9
Өндірістің көлемі көзқарасы тұрғысынан ұйымдарды: ірі,
орта, шағын және ұсақ деп жіктейді.
Ұйымның мүшелері санына байланысты ұйымдар: жаппай,
ірі, орта, шағын және бір адамнан құралған болуы мүмкін.
Ұйымдардың қызмет ету географиясына байланысты: халық-
аралық (көпұлттық немесе трансұлттық), ұлттық, аймақтық, жер-
гілікті болып бөлінеді.
Толық өндірістік үдеріс шеңберінде алатын орнына байланы-
сты ұйымдарды:
– негізгі, тұтынуға дайын өнімді, тауарды немесе қызмет түрін
өндіретін;
– қосымша, негізгі ұйымдарға қызмет көрсететін, мысалы,
маркетингтік, жарнамалық немесе кадрларды таңдаумен айналы-
сатын ұйымдар ажыратады.
Шешім қабылдаудағы еркіндігінің
кеңістігіне байланысты
ұйымдар: тәуелсіз, еркіндігі шектеулі, тәуелді болады.
Кез келген қызмет етуші
ұйым барлық атқарылатын іс-
әрекеттерді үйлестіретін, келістіретін, өзара байланыстыратын,
өзгермелі жағдайға сай мақсаттарды қалыптастыратын және
түзейтін, ұйымның қызметіне талдау жүргізетін және оны қайта
жаңғыртатын бір орталықты талап етеді. Ұйымның осы орталық
қызметінің рөлін менеджер – ең кем дегенде, ұйымды сақтап қалу,
яғни банкроттықты, еріксіз жойылу және т.б. болдырмау секілді
негізгі лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру үшін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: