Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Өндірістік үдерістің дайындау сатысының функциялары



Pdf көрінісі
бет20/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
4.2. Өндірістік үдерістің дайындау сатысының функциялары
Фирманың өндіруші үдерісінің мәселесін ұғынуда біз фир-
маның басты функциясы қандай да бір тауарды немесе тауар-
ларды өндіру деп түсінеміз. Өндіріс деп біз өндіріс фаторларын 
құрамдаудың әдіс-тәсілдері, нақты нысандарын түсінеміз. Бірақ, 
өндірістің талап етілетін факторларын енгізуді мүмкін ету үшін, 
алдын ала даярлық сипаттағы әрекеттер жиынын жүзеге асыру 
керек.
Фирма тек оның кәсіптік функциялары үшін қажеттінің 


46
бәрі қолда бар екендігіне сенімді болса ғана тұрақты қызмет 
атқара алады. Осы мақсатта фирма өндірістік запастарды, яғни, 
өндірістік үдерістің қалыпты ағымы үшін қажет қорларды өзіне 
қалыптастыруы тиіс.
Өндірістік запастардың оңтайлы көлемін анықтауға көптеген 
факторлар әсер етеді (өндіріс сипаты, қорлардың болуы, жаб-
дықтаушының алыс орналасуы және оның қызмет ету шарттары, 
көлік коммуникациялар жағдайы және т.б.). Қойылған партияның 
(өндірістік запастардың) оңтайлы өлшемі норма-күндерімен 
(шикізатқа деген күндізгі қажеттілік шикізатты кезекті жеткізу 
күндері арасындағы жұмыс күндерімен есептелетін уақытқа 
көбейтіледі) анықталады. Жеткізу кестесіндегі мүмкін олқылық 
тәуекел деңгейін төмендету үшін, шикізатты жеткізуге алғашқы 
тапсырысты кәсіпкер қалған кезектілерге қарағанда үлкен көлемде 
жүзеге асырады. Егер жеткізу кестесінде шынында олқылықтар 
алған жағдайда, өтуші қалдық бірнеше уақыт аралығында өндіріс 
ырғақтылығын бұза алмайды, осы уақытта кәсіпкер орын алған 
жағдайды дұрыстау үшін қажетті іс-әрекеттерді қабылдай алады. 
Кейбір кәсіпорындар үшін (әсіресе, саудамен айналысатын) 
запастардың оңтайлы көлемін анықтау мәселесі шешуші рөл 
атқарады. Мұндай жағдайлар қатарында запастар оптимумын 
анықтаудың әмбебап әдісіне сүйенуге болады. Мұндай әдіс 
Вильсонның атақты формуласына негізделеді: 
Мұнда, Ко – сатып алынатын тауарлартың онтайлы мөлшері; 
Кж – сатып алынатын тауарлардың жылдық көлемі (есеп 
бірлігінде);
Шп –бір партияны сатып алу бойынша шығындар;
Бфқ- сатып алушылардың франко-қойма жағдайларындағы 
тауарлық бірлік бағасы.
Шқ – қоймалау кезеңіндегі тауарларға қызмет көрсету бойынша 
шығындар. (Шқ мен орташа жылдық өндірістік запас арасындағы 
қатынас).


47
Көпшілік тәжірибеден өтуші менеджерлер өндірістік за-
пастарды басқаруда сатып алынатын ресурстарды сақтаумен 
байланысты өндіріс шығындарын минимизациялауға тырыса-
ды. Шыңынға ұшырау мәселесін менеджердің ойластыруында 
қолданылатын негізгі көрсеткіш ретінде өндірістік запастарды 
пайдалану коэффициенті болып табылады (әр ресурс бойын-
ша жеке). Мұндай коэффициент дайын тауарлық өнім (партия) 
құрамындағы ресурс мөлшерінің осындай тауарлық партияны 
өндіру үшін ұйыммен сатып алынатын осы ресурстың мөлшері 
қатынасына тең:
Мұнда:
К зп – үнемі 1,0-ге талпынуы тиіс өндірістік запастарды пай-
далану коэффициенті; 
К дтр- дайын тауар құрамында бар ресурс мөлшері; 
К ср – сондай тауар өндірісі үшін сатып алынатын ресурс 
мөлшері; 
Осы басқару шеңберін қарастыру барысында менеджердің:
– өндіріс запастары сақталатын қоймалық бөлімшелердің бо-
луын қамтамасыз ету; 
– запастардың (жарамсыз болуынан, шығындарынан, мүмкін 
ұрлықтарынан) сақталуының қауіпсіз жағдайларын максималды 
қамтамсыз ету; 
– өндірістік запастардың оңтайлы өлшемін анықтау; 
– запастардың жабдықтаушылардан қажетті мөлшерде түсу 
кестесін құрастыру және оны ұстануға бақылауды жүзеге асыру 
сияқты міндеттерін белгілеуге болады:.
Өндірістік қорларды қамтамасыз ету үшін өндірістік запас-
тардың және басқа да талап етілетін ресурстардың серіктес-
жабдықтаушыларымен келісім шарт қатынастарын бекіту қажет. 
Серіктестік байланыстарды басқару: 
– тұтынатын ресурстарға кететін шығындарды минимиза
циялау; 
– енгізілетін ресурстардың сапасын жоғарылату; 


48
– тұрақты серіктес-жабдықтаушыны іздеу сияқты нақты мақ-
саттарды қалыптастырып қою жіне оларға қол жеткізуді болжай-
ды.
Осы мәселе шеңберінде менеджерден серіктестік байланыс-
тардың неғұрлым тиімді нысанын таңдау талап етіледі. Бұл 
үшін тәжірибеде қолдануда серіктестік байланыстардың барлық 
мүмкін нысанын білу қажет. 
Сондай-ақ әрбір менеджердің келісімшарт қатынастары мә-
дениетінің қажеттілігін жете түсінуі маңызды. Келісімшарт 
қатынастарының мәдениеті – сыртқы ортамен қалыптасатын 
адамның жалпы мәдениетінің нәтижесі. Экономикалық байла-
ныстардың, қоғам құрылымының күрделенуі шарасыз кәсіпкерлерді 
ойынның белгілі бір ережелерін ұстану қажеттілігіне алып келеді. 
Өзара қарым-қатынастың жаңа мәдениетінің біртіндеп пайда бо-
луына, шарт келісімдеріне міндетті орындалу қажеттілігіне дайын 
болу керек. Серіктес байланыстар: 
– өндіріс үдерісін қалыпты ұйымдастыру үшін барлық 
қажеттінің жабдықтаушылармен қарым-қатынасы;
– өнім тұтынушыларымен қарым-қатынасы сияқты негізгі екі 
бағыттар бойынша дамиды:;
Серіктестік қарым-қатынастар кәсіпкердің олармен ынты-
мақтастық орнату барысында өз серіктестерінің алдында өзіне 
қабылдайтын нақты құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруды 
болжайды. Мұндай құқықтар мен міндеттер кәсіпкердің өзімен 
және оның серіктестерімен қол қойылған келісімде бекітіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет