Т. У. Есембеков Көркем мәтінді талдау негіздері Оқу құралы Алматы


Образдар жүйесін тану мен талдау амалдары



бет14/26
Дата08.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72495
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
4.3 Образдар жүйесін тану мен талдау амалдары

Образдарды таңдап алуда, оларды көркем мәтінде өмір сүргізу, «жұмыс істету» жолында әр қаламгердің өз ұстанымы, өзіндік тәсілдері бар. Әдеби мәтінді оқу, түсіну және талқылау барысында ондағы образдар арасындағы ішкі-сыртқы, себеп-салдарлық байланыстар байқалады, бірте-бірте образдық құрылымның басқа қырлары да айқындала бастайды. Образды түрлеріне қарай жіктеудің жолдары көп. Образдар нақты болмысқа қатынасына қарай шартты, нақты, абстрактілік, романтикалық, модернистік, ал тақырыбына сәйкес образ-адам, образ-зат, идея, сезім, бояу, дыбыс, т.б. деп бөлініп жүр. Ассоциативтік, аллюзиялық образдардың белгілерін анықтаған арнайы еңбектер бар.


Көркем мәтінде образдарды ұқсастығына, айырмашылығына, типологиялық басқа белгілеріне қарай топтауға болады: («қызыл мен қара» (Флобер), Еламан – Тәңірберген (Ә. Нұрпейісов), өлілер мен тірілер (Н. Гоголь). Сонымен қатар көркем мәтінде персонаждар жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, қоғамдағы орнына қарай авторлық позицияға сай жүйемен, ретпен, тәртіппен орналастырылатынына мән беріп отыру қажет. Көркем әдебиетте мәңгілік (күн, ай, жұлдыз, дала, тау, гүл), образдар мен бейнелер (Гамлет, Прометей, Атымтай жомарт, Шық бермес Шығайбай) әр кезеңде өзінше баяндалып және суреттеліп отырады. мифологиялық, фантастикалық образдардың архетип деңгейіне дейін көтерілуі де аз кездеспейді. Образ бен символдық бейне арасындағы қатынас тым күрделі. Кез келген образ белгілі бір деңгейдегі символ (С. Аверинцев) деген пікірге ойлана қараған дұрыс. Себебі бұл жерде иллюстрация, аналогия, аллегория туралы сөз бөлек-бөлек айтылған.
Анималистік образдар көркем әдебиетте оқиға дамытуға, ерекше сюжет құруға жиі пайдаланылады, көбінесе олар адамдар арасында екідай қарым-қатынасқа түседі.
Әдеби шығарманың образдар жүйесінің ұйымдастырылуын зерттеудің жолдары көп. Бір көркем мәтін әр түрлі образдардан /образ – персонаж, образ – нәрсе, пейзаждық образ, образ – деталь/ тұрып, олар бір-бірімен басыңқы-бағыныңқы қатынаста болады, бірігіп макро және микрообраздар құрайды.
Көркем мәтінді, оның құрылымын талдау барысында ондағы образдардың орналасуындағы автордың мақсатын айқындайтын жүйелілікке, ретке мұқият қарап, олардың көркем шығармадағы әртүрлі қызметін анықтауға тырысу қажет. Олар шығармада бір-бірімен қайшыласа, ұқсаса, шендестіріле де біріктіріледі. Туындыдағы портрет жєне табиғат суреттеріне психологиялық, философиялық, тұрмыстық сипаттағы түрлі көркемдік жүктер артылатыны белгілі, студент осы микрообраздардың қолданылу ретін, орнын айқындай алса, теориялық дайындығынынң дұрыс бағытта дамып келе жатқандығына көзі жетеді.
Образдар реалистік, шартты, абстрактілі болып жүйеленген. Көркем мәтінде осы түрдің бәріне орын бар. Дегенмен автор өз көзқарасын, шығармашылдық позициясын оқырманға жеткізуде образды дұрыс таңдап алғандығын арнайы сөз еткеннің айыбы жоқ. Осы орайда образдың көркемдік қуатын, эстетикалық мүмкіншілігін, сюжеттік тиімділігін, логикалық орындылығын байыптаған жөн.
Соңғы кездері жиі көрініп жүрген символикалық, аллегориялық образдар сырына үңілмес бұрын, «образ» деген ұғымның тарихы мен теориялық байламдарын жан-жақты анықтап алудың артықтығы жоқ.
Образ деген түсініктің кең мағынада және тар ұғымда қолданылып жүруінің себептері бар. Мысалы: «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деген жолдағы образдылықты поэтикалық, стильдік тұрғыда қарастыруға болады, бірақ онда бұл образдың басқа мәндері назардан тыс қалып қоюы бек мүмкін.
Образды кең ауқымда қарастырғанда, оны қаламгердің өмірді тану, бейнелеу және бағалауының нәтижесі деп қараған орынды болар.
Образ жасау дегеніміз – шынайы немесе ойдан шығарылған жеке құбылыстардың жалпы және жалқы қасиеттерін таным мен сезім арқылы ерекшелендіре көркем белгілеу. Сонымен қатар, көркем образ – жазушының болмысқа деген идеялық-эмоциялық көзқарасы, дүниетанымы мен ой өрісі, берер бағасы деушілер көп, яғни, жалпы айтқанда, оны көркем мазмұн деп қабылдау жиі кездеседі. Образ – өмірді шығармашылдық түрде жинақтап қорыта көрсету құралы деген пікірді де ұмытпаған жөн.
Демек, жинақтау мен даралау – қаламгердің көркем образ арқылы өмірді бейнелеудегі әдіс-амалы. Кейде образ өмірлік формаларға сай бола бермейтінін есте ұстау керек, олай болмаған жағдайда абстрактілік тұрғыдағы образдар табиғатын түсіну қиынға соғады.
Көркем туындының тарихи-обьективтік, идеялық, оқиғалық мазмұны образдық жүйеге қатысты, сондықтан көркем мәтіннің мазмұны және көркем бейнелеудің предметі сияқты екі ұғымды ауыстыруға болмайды, олардың зерттеу нысандары бөлек және құрылымы да ерекшеленеді.
Көркем образдарды бейнелеуде аналитикалық және синтетикалық тәсілдер жиі қолданылады, яғни автор талдау, таңдау, сараптауды образды жан-жақты ашу қолданады. Көне гректерде өнердің құдайы мың көді Нерон болған екен, яғни автор көркем шындықты таныту үшін таным, сана, білім, білік, сезім, көз, көкейкөз, қиял сияқты негіздерді белсенді пайдалануы керек деген сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет