Т. У. Есембеков Көркем мәтінді талдау негіздері Оқу құралы Алматы



бет18/26
Дата08.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#72495
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
Т.Есембеков.Көркем мәтінді талдау негіздері (1)

5 Көркем мәтінді талдау жолдары

Әдебиеттанудың басты методологиялық қағидаларының қатарына сөз өнерінің туындыларын белгілі бір жүйе есебінде қарастыру да жатады. Күнделікті өмірде, оқып-үйренуде, өнерде жиі кездесетін бұл «жүйе» деген сөздің қолданылу аясы, нақты тіркестегі мєн мазмұны әрқалай. Әдебиетші ғалымдар пікірі соңғы кезде мынадай ортақ ойға ойысқандай: жүйе /система/ - тегі әр түрлі немесе әр сипаттағы элементтердің белгілі бір қарым-қатынастар арқылы орныққан бірлігі мен тұтастығы. Жүйелі зерттеуге структуралық талдау қызмет етеді, өйткені структура – жүйені ұйымдастырудың, оның элементтерінің арасындағы ретті қарым-қатынасты үйлестірудің түрі деп түсіндіріліп келеді. Структуралық талдауды көркем мәтіннің мазмұнын танудың бірден-бір оңтайлы жолы деп қарау кейде ой қолаңдығына апарып соқтыруы мүмкін, сондықтан оны туындыны тұтастыра талдаудың бір түрі ретінде ғана пайдаланудың қисыны бар.


Көркем мәтінді жүйелі қарастыру қағидаларын жеке шығарманы зерттеуде тиімді қолданудың тиімділігі мол, бұл жағдайда пішіндік тұтастықты қамтамасыз етіп тұрған бөлшектердің өзара үндестік тауып, ортақ бір мазмұнды діттеуі үшін автордың суреткерлік таланты мен шығармашылық ізденістерінің қызметіне назар аудару керек.
Жеке мәтін жазушы шығармашылығының жүйелі құрамына кіретін болғандықтан, алдымен оның осы жүйе арнасындағы орнын анықтап алу керек. Әдеби жүйе басқа елдердің мәдениеті мен сөз өнеріне қатысты жүйелеу арқылы да зерттеуге болады. Ең бастысы - әдебиеттің жүйелілігін зерттеуде оның тарихи болмыспен байланысын жан-жақты анықтап алған дұрыс.

5.1 Әдеби мәтінді нақты тарихи көзқарас тұрғысынан талдау

Әдеби мәтінді және ұлттық әдебиетті жүйелі зерттеу барысы оларды тарихи даму тұрғысынан, нақты өмірмен байланыстыра оқып-үйренуді қажет ететіні анық. Нақты-тарихи көзқарас әдеби-генетикалық талдаумен сабақтас, өйткені онда нақты көркем шығармада характерлер мен типтік жағдайларды бейнелеудің себеп-салдарлары, яғни әлеуметтік сыры ашылады. Ендеше, жеке туындыдағы кейіпкерлер әлемінің табиғаты тартыстар оятары қандай әлеуметтік мәселелермен байланысты екеніне қарап ажыратылады. Автордың өз кейіпкерін бейнелеудегі ұстанған мақсаты мен көзқарасын сараптауды назардан тыс қалдыруға болмайды, ендеше оларды субьективтік факторлармен қатар обьективтік негіздер тұрғысынан зерделеп, нақты тарихи байланыста талдаған жөн.


Нақты тарихылық көзқарас зерттеушіден шығарманың өмірге келу кезеңіндегі тарихи жағдайға барынша жіті қарағанды қалайды. Әйтседе көркем туындыны өмірдің айна-қатесі жоқ көшірмесі деп қабылдаудың да жөні жоқ., сондықтан тарихи деректер мен дәйектерді автордың творчестволық өмірбаянымен қоса қарастырғанда абай болу керек. Өзінің уақытынан бұрын туған, оқырманын таппаған шығарма бәрібір сол кезеңнің, халықтың, елдің туындысы болып қала береді. Авторларының творчестволық бағыт-бағдарының әрқилығына қарамастан бір ортада, шамалас кезде жарық көрген кітаптарда тақырып үндестігі, пішіндік ұқсастық жиі кездеседі, бұл құбылыстың тарихын авторлар тобы немесе әр кезең үшін бөлек зерттеуге болады. ХХ ғасырдың басында «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Әділ мен Мария», «Бақытсыз Жамал», сияқты шығрмалардың, ал ХХ ғасырдың 60-80 жылдары тарихи романдардың шоғырлана шығуы тегін емес екендігі әдебиет тарихынан белгілі.
Тақырып ауқымы, образдар ерекшелігі, белгілі бір жанрлардың күрт дамуы, көркем идеялардың ерекше мазмұны нақты тарихи уақыттағы қоғам өмірімен әрқилы ажырамас бірлікте, бұл пікірлер зерттеушінің үнемі жадында жүретін ойлар болуға тиіс.
Әдеби бағыт, мектептердің қалыптасып, дамуы әдеби-тарихи үдерістің нақты кезеңдерінің көрінісіне қатысты, сондықтан оларды зерттеу нақты тарихи жєне әлеуметтік-генетикалық тұрғыдан талдауды қажет етеді.
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында серпіліс тудырғаны белгілі. Демек, көркем мәтін – белгілі бір тарихи кезеңнің жемісі бола отырып, обьективтік тарихи негіз ретінде қазіргі кездегі оқырмандарға қалай әсер ететінін арнайы қарастыруға болады.
Бір есте ұстайтын мәселе – көркем әдебиет нақты бір тарихи орта мен уақыттың жемісі, бірақ оның өзінің де қоғам өміріне нақты көркемдік әсерінің мәні мен сипатын айқындау көптеген қызықты жайттарға жетелейді. Нақты-тарихи зерттеудің әдеби үдерісті, қаламгер шығармашылығын, жеке туындыны жан-жақты әрі терең сараптауға мүмкіндігі мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет