1.3. Басқару ментальды, мазмұнды және технологиялық
үдеріс ретінде
Менеджер өз кәсіби қызметінде көптеген өзгерістерге тап
болады және оның қабылдайтын шешімдерінің жіктемесі ай-
тарлықтай кең. Алайда, оның барлық қабылдайтын шешімдері
(аяқасты қабылданатын шешімнен басқалары) – оның ментальды
қызметінің нәтижесі. Менеджерге белгілі ментальды әлеуетке ие
болғаны дұрыс, оны әрдайым дамытып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Ұйымның қызмет етуінің тиімділігі менеджердің ментальды
әлеуетіне тәуелді: ол қандай шешім (тиімді, тиімді емес, нақты
қолжетімді немесе қолжетімсіз) қабылдаса, сондай нәтижеге
үміттенуге болады. Менеджердің ментальды әлеуеті ретінде
білім алу үдерісіндегі немесе тәжірибелік қызмет барысындағы
кәсіби ойлау стереотипін қарастырамыз.
Кәсіби ойлау стереотипі деп ойлау деңгейінде обьективті
жағдайға едәуір жақын қоршаған әлемнің бейнесін, сонымен
қатар басқарушылық қызметтің тұтас тұжырымдамасын мак-
сималды түрде бөлшектеп қалыптастыруды айтамыз. Сонымен
бірге, кәсіби ойлау стереотипі менеджердің ойлау деңгейінде
12
оның кәсіби қызметіне, сондай-ақ басқару обьектісіне әсер ету
мүмкін қоршаған әлемнің өзгерістерінен, құбылыстарынан ке-
ректерін автоматты түрде қабылдау және соларға менеджердің
кәсіби жауап беру дағдыларын білдіреді.
Басқару мазмұнды үдеріс ретінде менеджердің басқару
обьектісіне (ұйымға) немесе оның бір немесе бірнеше құры-
лымдық бөлшектеріне мақсатты бағытталған түрде әсер етуін
қарастырылады.
Егер әсер ету нәтижесінде оң өзгерістерге қол жеткізілсе, оны
тиімді деп айтамыз, ал егер нәтижесінде ұйымның қызметі на-
шарласа немесе ешқандай өзгерістер байқалмаса, онда әсер етуді
тиімсіз деп қарастырылады.
Жалпы, кәсіби деңгейдегі басқарушылық қызметтің мақсаты
болып менеджердің әсер ету обьектісін өзгерген қалыпқа жет-
кізуге ұмтылуы және сол обьектіні менеджердің ойлау тұрғысынан
жеткілікті деңгейге апаруы саналады.
Басқару обьектісінің өзгерген қалыпқа қол жеткізу үшін ме-
неджер басқа да кәсіби мамандар сияқты кәсіби мақсатқа жету
үшін басқару үдерісінде өзіндік әдістерін, дағдыларын, тәсілдерін
қолданады. Менеджермен қолданылған құралдар ескірген және
заманауи деп жіктелуі мүмкін. Мысалы, өндірістік үдеріс сыз-
басын модельдеуде инжинирингтік көзқарасты қолдану жаңа
құралдарды қолдануға жүгінгенін білдіреді.
Басқару технологиялық үдеріс ретінде:
– қабылданған шешімнің орындалу процедураларын жоспар-
лау;
– дайындалған жоспарды орындау, яғни дайындалған жос-
пардың негізінде нақты орындаушыларға нақты іс-әрекеттерді
бекіту;
– орындаушыларды ынталандыру, нәтижесінде олар менед-
жерге дұрыс көрінетін кәсіби мінез-құлықты таңдайды;
– қабылданған және жүзеге асырылған шешім барысы мен
нақты нәтижені бақылау сияқты менеджердің төрт басқарушылық
функцияларды кезекпен орындау арқылы жүзеге асады.
Басқарушылық қызметтің сызбасы туралы толық көріністі
1.1-суреттен
қараңыз.
13
Келтірілген сызбада
(1.1- сурет)
басымды немесе екінші
дәрежелі мәнділік сапасындағы басқарушылық қызметтің кез кел-
ген субьективті нұсқасындағы барлық құрауыштары қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: |