Т. У. Есембеков Көркем мәтінді талдау негіздері Оқу құралы Алматы


Жанр, стиль, тіл мәселелерін жүйелі қарастыру жолдары



бет17/26
Дата08.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72495
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Т.Есембеков.Көркем мәтінді талдау негіздері (1)

4.6 Жанр, стиль, тіл мәселелерін жүйелі қарастыру жолдары

Студентке әдеби тіл мен көркем әдебиеттің тілі деген ұғымдардың айырмашылығы белгілі болуға тиіс. Көркем әдебиеттің тілін лингвист те, әдебиетші де зерттей алады. Туындының тілдік сипатын зерттеуде әдебиетші мақсаты бөлектеу, ол шығарманың тілдік ерекшеліктерін оның мағынасымен байланыстыра қарастыруға саяды.


Көркем сөздің стилистикасын талдау үшін мәтін стилистикасының заңдылықтырын игеру шарт. Стиль ұғымы жалпы және жалқы мағынада қолданылып жүр. Жеке стиль ретінде шығармадағы ішкі жєне сыртқы пішін түзудегі жазушының өзіндік мәнер-машығы зерттеледі.
Жалпы мағынада стильдің мына мәселелермен байланысы қамтылады: әдеби бағыт, ағым, әдеби мектеп, әдеби кезеңге тән стиль, ойлау стилінің түрлері, ұлттық әдебиет стилі, көркем әдебиеттегі шығыс немесе батыс стилінің көріністері. Стиль ұғымымен стилизация (еліктеу), пародия, эпигондық сияқты құбылыстар тығыз байланысты.
Жазушының немесе бір шығарманың жеке стилін қарастыру оның лексикасын /теңеу, эпитет, айшықтау т.б./ синтаксистік құрамын ғана емес, сонымен қатар, көркем мәтіннің ырғағын, композициялық ерекшеліктерін, образдар әлемінің қыр-сырын, психологиялық табиғатын талдау деген сөз. Түйіндеп айтқанда, стиль - сөз өнерінің туындысын біріктіріп, тұтастырып тұратын элементтердің жүйесі. Бірақ, стильге тек «көркемдік әдіс – амалдардың жиынтығы» немес шығарманың «сыртқы формасы» деп қарау аздық етеді.
Қазіргі әдебиеттануда жанр негізінен үш бағытта қарастырылып отыр:
а/ жеке жанрлардың тарихы мен теориясы;
ә/ жанрларды жүйелеу, жіктеу мәселелері;
б/ нақты әдеби кезеңдегі, шығармашылық ортадағы немесе әдеби бағыттың жетекші жанрларын анықтау, олардың жанрларының типологиясын түзу.
Ұлттық әдебиеттегі прозалық және драмалық жанрлардың тарихын зерттеу – аса маңызды мәселе. Жеке жанрдың пайда болу, қалыптасу, даму заңдылықтарын қарастыру барысында оның өміршеңдігі, көркемдік-эстетикалық қызметі, дәстүрлерінің сабағтастығы, жалғастығы мен жаңашылдығы қоса сөз етілгені дұрыс. Мұндай жағдайда аталмыш жанрдың әлемдік әдебиеттегі орны, қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарына да ерекше назар аударған орынды. Сонымен қатар жазушының жанрға деген көзқарасы, оның жанрды өзгертуге деген ұмтылыстары мен ізденістерін білудің көмегі мол. Кейде жазушы өз шығармасының жанрлық табиғатын арнайы бөліп көрсетеді, ендеше оған мұқият қарау қажет. Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне» атты прозалық шығармасын «романтикалық поэма» деп белгілеген, ал ғалымдар оны повесть деп жүр. Мұндай «сәйкессіздікті» қате деп тапқаннан гөрі жазушының осы атау арқылы айтпақ ойының астарына үңілген жөн.
Жанрларды типологиялық тұрғыдан талдау барысында жанр түзетін, оны анықтап тұратын тұрақты белгілерді, элементтерді іздеп табу мақсат етіледі.
Әдеби жанрларды зерттеуде тек пішіндік компоненттерді (көлемі, құрылым ерекшелігі, сюжет барысы, стилі) ғана емес, сонымен бірге «жанрлық мазмұн» құрайтын категорияларды қоса талдау да керек.
Көркем мәтіннің жанрлық болмысын оқып-үйренуді алдымен энциклопедиядағы мәліметтерден, әдеби терминдер сөздігіндегі мақалалармен танысудан бастаған тиімді. Ғылыми көзқарастар мен теориялық тұжырымдарды нақты шығарманың жанрлық бітімін анықтауда қолдану үшін жан-жақты дайындалған орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет