Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет55/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. Оперативтік және стратегиялық басқару концепцияларын үйлес-
тіру және оларды ажырата білу мәселесіне қалай қарайсыз?
2. Қабылданатын шешімдерінің ішінде тактикалық шешімдер қандай 
орын алады?
3. Не үшін менеджер ұйымды бөлек басқару зоналарына бөледі? Бұл 
қызметі шешім қабылдау мәселесі және процедурасымен қалайда бай-
ланысты болып келе ме? 
4. «Орындаушыға шешімді жеткізу» және «қабылданатын шешім ту-
ралы келісу» түсініктері арасында қандай айымашылықтар бар?
5. Шешімдерді қабылдау технологиясы дегеніміз не?
6. Оперативтік шешім мен стратегиялық шешімдерді қабылдау 
технологияларының айырмашылықтары бар ма?
7. Шешімді қабылдағанда қандай әрекеттер жасайсыз?
8. Шешімнің нәтижелігі мен тиімділігі арасында қандай айыр-
машылық бар? 


126
 10. ЖОСПАРЛАУ: БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАЛПЫ 
КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
10.1. Жоспарлау басқару функциясы ретінде
Тәжірибедегі менеджердің жұмысында жоспарлау қызметі өте 
маңызды орын алады, жұмысының маңызды компоненті болып 
келеді. Жоспарлауға менеджер әртүрлі жағдайда сүйенеді. Бұл 
басқару тәсілінің мазмұны мен міндетін ол әртүрлі:
– жоспарлау басқару функциясы ретінде;
– жоспарлау басқару шешімдерін қабылдау тәсілі ретінде;
– жоспарлау әрекеттерді келістіру және үйлестіру формасы 
ретінде;
– жоспрлау құрылымдық бөлімшелер мен тұтас ұйым қызметін 
қадағалау формасы ретінде қабылдайды.
Жоспарлауды менеджер ең алдымен, міндетті түрде орын-
далатын өзінің функциясы ретінде қарастырады. Жоспарлау
үдерістік көзқарасы бойынша қабылданған шешімді жүзеге асы-
ру үшін міндетті әрекеттердің тізімін белгілеу түрінде көрінеді. 
Жоспарлаудың осы процедурасын менеджер тактикалық және 
оперативтік шешімдерді іске асырарда жиі қолданады, мысалы, 
қызметкерлермен жұмыс істегенде, серіктестік байланыстар-
ды басқару кезінде, келіссөзге дайындалу барысында және т.б. 
мәселелерді шешерде. Нақты әрекеттерді жасау туралы әмір
орындаушының көзінше беріледі. Бұл процедураны форс-мажор 
жағдайымен салыстыруға болады.
Жоспардың ресми түрлік технологиясын менеджер әдетте, 
стратегиялық шешімдерді іске асырарда немесе шешімді жүзеге 
асырарда көздеген нәтижеге жету үшін ұзақ уақытты және/неме-
се көп адамдарды бірігіп жұмыс істеуді талап еткенде қолданады.
Жоспарлауды басқару шешімдерін қабылдау тәсілі ретінде
қабылдағанда менеджер жоспарлауды нақты басқарушылық 
мақсатқа жету құралы деп есептейді. Менеджер ұйымның 
қолжетімді, шынайы және жеткілікті негізделген мақсатты 
тұжырымдауға тырысады. Жоспарлауды басқару шешімдерін 
әзірлеу және қабылдау әдісі ретінде менеджер: 


127
– келесі жылға пайда бойынша жоспарды әзірлеу, яғни менед-
жер болашаққа ұйымнан тыс мақсатты қалыптастырған кезде;
– минималды мүмкін болатын деңгейге дейін коммерциялық 
тәуекелді төмендеткенде;
– ресурстық немесе тауарлық ағындарды тиімді бөлуді жүзеге 
асырғанда қолданады.
Ұйымнан тыс мақсаты
пайда мен оның мөлшерін алу болып 
келеді, оған жету үшін менеджер өзі басқаратын ұйым қызметін 
тиісті бағыттайды. Пайданы жоспарлағанда оны абсолюттік 
мағынада ақшалай көрсетеді, бұл жерде менеджер қол жеткен 
деңгейден жоспарлау әдісін қолданады.
Пайданы бойынша есептеулерді дайындағанда менеджер үш 
факторды: 
– ағымды мерзімдегі пайда бойынша есепті;
– күтулі өзгерістерді және пайда бойынша есепке тиісті 
түзетулерді енгізуді;
– осылайша түзетілген пайда есепбі болашақ мерзімдегі пай-
да бойынша жоспарды құрайды.
Менеджер өзі атқаратын көптеген жұмыс операцияларын жо-
спарлайды, жүзеге асыруда жүгінеді. Жоспарлау жүзеге асыры-
латын әрекеттерден озып тұруы керек. Тек сонда ғана менеджер 
өзі басқаратын ұйым үшін де, өзі үшін де мүмкін болатын тәуекел 
дәрежесін төмендетеді. Жоспарлаусыз тәуекелден құтылу мүмкін 
емес.
Менеджер жоспарлауға ұйымның ішкі мақсатын қалыптас-
тырғанда да сүйенеді. Ұйымның ішкі мақсатын қалыптастыру 
ұйымның сыртқы мақсатының мазмұнына сәйкес өндіргіш 
үдерістің ұтымды сызбасын таңдау болып табылады. Ұтымды 
сызба менеджердің қолындағы ресурстарды максимал тиімді 
пайдалануын ұйғарады. Менеджер қатаң жоспарлау негізінде 
сатып алынатын шикізатқа қажеттілікті анықтайды, шикізатпен 
жабдықтау графигін әзірлейді. Мұндай графикті әзірлеу маңызды 
рөл атқарады, өйткені бұл процедура бір уақытта өндіріс бір 
ырғақты жүруін, айналмалы қаражаттың тиімді пайдалануын 
қамтамасыз етеді. Жоспарлаусыз бұл мақсаттарға жету дүдәмал 
болар еді.


128
Негізгі және айналмалы қаржыларды тиімді пайдалану да жо-
спарлау арқылы қамтамасыз етіледі. Жоспарлау артық жабдықты 
жойып оны ақшалай капиталға ауыстыру туралы ой салуы 
мүмкін. Сол сияқты жоспарлау айналмалы капиталдың артығын
айналымнан шығару, еңбек ресурстары, ұйым өндірген тауар-
лар туралы дұрыс шешімдерге итеруі мүмкін. Жалпы менеджер 
әрқашан өзінің кәсіби қызметінде жоспарлаудың маңыздылығын 
сезіне бермейді, бірақ өз міндеттерінің ішінде бұл компонентке 
шынында көп көңіл бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет