Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі



бет11/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
8-тақырып. Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының Салық Кодекстің 273, 274-баптарында белгіленген тәртіппен есепті салық кезеңінің аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуі;
Айналым мақсатында пайдаланылмайтын, нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қалыптасқан, қосылған құн салығының асып түсуін қайтару:

  • тауарлар импорты кезінде төленген;

  • Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен салық Кодекстің 241-бабына сәйкес жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төленген;

  • қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап көрсетіле отырып, қосылған құн салығы жөніндегі декларация табыс етілген салық кезеңінің соңындағы пайдалануға берілетін негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегінде жүргізіледі.

Бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеушіге бюджеттен қайтарылуға жатады.
2009 жылғы 1 қаңтарға дейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қалыптасқан, қосылған құн салығының асып кетуі, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге байланысты қалыптасқан асып түсуді қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
Есепті салық кезеңінің соңында өсетін қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір мезгілде мынадай талаптар орындалса:

  • қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді тұрақты жүзеге асырса;

  • нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенін қайтару туралы талап көрсетілген салық кезеңі ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процент құрайтын болса, қайтарылуға жатады.

Әдебиеттер:1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет