COT Ж Ү Й Б С Ш Щ А Ш Ы Қ Т Ы Ғ Ы MEH А Й Қ Ы Н Д Ы Ғ Ы Н АРТТЫРУ
С.А.Карменбаев -
Магистратура жэне PhD докторантура институтыныц
6М030100 - цүцъщтану мамандыгыныц
1-курс магистранты
Президенттің Жарлыгымен 2010-2020 жылдарга арналган Құқықтық саясат тұжырымдамасында
сот жүйесін реформалауга байланысты бірнеше қагидалар 2009 жылы айтылып кеткен. Тұжырымдама
ішіндегі «сот жүйесінің жариялыгы» қагидасы сот жүйесін реформалау кезінде ең басты өзекті мэселе
болып отыр. Себебі, демократиялық құқықты мемлекет қүру кезінде сот жүйесіндегі жариялылық үлкен
орын алады.
Құқықтық саясат тұжырымдамасында: «қоғам сот билігінің қызметін толық, объективті және
бейтарап жария етілуіне мүдделі. Осы мақсатта халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа барынша қол
жеткізуін үсыну арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен айқындылыгы деңгейін арттыру қажет.
Сот ақпараттарын тіркеудің заманға сай қүралдарын енгізу сот ісінде бәсекелестік принципін іске
асыруға ықпал етеді. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыру сот төрелігін іске асыру процесінде
жедел ақпараттық-қүқықтық қолдауды қамтамасыз етуге, істерді қарау мерзімдерін қысқартуга, сот
шешімінің орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді» - деген [1] жоспар-қүжатта халықтың сот
қызметі туралы ақпаратқа барынша қол жеткізуін үсыну арқылы сот жүйесінің ашықтыгы мен айқындыгы
деңгейін арттыру қажет екені көрсетілген.
Қүқықтық саясат түжырымдамасьшда сот билігінің қызметін толық, объективті жэне бейтарап
жария етуін бағдарлады. Халықтың сот қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуін үсыну арқылы сот
жүйесінің ашықтығы мен айқындыгын арттырамыз. Сот жүйесін жоспарлы түрде ақпараттандыруды, сот
төрелігін іске асыру процесінде жедел ақпараттық-қүқықтық қамтамасыз етуді, істерді қарау мерзімдерін
қысқартуды, сот шешімдерінің орындалуы тиімділігін арттыруды жүктеді [2]. Осы түжырымдаманың іске
асу көрністерін, сот жүйесіндегі жасалып жатқан іс шаралардан байқауға болады.
Сот жұмысының ашықтыгы мен жариялылығын іске асыру барысында Қазақстан
Республикасының Бұқаралық ақпарат қүралдары туралы заңына сүйенеді. Бұл зақца БАҚ - дың
қызыметін атқарудагы артықшылықтары мен шектеулері көрсетілген, «сөз, ақпаратты алу және тарату
бостандыгы» аты 2-баптың 1- тармагында былай делінген «сөз, шыгармашылық бостандығына, өз
86 —
Абай атындагы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж.
көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы жэне өзге де нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым
салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында
кепілдік беріледі». Ал, осы баптың 2 - 3 - тармағында цензураға тыйым салынатындығын былай
көрсеткен ; «мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар мен бұқаралық ақпарат
қүралдары әрбір азаматты оның қүқыгы мен мүддесіне қатысты қүжаттармен, шешімдермен жэне ақпарат
көздерімен танысу мүмкіндігін камтамасыз етуге міндетті» және «мемлекеттік құпияны немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияны қүрайтын мэліметтерді жария етуге, экстремизм немесе терроризмді
насихаттауға және ақтауға. терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық
тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен
прекурсорларды, сондай-ақ порнографияны насихаттауга жол берілмейді» [3]. Осы заң арқылы сот
жүйесінің ашықтығын дамьттуға, сот ақпаратына кеңінен қол жеткізуге септігін тигізеді.
Сот жүйесіне казіргі заманауи озық үлгідегі электронды басқару жүйесін енгізу, интернеттің
мүмкіншілігін кеңінене пайдалану 2002 жылдан бері жүйелі түрде жүмыс істеп келеді. Сот істерін
компютер арқылы балу, кәзіргі кезде барлық соттарда енгізілген. Жоғары соттар арнайы ақпараттық -
талдау жүйесі енгізіліп. ол барлық облыстармен түрақты жүмыс жүргізеді. Жоғары соттың арнайы веб -
сайтында электронды архив жасалған. Онда барлық сатылардағы сот шешімдері орналасқан. Бұл
құжаггарды кажет еткен адам онымен еркін таныса алады. Сонымен қатар, барлық азаматтар қазіргі
компютірлік іздеу. жіктеу жуйесі арқылы керекті сот құжатын тауып алып, қажетіне жарату мүмкіндігі
бар. Бүл сот процесін бастан - аяқ қадағалауға, сотқа қатысушыларға барлық дыбыс жазбасымен, сот
мәжілісінің электронды хаттамасымен танысуға мүмкіндік береді.
Сондай - ақ. сонғы - езде сот процестері бейнебайланыс арқылы өткізу үрдіс алуда. Сот процесіне
бейнебайланысты колдан>
т
дың жеңілдіктері мол, біріншіден, басқа қаладағы тергеу қапасында отырған
сотталушы сот мәжілісі өткен жерге келмейе - ақ, оған тікелей бейне байланыс арқылы қатыса алады.
Екіншіден. этаппен алып жүрудегі айдауыл кеткен қаражат үнемделеді.
Бұл технология сот төрелігін жүзеге асыруда, ең бірінші, істің жан - жақты әділ қаралуына
мүмкіндік берсе, екіншілен. мемлекет қаржысыньтң үнемделуіне жагдай жасалып отыр. Сонымен қатар,
жэбірленуші мен айыпталушы тараптың қосымша куэгерлері болсын, сот процесіне қатысқысы келетін
басқа да азаматар болсын, жол жүріп, қаржылық шыгын шыгармауына мүмкіндік алып отыр [4].
Мемлекет тарапынан казіргі кезде осындай мүмкіндіктер туғызып отыр, Осындай жагдайга қарамастан
бұқаралық ақпарат күраллары да ашық және жабық сот отырысы үғымы бар.
Бүл мәселе бойынша Мүсабек Әлімбеков Қазақстан Республикасының жогары сотының төрагасы
«заң газетіне» береген сүхбатьгада: «өкінішке қарай, соттың ашықтығы туралы әркім әрқалай түсінеді.
Кейбіреулер сотта каралатын іске еш қатысы жоқ адамдардың сот мәжілісіне емін - еркін кіріуіне жол
бермеуіне немесе адамнын жеке өміріне, ар - ұятына қатысты қылмыстық істерге БАҚ өкілдерін
жібермеуден дау іздейді. Ал, көп жагдайларда қылмыстан жәбір көрген адамдар, мысалы, жыныстық
зорлықтан жапа шекендер сот мәжілісінің жабық өткізілуін өтінеді, олардың өтінішін сот орындауга
міндетті. Егер сотқа катысушы тараптар қарсы болмаса, судья Б А Қ өкілдерін мәжіліске сөсіз қатысады»
[5] - деп айтса. Ал, Әуезнұр Каженов, Жоғаргы сот судьясы, Судьялар одагының төрагасының пікірінше
«Ашықтық дегенде мына мәселені ескерген жөн. Мэселен, сот мәжілісі жүргізіліп жатқанда екі тараптың
бірі бұқаралық ақпарат кұра,тдарының сотты түсіруіне қарсы болуы мүмкін. Егер айталық, жәбірленуші
жагы бейнетаспага түсіріп. хатыкка жария етілуіне қарсы болса, судья Б А Қ өкілдерінің ол кісіңі түсіруге
рұқсат етілмейтінін айтады немесе мүлдем қатыстырмауга құқысы бар. Себебі, сот мәжілісінде
азаматтардың құқьт бүзылма> міндеті судьяга жүктелген. Сотты саяси аренага айналдырмау керек, Саяси
науқанмен жүретін сот әділ төрелік жасай алмайды»[6] - дейді.
Сот жүйесінің ашықтыгы мен жариялылыгын қамтамасыз етуде эліде болмасын олқылықтар
байқалуда. Сот үкімінің әділ шыгыуына кепілдік беретін, сотың ашықтығы мен жарияыгы болып отыр.
Осы процесті жүзеге асыру кезінде әлі күнге дейін кейбір түсініспеушілік туындауда. Бұқаралық ақпарат
құралдары сот процесін толық бақылау орнатқысы келсе, ал сот жүйесі бүл мәселеге толық келіскісі
келмейді. Егер Б А Қ сот процесін толыгымен бақьтлау орната алса, оның тиімді жақтары біріншіден, әділ
сот үкімін қадагалайды, екіншіден қогамдық пікір қалыптастырады, үшіншіден тэрбиелік мән береді,
төртіншіден қогамның құқықтық мәдениеттін көтереді. Ал сот жүйесі әрқашан жариялықта болса,
біріншіден сот үкімімдерін БАҚ - ры қогамга жекізуде кемшіліктер жіберу қауіпі, екіншіден сот үкімін
87
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 2010 г.
шығаруда кейбір судьялардың қателігі, бүкіл сот жүйесіне қоғамның сенбеушілігік қауіпін туғызса.
үшіншіден сот процесіндегі әртүрлі уақиға қойлымдары сайқы - мазақа айналып кетуі мүмкін.
Сот жүйесі мен Б А Қ бірігіп жүмыс жасаудың тиімді жақтарын атап кетсек, біріншіден БАҚ
көмегімен сот жүйесі мен қоғам арасындағы кері байланыс жүйесі анығырақ болады. Екіншіден қоғам
ішіндегі жске субъектілер өз мүдесін қорғауда кейбір сот қүжатарымен танысу мүмкіндігі бар.
Үшіншіден жапай қоғамда құқықтық сауатылық процесі жүреді. Төртіншіден Б А Қ арқылы сот жүйесінің
беделі көтеріледі.
Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялығына объективті ақпаратандыру кезінде біраз қарама
қайшылықтар туындатып отыр. Бұл мәселені шешуде ең басты тәсілдер Б А Қ - ры сот процесіие жақындау
кезінде ғылыми талдаулар жүргізу нәтижесінен дүрыс ақпараттық пікір қалыптастыру. Сонымен қатар,
жергілікті БАҚ - та қүқықтық айдарлар құру арқылы объективті ақпарат қалыптастыра аламыз. Судьялар
мен соттың қоғамдық беделі, халықтың сот органдарына деген көзқарасы Б А Қ арқылы қалыптасатыны
белгілі. Яғни, соттар жүмысы жөніндегі ақпараттардың қаншалықты объективті болуына байланысты. Сот
билігі мен БАҚ-тың қарым-қатынасын нығайту - өзара сенімділікті қалыптастырудың басты жолы.
Заманға сай сот жүйесінің беделін көтеру жолы - сот билігінің азаматтардың сотарға деген
көзқарасының қалыптасуына ықпал ететін бұқаралық ақпарат қүралдары мен азаматтық қоғамдық
үйымдар мен қоян - қолтық бірлесе жүмыс атқаруы тиіс.
Қорыта айтқанда, Құқықтық саясат түжырымдамасының 2020 жылға дейінгі кезеңге арнальш
белгіленген ішіндегі «сот билігінің қызметін толық, объективті және бейтарап жариялық» қағиданы
жүзеге асыру - елімізде сот жүйесін одан эрі дамыту деңгейін жаңа сатыға көтеруге жэне азаматтардың
қүқықтары мен заңды мүдделерінің сенімді қорғалуына кепілдік береді.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің .2009 жылгы 24 тамыздагы № 858 Жарлыгымен
бекітілген. Қазацстан Республикасыныц 2010 жылдан 2020 жылга дейінгі кезенге арналган Қүцыцтъщ
саясат үжырымдамасы. //Егемен Қазацстан 28 тамыз 2009 жыл. — 12 бет.
2. www.zan.zanmedia. kz
3. Қазацстан Республикасыныц Бщаралыц акпарат күралдары туралы 1999 эісылгы 23 шілдедегі
N 451 Зацы
4. Акжан Ештай, Акмола обылысыныц сотыныц төрагасы: Реформалаудыц басты мацсаты -
хальщ сенімінен шыгу. //Зац газеті. - №135 (1757) 15 кыркүйек 2010 жыл. - 12 бет.
5. Әлімбеков Мүсабек, Қазаңстан Республикасыныц Жогары сотыныц төрагасы: «Ары таза
адам гана цазы бола алады». //Зац газеті. - №150 (1772) 12 к.азан 2010 жыл. --12 бет.
6. Қаженое Әуезнүр, Жогаргы сот судьясы, Судъялар одагыныц тэрагасы: «Сот беделг -
мемлекет мэртебесі». // www.zan.zanmedia.kz
Резюме
Провозглашение судебной системы является одним из главных приоритетов во
время становление государства.
Summary
Declaration of judicial system is considered to be one of the major issues during the state building.
Абай атындагы Қаз¥ПУ-дыц Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж.
ҚАЗАҚСТАН Р Е С П У Б Л И К А С Ы Н Д А СУДЬЯЛАР ТӘУЕЛСІЗДІГІН Н Ы Ғ А Й Т У МӘСЕЛЕЛЕРІ
І.Б.Шауқар -
Магистратура жэне PhD докторантура институты,
Саясаттану жэне элеуметтік экономикалыц пәндер кафедрасының
6М030100 - цщьщтану мамандыгыныц 1 - курс магистранты
Қазіргі уақытта біз шынайы демократиялық және тәуелсіз Мемлекет құруға бағытталған іс-
шаралар қоғамымызды жан-жакты қамтыған кезеңде өмір сүріп отырмыз. Бүгінгі таңда, шын мәнінде
жаңа демократиялык мемлекет кұрылып жатқан кезеңде, сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінде де үлкен
өзгерістер орын алуда.
Сот жүйесі мен кызметін түпкілікті қайта құру, сот ісіндегі кәсіпкойлықты, тәуелсіздікті баянды
ете отырып, сот ісін жүргізуді тиімділікпен жоғары дэрежеге жеткізу, бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі
болып табылады.
Сот билігін жүзеге асыратын судьялардың дербестігін, олардың үкім шығарғанда, шешім
қабылдағанда және баска да сот әрекеттерін жүзеге асырғанда тэуелсіз болуын қамтамасыз етудің
маңыздылығы орасан зор. Судьяның мәртебесі мен қызметі жайындағы қоғамдық пікірдің жақсы жағына
өзгеруі. азаматтардың өз күкығы мен бостандығын қорғайтын бірден бір орын ретінде сотқа жиі жүгінуі,
сот беделінің күшейгендігінің айқын көрінісі.
Сот эділдігін неғұрлым сапшты, эрі мезрімінде атқару үшін, мемлекет тарапынан барлық жағдай
жасалынған. Сульялардын кәсіби, білікті, парасатты, турашыл болуынан сот әділдігінің сапасьт
айқындалады,
Сот әділдігінің басты кағидаларының бірі - судьяның тәуелсіздігі, қазіргі таңда үлкен талқылауға
түсіп, көптеген ойлар мен пікрлердің туындауына негіз болып отыр.
Судьянын тәуелсізлігін баянды еткен 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Сот жүйесі мен
судьялардың мәртебесі туралы;> Конституциялық заң қабылданған болатын. Бұл занда жалпы сот
билігімен қатар. оны жүзеге асырушы судьяның мәртебесі, тәуелсіздігі, судьяны қызметтен босату, оның
өкілеттігін тоқтату. сондай-ақ судьяларды материалдық қамтамасыз ету және әлеүметтік қамсыздандыру
шаралары, т.б. мәселелері жеткілікті қарастырылған.
Судьяның тәуелсіздігі занда толық, айқын көрсетілгенімен, жүзеге асыръшу деңгейі элі де
жеткіліксіз болгандьжтан, 2000 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот
жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы шықты. Бұл Жарлықтың да басты
мақсаты - судьялардын тәусясізднін нығайту болып табылады. Жарлық сот тәуелсіздігін қамтамасыз ету
шараларын жүзеге асыруга кедергі болған талай тосқауылдарды жоюға, күмәнді сәітерден арылуға үлкен
септігін тигізді. Жоғарғы Сот жанынан Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылды. Анығырақ айтатын
болсақ, Комитетті кұр> дағы мақсат судьялардың сот істерін қараудағы тәуелсіздігін нығайту, жергілікті
соттардың дербестігі деңгейін көтеру болды.
Сонымен катар, судья тәуелсіздігін тек завда көздеп қана қоймай, оны шын мәнінде жүзеге
асырудың маңызы ерекше болды. Судьяның тэуелсіздігін қамтамасыз ету қоғам мен мемлекеттің міндеті
болып табылады.
Тәуелсіз мемлекетіміздің сот жүйесін халықаралық талаптарға сай етіп қалыптастыру, сот ісін
жүргізудің демократиялык. өміршең принциптерін айықтау сот төрелігін жүргізудің қүқықтық негіздерін
жетілдірудің жолдарын айкындау жөніндегі мәселелер ғалымдар мен заңгерлердің назарынан тыс қалып
жатқан жоқ.
Сот билігінің ерекше өкілі ретіндегі судьянық басты белгілерінің бірі - оның тек заңга ғана
бағынуы мен мемлекет атьшан сот төрелігін жүзеге асыру қүқығы болып саналады.
Сот әділдігінің маңызды демократиялық негізі - конституция л ық сот тәуелсіздігі принципі.
Судьяның тек заңға ғана бағынуы, демократиялық сот эділдігінің жүзеге асуының кепілі ретінде
қарастыруға болатын, оның негізгі бастауларының бірі болып табылады. Бүл принциптің жүзеге асуынсыз
сот эділдігін ұғыну да, қылмыстық сот өндірісінің міндеттерінің іске асуы да мүмкін емес. Сондықтан, сот
тәуелсіздігі принципін сақтау - сот әділдігінің басты шарты болып табылуы тиіс.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай
органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды, яғни өзге
— 89
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 2010 г.
органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге құқыгы жок.
Мұндай тэуелсіздік - судьялардың артықшылығы емес, керісінше, оның қоғам мен азамат алдындағь:
жауапкершілігі [4, 130].
Қазақстандағы сот халықтың жоғары сеніміне ие. Күнделікті сот тэжірибесінде сот тәуелсіздігі
принципі қуатты принциптері сот төрелігін жүзеге асыра отырып, судьялар қызметіне эсер етер септігі
мол.
Сот жұмысының беделі жоқ, сенімге ие болмаған күдікті адамға тапсыруға болмайды. Бұл арада
оны кім жұмысқа алса да, қағаз жүзіндегі мінездемеге қарап емес, адамды жұмыста, онымен жеке
араласуда білу маңызды болып келеді.
Судьялар тәуелсіздігінің принципі жария етіліп қана қоймай, «Қазақстан Республикасының сот
жүйесі мен судьяларьшың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңмен бекітілген кепілдіктермен
қамтамасыз етілген Заңның 26 бабы бойынша судьяның тәуелсіздігі мыналармен қамтамасыз етіледі:
1) сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімімен;
2) судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және
судьяларды сыйламағандық үшін занда жауаптылық белгілеумен;
3) судьяға ешкімнің тиіспеуімен;
4) Конституцияда жэне осы Конституциялық заңда белгіленген судьяны қызметке сайлау,
тағайындай, судьяның орнынан түсу құқығымен;
5) Судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және
элеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуга тыйым салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Судья тәуелсіздігінің қосымша кепілдігі ретінде осы баптың 2-тармагын алуға болады, мұнда
«судьялардың, олардың отбасы мүшелерінің таранынан тиісті хабар түсетін болса, тиісті органдар судья
мен отбасы мүшелерінің міндеттерін, игілігіндегі дүниемүліктің сақталуын қамтамасыз ету үшін дер
кезінде және тиянақты іс-шаралар қабылдауга міндетті екендігі белгіленген».
Судья тэуелсіздігі принципінің нақты жүзеге асуын сот үкімінің түрақтылыгынан да байқауга да
болады.
Судьялардың тәуелсіздігі принцип! мемлекеттік органдар жүйесіндегі соттың алар орнынан
туындайды. Сот эділдігі белгілі бір қогамдық қатынастар бөлігінде мемлекеттік билікті жүзеге асырушы
буын болып табылады.
Сот тэуелсіздігі: а) басқа да мемлекеттік билік пен басқару органдарымен; б) прокуратурамеи; в)
сот тараптарымен; г) жогары буындагы сотпен; д) қогамдық ұйымдар мен еңбек үжымдарының пікірімен;
е) қылмыстық іс жүргізуге қатынаспайтын кейбір азаматтармен қатынастарда айқындалады.
Сот демократиялық қоғамда, халықтың сенім артар органдардың бірі ретінде танылуы тиіс. Халық
сот эділдігін тэуелсіз, әділетті жүзеге асыра алатын судьяларга гана сенім білдіреді. Осы орайда, судьялық
қызметке нақты адамдарды анықтаудың негүрлым демократиялық әдісі - сайлау реті. Алайда, негізгі және
орта буындагы сот жүйесінің судьяларын сайлау принципінен бас тартуды түсіну қиын. Бұл жерде сот
құрамын қалыптастьтрудағы демократиялық әдіс бүзылып қана қоймайды, сонымен бірге, Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, қүқықтық жэне әлеумеітік мемлекет деп бекітетіндігі
туралы Конституциясының 1-бабының негізгі ережесі сақталмайды деген пікірмен толық келісуге болады
[6, 148-149].
Судья мен сот тәуелсіздігі мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырганда озімен
ерекшелігімен айқындалады. Олар мынадан тұрады:
а) согга істің қаралуы заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі;
ә) қылмыстық істерді қарастыру тек қана соттың құзырында;
6) сот үкімі негізсіз болса немесе заңга қарсы болса жогары буындағы түрган сот занда
белгіленген тэртіппен күшін жояды, қабылданған үкімді өзгертуге немесе күшін жоюга басқа мемлекеттік
органдардың еш қүқыгы жоқ;
в) сот шешімінің барлық мекемелерге, ұйымдарга және азаматтарга міндеттеу күші бар, ол заң
орнына жүреді.
Судьяның тәуелсіздігін анықтайтын жэне олардың заңга гана бағынышты екені туралы ереже
құқықтық нормалармен сәйкестендірілген. Заң лауазьгмды түлғалар мен ұйымдарга сот ісін қарау
бойынша судьялардың қызметіне араласуга, оларга ықпал жасауга тыйым салады. Сонымен қатар, ол
судьяларга сот төрелігін тэуелсіз атқаруга, сырттан ықпал жасауга қарсы тұруды міндеттейді.
— 90
Абай атындагы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж.
Сот пен судьяның тәуелсіздігі туралы заң нормалары судьяға емес, сот ісіне араласуы мүмкін
ұйымдар мен түдғаларға багынышталган десек, онымыз қателік болар еді. Ол, сөз жоқ, судьяларға
қатысты. Істің дүрыс шешілуі мен шешілмеуі, сот тэуелсіздігі туралы заң нормаларын сақтау немесе
сақтамау судьяға тікелей байланысты. Занда көрсетілген таланты орындамаған судьяның соттық істі
қарауға ешбір моральдық құқығы жоқ.
Сот әділдігін соттың қандай қызметі айгақтайтынын, яғни ол қай кезде басталып, қай
процессуалдық жағдайда аяқталуы қажеттігі судья тәуелсіздігінің шегін айқындайды.
Прокурордан істің сотқа түсуі сәтіндегі немесе жәбірленушінің арыздануынан соттың үкім,
шешім, қаулы шағыру сәтіне дейінгі, одан кейінгі үкімді орындауға байланысты мэселелерді
қарастырғандағы сот пен судьяньтң қызметін сот әділдігі деп атауға болады. Ендеше, судьялардың
тәуелсіздігі мен заңға ғана бағынуына осы кезеңмен шектеледі. Мүнымен барлық органдар мен
лауазымды тұлғалар санасулары керек, олардың судья қызметіне араласуына еш қүқыгы жоқ.
Жоғарыда айтылған жагдайларга байланысты сот тэуелсіздігі үгымының мәнді белгілерін
шыгаруга болады: а) үкімді орындауға қатысты мәселелерді тыңдау, анықтау мен қаулы шыгару
барысында сырттай ыкпалға көнбейтін соттың тәуелсіздігі; э) істің бар мән-жайларын қарастыру негізінде
шешім шыгарғандағы судьялардың өзіндік ішкі сенімділігі; б) судьялардың тек заңга гана
багыныштыл ығы: в) демокртияландырылған сот өндірісінің көрініс табуы.
Сот тәуелсіздігі принципін жүзеге асыру - процеске қатысушылардың барлыгының субъективті
қүқықтарын. сонлай-ак оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру мен сот алдында өз үстанымдарын
занда белгіленген тәртіппен қоргау деп есептеуге болады.
Судьяның тэуелсіз болуы үшін оның қызметіндегі жагдайының түрақты болуы зор нәрсе. Бұл -
судьяның ауыстырылмайтындыгы. Судьялар қызметке Қазақстан Республикасының Конституциясына
жэне «Сот жүйесі жәве судьяяардың мәртебесі туралы» заңға сәйкес сайланады немесе тагайындалады
және түрақты негізде өкілеттіктерге ие болады.
Судьяның өкілеттігі тек қана Конституциялық занда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша
тоқтатылуы немесе токтатьыа тұруы мүмкін.
Қазіргі қолданылып жүрген заң бойынша судьяның өкілеттігі: судья қызметіне тағайындалғанда
немесе оқытушылык. ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке
түрғанда; қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасаганда; өз
тілегі бойынша; Казакстан Республикасынын азаматтыгынан айырьглғанда; қайтыс болганда тоқтатылады.
Судьяның кызметтегі кемшілігіне, сот билігіне нүқсан келтіретін лайықсыз теріс қылыгына, еңбек
тэртібін өрескел б^зғанына көз жұмып қарауга болмайды, сондықтан ол тәртіптік жауапкершілікке
тартылуытиіс.
Судья сот істерін карау кезінде заңдылықты бұзганы үшін; судья эдебіне қайшы келетін теріс
қылық жасағаны үшін; еңбек тәртібін өрескел бұзганы үшін тэртіитік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Тәртіптік іс козгатган күннен бастап екі ай мерзім ішінде қаралуға тиіс.
Егер судья жаза кодданылган күннен бастап бір жыл бойы жаңадан тәртіптік жазаға тартылмаса,
онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.
Судья мінсіз тәртібімен өз міндеттерін адал атқарган жагдайда, тэртіптік жаза қолданылган
күннен бастап алты ай өткеннен кейін жазаны берген тәртіптік-біліктілік алқасы оны мерзімінен бұрын
алуы мүмкін.
Еліміздің барльж соттарыньщ судьяларьт халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы тиіс. Мүнда
судьяның моральдық және кәсіби бейнесі ерекше рөл атқарады, жэне олардың этика нормаларын сақтауы
үнемі қогамдық назарда жүреді. Осыган орай, біздің ойымызша еліміздің үлттық телеарналарынан бір
сагаттық телебагдарламалар ашылса, судьяның келбеті халыққа көрсетілсе, сол арқылы қогамның сотқа
жэне судьяға деген сенімін өсіруге әбден мүмкіндік жасалган болар еді. Сондай-ақ, жергілікті соттардың
бәрінде халықтың назарьш аландатқан істердің шешімдерін арнайы сайттарға салу арқылы қол жетерлік
етсе дейміз.
Сот істерін қарастыру нәтижесін бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы жиі-жиі хабарлап тұру,
сондай-ақ судьялардың тарапынан заңнамага түсіндірмелер беретін құқьтқтық насихат жүргізу жүмыстары
орын алганы да жөн еді. Халыққа сот қызметін негүрлым көп көрсететін аудандық соттар болгандықтан,
жогарыда көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін, аудандардагы мемлекеттік газеттерде сот
қызметін хабарлайтын рубрикалар болса дүрыс болар еді. Сонымен, қорыта келе, сот қызметінің
-
9 ]
^
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Юриспруденция», № 3 (21), 20J0 г.
жариялығы оның бұқара халықпен байланысын күшейтетіні анық. Мұндай байланыс судьялардың
тэуелсіздігіне тек оң әсерін тигізері анық. Өйткені, тэуелсіз сот қана өз қызметін жария ете алады.
1. Қазақстан Республикасыныц Конституциясы. -Алматы, 2003ж.
2. Қазацстан Республикасыныц Com жүйесі мен судьяларыныц мэртебесі т уралы
Конституцияльщ Зац. 25 желтоцсан 2000 жыл. №132-11
3. Com жүйесініц тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы Қазацстан Республикасы
Президентініц Жарлыгы. 1 кыркүйек 2000 жыл. №440
4. Қ. Мами. Қазакстандагы сот реформалаудын даму кезецдері. - Астана, 2003. 130 бет.
5. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретическое и уголовно-
процессуальное исследование). Диссертация на соискание ученой степени доктора юридических наук. -
Апматы, 1998, 323 стр.
Резюме
В статье анализируются некоторые гарантии обеспечения независимости судей. Рассматриваются
узловые моменты реализации гарантии независимости судей исходя из положении действующего закона
Республики Казахстан и делается прогноз по дополнению норм Конституционного Закона О судебной
системе и статусе судей 2000 года.
Summary
The article analyses some independence ensuring guarantees of judges. The main guarantee realizing
points of judge's independence proceeding from the law current lye in force in the Republic of Kazakhstan is
being considered. N o w the forecast on supplement of standard of Constitutional
Абай атындавы Қаз¥ПУ-дың Хабаршысы, «Юриспруденция» сериясы, № 3 (21), 2010 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |