65
6. БАСҚАРУДАҒЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ КӨЗҚАРАС
6.1. Функционалды көзқарасты екіжақты түсіндіру. Басқару
объектісіне функционалды көзқарастың бірінші нұсқасы
Менеджментте функционалды көзқарас деп өзінің лауазымдық
міндеттерін тиімді орындауға бағытталған кәсіби менеджердің
қажеттіліктерінен шығатын орындалуы тиіс екі басқару тәжі-
рибеде кездесетін үдерісті немесе екі блогты атайды.
Менеджер жұмыс барысында екі түрлі үдерістерді кездестіреді.
Бірінші үдеріс - бұл менеджер басқаратын ұйым шеңберіндегі бо-
латын өндіруші үдеріс. Екінші - бұл қоғамдық өндіруші үдерісі,
оның шеңберінде менеджер басқаратын ұйым бір тұтас үдерістің
көп қатысушыларының (субьектілерінің)
тек қана бірі болып
көрінеді.
Бірінші үдерісте менеджердің өзіне белгілі және нақты функ-
циялар бекітіледі, себебі ол ондай үдерістің негізгі субъектілерінің
бірі болып көрінеді.
Екінші үдерісте кей бір белгілі функциялар өзі еркімен
ұйымның өзіне бекітіледі. Қоғамдық өндіруші үдерісте ұйымның
негізгі функциясы нақты тауарды, өнімді, қызметті белгілі сипат-
тарымен өндіру және сыртқы ортаға шығару болады. Менеджер
осындай негізгі функцияны тиімді орындау үшін, оны бөледі, яғни
құрылымдайды. Ұйымның міндеттерінің осындай толық тізімін
жасау менеджментте функционалды көзқарасты бейнелейді.
Осындай көзқарастың шеңберінде менеджер өзінің функ-
цияларын және ұйымның
функцияларын жете түсінуге ұмтыл-
ғандықтан, басқару әрететтердің осы екі түрін шартты нысанын-
да «басқарудағы функционалды көзқарас: бірінші нұсқасы және
екінші нұсқасы» деп белгілейміз.
Тиімді қызмет ететін менеджер ол
басқаратын ұйым көлемі
мен қызмет масштабына қарамастан өндіруші үдеріс қоғамында
әрекет ететін көптеген субъектілерінің бірі болып табылатынын
біледі. Менеджер алдында жаһанды өндіруші үдерісінде ұйым
не істеу қажет және ол тиімді болуы үшін қалай жасалуы тиіс
дегенді жете терең және толық түсіну қажеттілігі туындайды.
66
Сонымен қатар тиімді қызмет жасайтын менеджер өзін ұйымнан
болжамдалатын күтілімдерді ұйымның әрекетінде нақты болған
және сыртқы ортаға шығарылған нәтижелермен салыстыруға
бағыттайды.
Менеджер мұндай салыстырмаларды
өз ұйымының орталық
жағдайын және сонымен бірге шеткі ұйымдарды белгілеу арқылы
жүргізе алады
(6.1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: