37
неджерге ұйым шығаратын тауарға деген жиынтық сұраныс
көлемін, осы сұранысты қанағаттандыру деңгейі мен менеджерді
қызықтыратын тауардың минималды, максималды бағалары,
ұйым тауарының нақты бағасының әділеттігі мен дәлелдігі тура-
лы жалпы көріністі алу жаксы болар еді.
Бәсекелестік ортаны түсіну әдісі болып табылатын бәсеке
парағын жасау. Бәсеке парағы ұйым шығаратын тауардың бәсекеге
қабілеттілігін көрсетеді, себебі басқа да жабдықтаушылармен
шығарылатын тауар мен ұйымның нарыққа шығаратын тауарды
салыстырмалы талдау болып табылады.
Бәсеке парағы ұйымның өзі өндіретін тауарының обьективті
бағасын анықтау әдісі де болып көрінеді. Обьективті баға деп
нарықта айналымда жүрген аналогты не біртипті тауарлар
мен өзіндік тауар сипаттамаларын салыстыру арқылы дәлелді
қалыптасқан бағасын айтады.
Сонымен қатар бәсеке парағы менеджерге өзінің тауарының
нарықтағы тауарлармен салыстырғанда артықшылығы бола-
тын сипаттамаларды белгілеуге мүмкіндік береді. Әлеуетті
тұтынушыны өзінің тауарына қызықтыру үшін және нарықтағы
басқа тауарлардан осы тауар жақсырақ болғанын сендіру үшін
бұл артықшылықтарды сол тұтынушыға жеткізу пайдалы бола-
ды.
Әр ұйым бәсекелестік ортада қызмет етуге мәжбүр, яғни
бәсекелестік үдерісінің де қатысушысы атанады. Ұйымның
бәсекелестік ортада алып отырған жайғасымы − менеджерді
қызықтыратын мәлімет. Мұндай жайғасым
көшбасшы
(басқа
ұйымдарды озып келе жатқан) немесе
қуушы
(көшбасшыдан
қалып жатқан, бірақ алшақтықты үлкейтпеуге тырысып жатқан)
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: