Т. У. Есембеков Көркем мәтінді талдау негіздері Оқу құралы Алматы



бет20/26
Дата08.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72495
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
5.4 Салыстырмалы талдау

Көркем шығарманың ішкі заңдылықтарын сараптағаннан кейін оның сыртқы байланыстарын қарастыруға көшуге болады, мұндай еңбек салыстырмалы талдауды қажет ететіндігі аян. Көркем мәтінді салыстырудың мақсаты, әдістері сан алуан болуы мүмкін. Біріншіден, салыстыру – кез келген әдеби зерттеудің міндетті сәті, сондықтан ол – методикалық тәсіл. Басқа жағынан алғанда, салыстыру - тарихи-салыстырмалы әдістің негізінде жатқандықтан, әдеби құбылыстарды жүйелен зерттеудің бір кезеңі деп есептеледі.


Әдебиеттануда бір жазушының шығармаларын салыстыра тексеруге де болады, бір кезеңнің, болмаса бір әдеби ағымның мүшелерінің шығармашылығын, әр ұлттың сөз өнерінің өкілдерінің туындыларын да салыстыра талдау үлгілері бар. Мұндай зерттеулер барысында әсер ету, еліктеу, ұқсастық, айырым мәселелері көтеріледі. Жеке тақырып пен идеяның көрінуі, ортақ мотивтердің көркемдік қызметі, образдар әлеміндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер, жеке стильдер арасындағы байланыстар, бір шығарманың бірнеше нұсқасы арасындағы өзгерістер табиғаты – міне, осы мәселелердің қайсысы болмасын салыстыру арқылы көрсетіледі. Әр түрлі әдеби тектер мен түрлерді де салыстыра зерттеуге болады. Мысалы, О. Бөкеевтің «Сайтан көпір» повесі мен осы тақырыптағы пьесасын, ол бойынша түсірілген кинофильмді салыстырып қарастыру арқылы да көп ой түюге болады.
Салыстыру арқылы сюжет құрудағы, композиция түзудегі, образ жасаудағы, троптың түрлерін қолданудағы автордың өзіндік ерекшеліктеріне де талдау жасауға болады.
Әдеби құбылыстарды салыстыруда олардың тек ұқсастықтарын іздемей, айырмашылықтарын да көруді мақсат еткен жөн, осының арқасында әдебиеттігі жеке мен жалпы, дәстүр мен жаңашылдық сияқты күрделі құбылыстардың табиғатына үңілуге болады, олардың барлығы қосылып әдеби заңдылықтардың тууы мен қалыптасуын көрсетеді.


6 Көркем мәтінді кешенді оқып-үйрену негіздері

Кешенді зерттеу әдісі әдебиеттануда ХХ ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған, соңғы кезде оны кластерлік талдау деп те атап жүргендер бар.


Кешенді көзқарастың жүйелі талдаудан айырмашылықтары бар. Жүйелі көзқарас әдебиеттегі жалпы жүйелілік туралы теорияларға сүйенеді, оларда өнер мен әдебиет өте күрделі иерархиялық жүйелерден тұратындығы анықталған. Осындай макрожүйені әдебиеттану, өнертану, эстетика әрі вертикальді, әрі горизонтальді бағыттарда зерттейді, бірақ бұл ғылыми пәндер өздерінің мүмкіншілігі шектелген кезде басқа ғылым салаларын қолдануға мәжбүр болады.
Кешенді талдауды «ғылымдардың пәнаралық одағы», «әртүрлі ғылымдардың бірін-бірі толықтыруы» деп атау да қалыптаса бастады. Ілімдердің одағы сәйкестік пен ынтымақтастық жағдайында бірлесіп қызмет атқарғанымен әдебиеттанудың жетекші ролі көрініп тұрады, нәтижесінде көркем шығармашылықтыњң қыр-сыры жан-жақты ашылады, оған қоса мұндай ізденістер қазіргі заманға сай ғылыми ойлауға жетелейтіні сөзсіз.
Көркем шығармашылықтың зерттеу нысаны ретіндегі қасиеті, сипаты мен қырлары өте көп, солардың ішінен ХХІ ғасырда аса зәру мәселелерін былайша белгілеуге болатын сыңайлы: а) көркем ойлау мен ғылыми ойлаудың қарым-қатынасы; ә) шығармашылық тұлғалардың (жазушы, сазгер, суретші т.б.) жасампаздық қызметінің лабораториясын қарастыру; б) көркем шығармашылықтың ғылым мен техника ерекше дамыған кездегі жағдайы; в) өнерді түсіну, тану мен бағалау мәселелері; г) көркем дарындарды анықтаудың диагностикасы және оны дамыту жолдары.
Көркем мәтінді танып-талдаудың әдіс-амалдары, құралдары, жолдары болғанымен, олар мақсаты, қолданылу аясына қарай жіктеледі. Жеке алғанда олардың көбінің мүмкіндігі шектелгендіктен, зерттеу нєтижелері орнықты және дәйекті болуы үшін әдіс-амалдарды үйлестіре қолдану керектігін есте ұстау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет