152
13. ҰЙЫМ: БАСҚАРЫЛУЫ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
САПАСЫ
13.1. Ұйымның басқарылу дәрежесі.
Басқаруға көнбейтін не аз көнетін ұйымдар
Қай ұйым болсын қай уақытта болсын оны біреу басқарады.
Ұйымды басқару көп нәрсе жағынан бірінші басшыға тәуелді
болып келеді. Ұйым басқарылмалы немесе аз басқарылмалы
болуы мүмкін. Басқаруды басқарылатын объектіге әсер ету деп
түсінсек, онда басқарылуды осы объекттің осындай әсерге жау-
ап беру деп түсінеміз. Әр жағдайда жауап беру дәрежесі әртүрлі
болады. Ұйымға қатысты бұл жағдайда басқарылу дәрежесі ту-
ралы әңгімелейміз. Сонымен, ұйымның басқарылу дәрежесін ме-
неджер қабылдаған шешімге ұйымның жауап беру формасы мен
жыддамдығы деп түсінеміз.
Абстрактті
ойға шомсақ, ұйымның басқарылу дәрежесі жо-
ғары, қалыпты және төмен болуы туралы сөз қозғауға болады.
Бірақ тәжірибедегі менеджер бұл туралы ойланбайды, ол
тек
ұйым аз басқарылу жағдайына келгенде ғана айналыса бастайды.
Ұйым жоғары басқарылу деңгейде болғаны басқару үдерісіне
қажетсіз: өйткені бизнесте асығыстық орынсыз болып келеді.
Ұйымның басқарылу деңгейі қалыпта болу керек, яғни менед-
жер белгілеген нормаға сәйкес келу керек.
Егер ұйым менед-
жер қабылдаған сәттегі шешімдерге ойдағыдай және жеткілікті
тез жауап қайтарса, онда басқарылмалы
ұйым туралы айта-
мыз. Керісінше, ұйым менеджер қабылдаған шешімдерге жауап
қайтармаса, онда ол басқарылмайтын ұйым қатарына жатады.
Ал жауап босаң және сәйкес емес формада қайтарылса, онда ол
аз басқарылмалы ұйым болғаны. Тиімді басқаруға бағдарланған
менеджерді екінші және үшінші ұйымдар қанағаттандырмайды.
Басқарылмайтын және аз басқарылмалы ұйымдарға басқару
аппараты мен ұйымның басқа бөлімшелері бөлектеніп тұрады.
Басқару аппараты өзінше өмір сүреді,
ұйымға ешқандай әсер
етпейді. Алайда, ұйымның өзі, яғни негізгі бөлігі қалыптасқан
ішкіұйымдастырушылық механизм бойынша қызмет етеді.Бұл
153
жағдайда ішкіұйымдастырушылық механизм ұйым мүшелерінің
әр бағыттағы жеке және топтық мүдделерін шешудің ымыралық
нұсқаларын іздеу механизмі болып келеді.
Мұндай жағдайда
ішкіұйымдастырушылық механизмге ықпал жасайтын формалды
емес лидерлер пайда болады.
Қалыпты басқарылатын ұйымдарда басқару аппараты мен
ұйымның басқа бөлігі бірыңғайлы тұтастық болып келеді.
Аппаратың да, ұйымның басқа мүшелерінің назары іске, бизне-
ске, өндіргіш үдеріске шоғырланады. Өзінің өзімшіл мүддесін
тек ұйымның мүддесін жүзеге
асыру арқылы қанағаттандыра
алады, басқа жолы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: