Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Өндіруші үдеріс сызбасын модельдеу: классикалық



Pdf көрінісі
бет25/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80
5.3. Өндіруші үдеріс сызбасын модельдеу: классикалық 
және инжинирингтік көзқарас 
Менеджер өндіруші үдеріс емес, адамдар, яғни орындаушы-
лар, бағынушылар оның кәсіби назарынның негізгі объектісі 
ретінде көрініс табады деп басқарушылық қызметтің жалған 
тұжырымдамасын пайдалана бастайды. Әрине, адамдарды ұйым 
ішінде тиімді басқару қажет, бірақ адамдар бұл ұйымда оның 
өндіруші үдерісі жүзеге асырылатындықтан жұмыс жасайды.
Өндіруші үдерістің сызбасы өндіріс ұйымдастырушының 
белгілі ретімен орындалатын жұмыс операциялары бойынша 
атқарушыларды бірлестіру процедурасы туралы түсінігі бо-
лып табылады. Сонымен қатар өндіруші үдеріс сызбасы өндіріс 
ұйымдастырушының ұйым мақсаттарына қол жеткізу үшін жа-
салуы тиіс іс-әрекеттер процедурасы туралы көрініс. Бұл тезис 
өндіріс ұйымдастырушысы оның негізгі біліміне қарамастан 
өндіріс технологиясы туралы аз болса да білімі болуы қажет 
екенін тұжырымдайды. 
Жиналған тәжірибе өндіруші үдерістің сызбасын модельдеудің 


62
екі көзқарасы болуы мүмкін туралы дәлелдейді. Классикалық 
көзқарастың мазмұны жинақталған тәжірибені қайталауға, оны 
менеджер басқарып отырған ұйымға көшіруге алып келеді.
Менеджер оңтайлы ойлау және жинақталған өмірлік байқаудың 
негізінде өндіруші үдерісті модельдейді. Мұндай көзқарасты пай-
далану әдістеменің мазмұны менеджермен міндетті түрде жүзеге 
асырылатын келесі іс-әрекеттер блоктарына алып келеді: 
1. Менеджер сыртқы ортаны оның құрылымындағы ұйымға 
әсер ететін немесе оның сыртқы ортамен байланысында еске-
ру қажет әр факторын айқындау арқылы зерттейді. Менеджер 
ұйымның сыртқы ортаның ағымдық және болашақ талаптары-
на бейімделушінің нақты нысандары мен әдістерін іздестіреді. 
Менеджердің классикалық көзқарасқа сүйену барысында 
сыртқы ортаны мүмкіншіліктер мен қауіптер жиынтығы ретінде 
қарастыру жөн болады; 
2. Менеджер сыртқы ортаны талдау нәтижесінде ұйымдас-
тырудан тыс мақсатын құрады. Ұйымдастырудан тыс мақсат та-
быс көрсеткіштері мен ұйымның нарықтағы үлесі арқылы көрініс 
табады. Ұйымдастырудан тыс мақсатты қалыптастырған кезде 
менеджер сыртқы ортадан келген мүмкіншіліктер мен ұйымның 
өз мүмкіншіліктерін қосуға, сонымен қатар сырттан келетін 
қауіптерден сақтануға ұмтылады;
3. Ұйымдастырудан тыс мақсатты бір нақты нысанда бекіту 
арқылы менеджер ұйымның ішкі мақсатын құрады. Ұйымның 
ішкі мақсаты деп шынайы түрде әлі жоқ, бірақ нақты әрекеттерді 
жүзеге асыру арқылы міндетті түрде болуы тиіс сандық және 
сапалық сипаттамалары бар нәтижені айтады;
4. Менеджер ұйымішілік мақсатты бекіту нәтижесінде 
ұйымшылық міндеттерді қалыптастырады. Мұндай міндеттер 
өндірістік бөлімшелердің өндірістік тапсырмаларын көрсетеді. 
Мұндай жағдайда менеджер ұйымның аймақтық бөлінуі мен 
аймақтық басқару тұжырымдамасы сызбасына сүйенеді. 
Ал құрылымдық бөлімшелер қажеті жоқ шағын ұйым шең-
берінде жұмысшыларға нақты қызметтерді бөліп беру мәселесі 
қарастырылады; 
5. Мұндай міндеттерді алған әр құрылымдық бөлімше іс-


63
әрекеттерін шынайы режимінде жүзеге асырады. Ол міндетерді 
орындау мен нақты нәтижеге жетуді көздейді. Мұндай іс-
әрекеттерді жүзеге асыру орындаушылардың нақты қызмет опе-
рацияларын орындауын білдіреді; 
6. Шынайы режимде құрылымдық бөлімшелердің іс-әрекет-
терін жүзеге асыру үдерісінде менеджердің міндеті мұндай 
тапсырыстардың орындалу процедураларына бақылау болып та-
былады. 
7. Менеджер ұйым үшін маңызды болып табылатын және 
бірінші талдау барысында менеджермен болжанбаған сыртқы 
ортадағы болып жатқан өзгерістерді бақылап отыруы керек.
Өзгерістерді біліп отыру менеджерге оларға тиісті жауап беру 
үшін керек.
Менеджерге классикалық көзқарас тұтынушының әрекетіне 
байланысты ағымдағы өзгерістерге сәйкес өндіруші үдерісті 
сатылық тәсілмен жетілдіруге мүмкіндік береді. 
Классикалық көзқарас менеджерде айқын ұйымдастырушылық 
қабілеттің болуын және ұйымның барлық қызметінде, ең алды-
мен, өндіруші үдерісті ұйымдастыру шеңберінде әрекет ететін 
барлық элементтерінде баланс пен теңгерімділікті орнатуды 
көздейді. 
Инжинирингтік көзқарас классикалық көзқарасқа қарағанда 
менеджерге мүлде басқа талаптар қояды. Ол менеджердің 
ұйымдастырушылық қабілетіне емес, шығармашылық қабілетіне 
және бұл қабілетті іске асыруға негізделеді. 
Инжинирингтік көзқарастың мазмұны менеджер басқа ұқсас 
кәсіпорындарда қолданылатын өндіруші үдерісті ұйымдастыру сыз-
басын қайталауға емес, сондай сызбаны өзінің тұжырымдамалары 
мен логикалық ойларына негізделіп қалыптастыруға ұмтылатынын 
көрсетеді. Менеджер бұл жағдайда өзінің тұжырымдамалары 
негізіне клиенттің, сатып алушының, тұтынушының кәсіпорынмен 
өзара қатынас жасаудың үлгілі процедурасын алады. Инжирингке 
ресми оқыту мүмкін емес. Инжиринг бойынша жұмыстың барлық 
мазмұндық бөлігі - менеджердің өзінің ой тұжырымдамаларының 
нәтижелері, ал әр адамның менталдық қабілеті ерекше жеке 
сипатқа ие. 
Менеджер өзінің жеке идеологиясы бойынша іскерлік бел-


64
сенділік ортада өндірілетін өнімнің максималды көлемін сатуға 
мүмкіндік бар екеніне сенушілік болғанда ғана іскерлік жетістікке 
кол жеткізу мүмкін деп санайды. Мұндай мүмкіндік максимал-
ды барлық тұтынушылар назары кәсіпорынның бәсекелесіне 
емес, оның өзі өндіретін тауарға аударылған жағдайда ғана 
шынайыға айналады. Осыдан өндірушінің негізгі міндеті өзінің 
тауарына тұтынушыны қызықтыру қажеттілігіне алып келеді. 
Бірақ тұтынушы сол тауарды сатып алу немесе одан бас тарту 
шешімін өзі қабылдайды. Менеджер тек қана оны сол шешімнің 
дұрыс екеніне сендіруге тырысады, ал сендіру дегеніміз басқа 
өндірушімен емес, тек қана ұйымның өзімен сол жағдайда 
қатынас жасаудың артықшылығын, пайдасын, ыңғайлылығын 
сезіндіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет