116
лып
есептелінеді, алайда ерекше тиімділігі мен сирек кездесуі
ерекше топқа бөлуге әкелді. Бұл шешімдер эврикизм қағидасы
негізінде қабылданады. Бірегей шешімдер – ол әрқашанда жарып
өту, ол әрқашанда прогресс, ол әрқашанда дамудың келесі сатына
көтерілу деген сөз.
Сонымен қатар барлық шешімдерді:
– дәстүрлі шешімдер;
– дұрыс мағынада негізделген шешімдер деп өзгеше жіктеуге
де болады.
– кәсіби шешімдер.
Кәсіби шешімдер жүйелілігімен
және өзара байланысқан-
дығымен ерекшеленеді. Осындай шешімдер әдетте менеджмент-
те ғылыми деп танылған әдіс негізінде қабылданады. Ғылыми
әдіске ғылымның жалпы дамуынан және басқару ғылымының
басқа да танымдық салалармен интеграциялау арқасында пайда
болған бүгінгі ең жетілген амал-әдістер жатады. Осы әдістің үш
ерекшелігі бар, оларға:
– шешім қабылдауды дайындағанда ғылыми тәсіл ;
– қабылданатын шешімді жүйелі бағдарлау;
– ең тиімді шешімді қабылдау үшін гипотезаны тексеруді мо-
дельдеу жатады.
Операцияларды зерттеуді
шешім қабылдау әдісі, сонымен
қатар жұмыс операциялары және оның блоктар үдерістерін тал-
дау әдісі деп те атайды. Осы әдістің мағынасы мен мәнін тиімді
менеджмент тұрғысынан қарастырсақ, әрекет етуші ұйымдардың
барлығында дерлік жұмыс операцияларын жеңілдетуге болады.
Кейбір жұмыс операцияларын мүлдем алып тастаса немесе олар-
ды басқа операциялармен не осы операция блоктарымен біріктірсе
болады. Жұмыс операцияларын талдау кейде менеджерді белгілі
бір операцияны жүзеге асыру қажетінің жоқтығы туралы шешімге
алып келеді – нәтижесінде қажет емес жұмыс күші босатылады.
Модельдеу
басқару шешімдерін
қабылдау әдісі ретінде та-
ным объектілерін олардың модельдері арқылы зерттеу болып
табылады. Көбінесе басқарушы моделдердің үш типіне жүгінеді
– физикалық, аналогтық және математикалық, бұлар негізгі мо-
дельдер деп аталады.
117
Болжау
шешім қабылдау әдісі ретінде болашақ дамудың,
қандай да бір құбылыстардың,
жағдайлардың, үдерістердің
болашақтағы өзгерістерін алдын ала көре білу, алдын ала болжам-
дау болып табылады. Болжау – ақпаратты мұқият таңдау негізінде
даму болжамдарын құрастыру, әзірлеу үдерісі. Демек, болжау-
ды жасау мүмкін, егерде зерттеушінің қолында талап етілетін
ақпарат жеткілікті көлемде болса.
Басқарушылық болжаулар
дұрыс немесе қате болуы мүмкін. Болжауды бағалау өте маңызды
рөлді ойнайды, менеджер нақ осы болжауға сүйене отырып ұйым
үшін маңызды қандай да бір есептеулер мен өзгерістерді енгізеді.
Егер болжау қате бағаланса, онда жасалынған есептеулер мен
әрекеттер пайдасыз қалады.
Достарыңызбен бөлісу: