Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Салық салытатын табысты азайту және залалдарды ауыстыру



бет16/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
13-тақырып. Салық салытатын табысты азайту және залалдарды ауыстыру
Мыналар:

  • Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулер ескеріле отырып, шегерiмдердiң жылдық жиынтық табыстан асып түсуі;

  • кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегетін залал кәсіпкерлiк қызметтен шегетін залал деп танылады.

Мыналар: 

  • борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша – өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;

  • борыштық бағалы қағаздар бойынша – өткiзу күніндегi дисконт амортизациясы және (немесе) сыйлықақы ескеріле отырып, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма бағалы қағаздарды өткiзуден шегетiн залал болып табылады.

Шығыстардың Кодекстің 127, 128-баптарына сәйкес айқындалатын түсімдерден асып түсуі хеджирлеу операцияларының ерекшеліктері ескеріле отырып, туынды қаржы құралдары бойынша залал болып табылады.
Кәсiпкерлiк қызметтен шегетiн залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шеккен залалдар осы салық кезеңдерінің салық салынатын табысы есебінен өтеу үшін кейiнгi он жылды қоса алғандағы кезеңге ауыстырылады. 
Әдебиеттер:1,2,6.
14-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Корпоративтік табыс салығы салық салынатын табысқа салықтық ставканы қолдану жолымен түзетуді, яғни Салықтық Кодекске сәйкес ауыстырылатын зияндар сомасына азайтылуын ескере отырып, салықтық кезеңге есептеледі.
Ауыстырылатын зияндар сомасына азайтылған түзетулерді ескере отырып, салық төлеушінің салық салынатын табысы 15% мөлшері бойынша салынуы керек.
Жер өндірісінің негізгі құралы болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысы түзетулер ескеріле отырып, 10% ставкасы бойынша салық салынуға тиіс.
Салықтық кезең ішінде салық төлеуші КТС-ты ай сайын ағымдағы айдың 25-і күнінен кешіктірмей аванстық төлемдерді енгізу жолымен төлейді. Соңғы есеп айырысуды салық төлеуші салықтық кезең қорытындысы бойынша декларация тапсыру үшін бекітілген мерзімнен кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.
Салық төлеушімен төленуге тиісті аванстық төлемдер сомалары тең бөліктермен салықтық кезең ішінде төленеді.
Салық төлеуші корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеуге және төлемеуге келесі жағдайларда құқылы:
1) алдындағы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдегі түзетулерді ескере отырып, жиынтық жылдық табыс алдындағы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген айлық есептік көрсеткіштің 325000-еселік мөлшеріне тең сомадан аспаса;
2) жаңа қалыптасқан салық төлеушілер – заң органында мемлекеттік (есептік) тіпкеу жүзеге асқан салықтық кезеңде, сонымен қатар келесі салықтық кезеңде;
3) Салық төлеуші ретінде салықтық органдарда жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында өз әрекетін филиал, өкілодік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға-резидент еместер – салықтық органдарда тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сонымен қатар келесі салықтық кезеңде.
Корпоративтік табыс салығы үшін салықтық кезең болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл табылады.
Салық төлеушілер КТС бойынша декларацияны салықтық органдарға есептік салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсыру керек. КТС бойынша декларациямен қатар салық төлеуші салықтық органға жылдық қаржылық есеп беруді тапсырады.
Әдебиеттер:1,2,6,7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет