Әдеби герменевтика – көркем мәтіндерді талқылау, түсіндіру жайындағы арнайы ғылыми сала, мұндай зерттеулер көбінесе «шығарма – оқырман – дәстүр» атты жүйеге сәйкес жүргізіледі.
Бұл ұғымның негізінде ертеде адамдарға басқалардың түсініксіз сөздерін түсіндіріп беретін көне грек құдайы Гермес образы жатыр деп есептеледі. Әулие мәтіндерді талқылаудан басталған герменевтикалық әдіс өз ережелерін дамыта отырып ХХ ғасырда өз алдына бөлек филологиялық пәнге айналды, ол ХІХ ғасырдағы түсіну өнері, талдау өнері мен қолдану өнерінің бірлігіне негізделген әмбебап герменевтикадағы көптеген қағидаларды қабылдамады. Жаңа замандағы көзқарастар герменевтиканың өнер екендігіне біржақты қарамай, енді оны ғылымға айналдыруға көп күш салды. көркем мәтінді интерпретациялаудың тың жолдары іздестіріле бастады.
Көркем мәтінді терењ түсінудің алғашқы әмбебап теориясын неміс профессоры Ф. Шлейермахер (1768-1834) ұсынды. Ғалымның әдеби мәтінді оқу барысындағы сұрақтарға жауап іздеуді негізгі үдеріске айналдыру қажет деп түсінген ол герменевтиика арқылы осыны шешудің жолдарын қарастырды.
Ф. Шлейермахер көркем мәтінде автордың қалыптасқан ережелер оны кейбіреулердің саналы түрде бұзуы сияқты бір-біріне кереғар екі құбылысқа назар аударған. Дана қаламгер әдебиетте өз образын жасайтынын және оның өзі орнатқан ол тек ережені білу аздық ететінін айта отырып, осы тығырықтан шығу жолын ұсынған. Ұлы автордың көркем шешімін түсіну үшін оқырман өзін автордың орнына қойып көруі керек, салыстырудың осыдан кейін жүргені орынды, осындай «дивинациялық» интерпретация, яғни көкейкөзі ашылу арқылы оқырманның авторға айналуы ғана көркем мәтінді түсінуге жәрдемдеседі деген ғалымның пікірі дами түсті. Сонымен бірге Шлейермахер түсіну деген бір ғана актіден тұрмауы керек, дивинация әр түрлі деңгейде жүргізілсе «герменевтикалық шеңбер» пайда болатынын, ол шеңберді айнала жүру құбылысты жан-жақты тануға септігін тигізетінін кұп айтқан. Нәтижесінде Шлейермахер «автор – шығарма – дәстүр» деген жүйе мєтінді түсінудің тиімді жолы екеніне тоқтаған.
В. Дильтей (1833-1911) көркем мәтінді түсінудің өзіндік іргелі теориясын ұсына отырып, Шлейермахердің көзқарастарының осал тұстарын «түсіну методынан» тапты. В. Дильтей көркем мәтінді түсіну үшін интроспекция қажет екендігіне баса назар аударды. Ол да «герменевтикалық шеңберді» термин ретінде қабылдап, оны өзінше «түсіну шеңбері» деп атаған. Ғалым мәтіннің бір бөлігін түсіну арқылы жалпы мағынаны танып алып, бөлікке қайта оралуға кеңес берді, сөйтіп осындай әрі-бері ізденіс арқылы түсіну шеңберін кеңейтуге негіз бар деп есептеді.
«Герменевтикалық әдіс» ұғымына деген көзқарас Г. Гадамердің «Ақиқат және метод. Философиялық герменевтика негіздері» деген еңбегінен кейін түбегейлі өзгеріске ұшырады, өйткені бұл ғалым шеңбердің не обьективті, не субьективті екендігіне назар аудармай, оны бір-біріне байланысты екі әрекеттің түсіну және оны талқылаудың ортақ нәтижесі деп есептеді. Оған қоса түсіну шеңберінің онтологиялық сипаты барлығын анықтаған Гадамер түсінудің мынадай басқа жүйесін ұсынды: «шығарма –оқырман – дәстүр». Бұл жүйенің элементтері арасында ілгерілі-кейінді байланыстар көп екендігі көрініп тұр. Гадамер жалпы мен жекенің арасындағы байланыстар негізінде мәтінді алдын ала түсінудің кейінгі түсінумен тығыз қарым-қатынаста екендігіне баса назар аударудың қажеттілігін, бөлікті түсіну арқылы бүтінді ұғудың тиімді жолдарын көрсеткенімен тарихта қалған. ХХ ғасырдың соңғы жылдары Г. Яусс пен
В. Изердің зерттеулерінде «рецептивтік эстетиканың» негізгі теориялық тұжырымдары айқындалған, оның басты зерттеу нысаны «шығарма – оқырман» атты жүйе болатын. Көркем ақпарат бағытталған адресаттың, яғни оқырман қауымның енжар еместігіне сүйенген Г. Яусс әдеби шығарманың «мазмұны мен пішіні» оқырманның «түсінуі» арқылы анықталады деген пікірді ұстанды. Бұл ойын ғалым жазушылардың өзғармаларын саналы түрде кәсіби филологтарға арнап жазбайтындығы арқылы дәлелдеуге күш салды.
Рецептивтік эстетика ең алдымен оқырманның алдыңғы «әдеби тәжірибесін» есепке алу керек дейді. Көркем мәтіннің «рецепциясын» есепке алынуы керек екен. Оған қоса мәтіннің поэтикалық тілі мен сол кезеңдегі «практикалық» тіл арасындағы байланыстарға назар аударылғанына мән берген Г. Яусс рецептивтік эстетика әдебиеттің кезеңдік дамуының синхрондық сипаттамасы бола алатындығын қадап айтқан. Оқырманның симпатиясы мен антипатиясын да арнайы зерттеу обьектісі етіп алуға болады екен.
В. Изер автор мен оқырманның арасындағы диалогтардың түріне, мазмұнына ерекше мән бере зерттеген еңбегінің нәтижесінде оқырманның «эксплициттік» және «имплициттік» деп атаған екі типін бөліп көрсеткен. Авторға жақын, оның шығармашылық тұлғасымен етене таныс, бірақ саны аз «эксплициттік» оқырман классикалық герменевтиканы көп қызықтыра бермейді, өйткені ол биографиялық автор сияқты мәтінің ішіне еніп кетеді екен. «Имплициттік» оқырман – автор үшін оқырманның рөлін ғана ойнайтын тұлға. Мәтіндегі авторлық көзқарас көп ретте осы оқырман сұранысына байланысты екендігіне көз жеткізген В. Изер оқырман «көркем әлемнің» ажырамас бөлігі деген қорытындыға келді.
Г. Шпет деген ғалымның имплициттік формалар экспликация жасауға негіз болады деген пікіріне де ойлана қарау керек.
Єдеби герменевтика осылай бірте-бірте өнерден ғылымға айнала бастаған. Ќазіргі кезде герменевтика арнайы әдістермен және интерпретациялық жаңа модельдермен толыға бастады. Көп зерттеулер әдебиеттану мен лингвистикаға сүйене жүргізілуде.
Мәтінді «алдын-ала ұғу» немесе «түсінбеу» деген құбылыстардың өзі әдеби шығарманы түсінудің логикалық сатылары екенін қайта-қайта еске салатын герменевтиканың негізгі қағидаларын білген жөн.