаушы алған 
тапсырманың мәнін жете түсіну арқылы, оны жұмыс операциясы 
деп аталатын бірнеше жеке әрекеттер блогына бөледі.
Мұндай жағдайда орындаушының өзі жұмыс операцияларын 
жоспарлайды. Олар керек кезде менеджердің немесе жоғары 
басқарушы бұынның бақылауымен жасалуы мүмкін. 
Сонымен, менеджер белгілі функциялардың орындалуы өзіне 
жүктелетін, сол функциялардың тасымалдаушысы ретінде та-


70
нылады. Ол бұл функцияларды орындаушыларға делегирлеуі 
мүмкін, бірақ функциялардың орындалуына жауапты болып 
өзі саналады. Басқару кәсіби қызметтің ерекше нысаны ретінде 
міндетті орындалатын функциялар белгілі жиынтығы болып 
қарастырылады. Мұндай жағдайда менеджер лауазымды тұлға 
ретінде оған қандай нақты функциялар бекітілетінін жете түсінуі 
керек. Сонымен бірге, ол осы функцияларды қалай орындау ке-
рек екенін, жоғары тиімділікке және жоғары нәтижеге қалай қол 
жеткізуге болатынын анық ұғыну қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет