Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет57/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80
10.3. Жоспарлау типологиясы
Оперативтік немесе ағымдық жоспарлау
менеджердің күн-
делікті айналысатын ісі: әрі қабылданатын шешім оны жүзе-
ге асыру жолын жоспарлау процедурасымен бірге жүреді. 
Оперативтік жоспарлау көбінесе, келесі қажеттілікпен:
– менеджердің форс-мажор жағдайлары туғанда лезде жауап 
қайтаруымен;
– менеджердің штаттан тыс жағдай туғанда бұрынғы қалпына 
келтіру үшін жауап қайтаруымен;
– менеджердің жағымсыз салдарды болдыртпау немесе ұйымға 
максимал пайда келтіру үшін жауап қайтаруымен;
– ағымды мәселелерді шешу арқылы ұйым шеңберінде болып 
жатқан үдерістерді реттеумен байланысты.
Тактикалық жоспарлауға
қажеттілік стратегиялық жоспарлау 
қолданылған жерде пайда болады. Ол стратегияны нақтылайды, 
дәлелдейді, түзетеді, толтырады. Сарапшылар бір адамның ба-
сында өте жақсы стратег пен өте жақсы тактик қосылуы сирек 
кездесетін құбылыс деп санайды.
Оперативтік-күнтізбелік
жоспарлау барлық басқа жоспар-
ларды толық тәптіштеп келтіруі. Ол:
әр жұмысшыны оның жұмыс орны, ағымдық ауысулық, 
апталық, айлық жұмыс кезеңіне тапсырмасы жөнінде ақпаратпен;
– әр жұмыс орнын жақсы жұмыс құралдарымен, шикізатпен, 
материалдармен және т.б.;
– бүкіл ұжым жұмысының үйлесуін қамтамасыз етуге арнал-
ған.
Оперативтік-күнтізбелік жопарлау өзіне; 
– ағымды жоспарды әбден толықтырып тәптіштеуді;
– операцияларды орындау графигін;
– әр сағатқа, ауысуға, сөткеге, аптаға, онкүндікке, бір айға 
құрылған графиктерді;
– жұмыс орындарын жабдықтау графиктерін;
– көмекші және қызмет көрсету операцияларын нақтылайтын 
графиктерді;
– жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін 
графиктерді;


133
– өндіріс жүрісін, әр қызметкер атқаратын функциялардың 
орындалу сапасын, еңбек өнімінің сапасын бақылауды ұйым-
дастыру жоспарын және тағы с.с. кіргізеді.
Оперативтік-күнтібелік жоспарлау өзінің мазмұндық жағынан 
осы жоспарлауға жауапты басқарудың деңгейіне байланысты. 
Неғұрлым тауар бойынша жұмыс операцияларын орындаушыларға 
тікелей басқару деңгейі жақын болған сайын оперативтік-
күнтізбелік жоспар нақтылы көрінеді. Ірі компанияның дирек-
циясы әзірлеген оперативтік-күнтізбелік жоспар ауысу бастығы 
әзірлеген оперативтік-күнтізбелік жоспардан басқаша көрінеді.
Стратегиялық жоспарлау
стратегиялық мақсат белгіленген 
және ол саналы түрде меңгерілген кезде болады. Стратегиялық 
жоспарлау ұйымның қызметін белгілейтін бірнеше факторға 
қатысты. Осындай жоспарлаудың объектілері ретінде:
– нақтыланған түрде ұйымның сыртқы ортамен өзара әре-
кеттесу формасы;
– ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттесу нәтижелігі;
– ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттесу мақсаты болуы 
мүмкін.
Егер менеджер ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуінің 
тиімді формасын анықтай алмаса, онда ол менеджердің кәсіби 
жарамсыздық нышанын білдірткені. 
Ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттесу нәтижелігі пайда-
ны және нарықтағы үлесін максимал етумен немесе екеуіне бір 
уақытта жетумен бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет