Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Шешім қабылдау орта өзгерістеріне жауап беру



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
1.2. Шешім қабылдау орта өзгерістеріне жауап беру
 нысаны ретінде
Менеджер үздіксіз өзгермелі ортада күнделікті және сағат сай-
ын қызмет етуге мәжбүр. Мұндай жағдайда менеджер ұйымды 
сақтап қалу үшін осы ортада болып жатқан, өзі басқарып отырған 
ұйымға қандай да бір қатысы бар барлық өзгерістерге жауап 
береді. Өзгерістерді ескермеу, оларға кешігіп жауап беру не-
месе қате жауап беру ұйым үшін жағымсыз салдарын, іскерлік 
белсенділік майданнан еріксіз кетуіне дейін алып келуі мүмккін. 
Менеджердің өзгерістерге жауап беруінің бір ғана мүмкіндігі 


10
бар – ол шешім қабылдау. Шешім қабылдау (ШҚ) – бұл мақсатты 
қалыптастыру (Қм), мақсат шын мағынасында жоқ, бірақ ме-
неджердің ойында болатын нәтиженің сандық және сапалық си-
паттамасы – (С + с)нс. Кәсіби маманға өз ойлау қабілетіне келесіні 
ендіріп алуы керек: ШҚ → Қм → (С + с)нс.
Сонымен, басқарушылық шешім ұйымның мақсаты ретінде 
қалыптастырылған нәтиженің нақты сандық және сапалық си-
паттамасы. 
Мақсат дегеніміз − шешім қабылдау кезеңінен уақыт өткеннен 
кейінгі болашақтағы ұйымның бейнесі. Ұйымның болашақтағы 
бейнесі менеджердің жақын немесе алыс болашақта өз ұйымын 
елестету көрінісі болып табылады. 
Барлық жағдайда мақсат нәтиже болып табылады: нақты – 
мақсатқа қол жеткізілген жағдайда немесе ойда қалыптасқан, 
екеуі де нәтиже болып саналады. Сонымен қатар нәтиже ұйымның 
өсу нысаны ретінде қарастырылады. Аралық мақсат дегеніміз 
міндет болып табылады. 
Міндет мағынасы бойынша қалыптастырылған мақсатқа 
қол жеткізу мүмкіндігін алу үшін шешілуі тиіс мәселе болып 
табылады. Менеджер басқарушылық міндеттерді шешкен соң 
мақсатқа жетудің шарттарын қалыптастыра бастайды. Олар 
«мақсат» ұғымымен салыстырғанда ұйымның өсуін көздемейді. 
Қарастырылып отырған ұғымдарды терең түсіну үшін: мақсат 
менеджер қызметінің стратегиясымен, міндет тактикасымен бай-
ланысты түсінікті қолданады.
Мақсат түсінігімен жаңа өнім тікелей байланысты. Жаңа 
өнім нақты немесе әлеуетті тұтынушыға ұсыну үшін арналған, 
ұйымдастырушылық әрекеттердің нәтижесі ретінде көрінетін та-
уар немесе қызмет түрін білдіреді, ұйымның өсіміне негіз бола 
алады. Ұйымдастырушылық әрекеттердің жаңа өнім сипатына 
кірмейтін қалған бөлігі осындай өндірістің керекті жағдайын 
жасау мен өндіріске дайындау немесе қандай да бір нақты 
жұмыстарды орындау болып табылады. 
Ұйымның өсіміне тек дәстүрлі өнімдерге қосылған жаңа 
өнімді өндіру арқылы қол жеткізуге болады, ол басқарушылық 
мақсаттарды қалыптастыру нәтижесі ретінде іске асады. 


11
Ұйымның өсуі – тұтынушыларын сақтап қалу үшін сыртқы 
орта шарттарына сай өзгеретін өзгерістер ретінде немесе та-
быстылығының өсуіне болашақта әсер етуге қабілетті немесе 
әсер етуші оның оң мәнді сандық немесе сапалық өзгерісі. 
Менеджердің кәсіби көзқарасын талап етуші обьект ретінде 
басқарушылық мәселе болып табылады. Ол мақсаттар неме-
се міндеттерге қарағанда менеджермен қалыптастырылмайды, 
анықталады, себебі оны менеджердің менталды қызметінің өнімі 
ретінде емес, ұйымның жақсы нәтижелерге қол жеткізуіне кедергі 
келтіруші ретінде қарастырамыз. 
Сонымен, шешім қабылдау – бұл мақсаттарды қалыптастыру, 
мақсат менеджердің ойлау әрекетінің нәтижесі болып табыла-
ды, міндет мақсатқа қол жеткізу шарттарын қалыптастыруға 
ұмтылыс, ал мәселе есепке алуды, жою мен оны жеңіп шығуды 
қажет ететін кедергі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет