Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. ХҚЕС (IAS) 12 «Пайдаға салынатын салықтар» (ЖЖТ үлгісі). ХҚЕС сәйкес корпоративтік табыс салығының есебі



бет12/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
9-тақырып. ХҚЕС (IAS) 12 «Пайдаға салынатын салықтар» (ЖЖТ үлгісі). ХҚЕС сәйкес корпоративтік табыс салығының есебі
Жиынтық жылдық табысты (ЖЖТ) алумен байланысты салық төлеушінің шығындары салық салынатын табысты анқтағанда шегерілуі тиіс.
Салық төлеушілер салық салу объектілерін есептеу әдісі бойынша және Салық Кодексімен бекітілген шарттар мен тәртіптерде анықтайды.
Салықтық мақсаттағы қорлар есебі бухгалтерлік есеп бойынша ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қорлар – бұл өндірісте немесе жұмыстар мен қызметтерді орындағанда қолдану үшін арналған шикізат, материалдар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, өзге де материалдар, сонымен қатар субъект әрекеті барысында сату үшін арналған дайын өнім, тауарлар, оның ішінде жолдағы тауарлар.
Кәсіпорындардағы қорлардың есебі және есеп беруді жасау ҚЕХС №2 «Қорлар» сәйкес ұйымдастырылады. Оның мақсаты қорлар есебінің тәртібін, яғни қорлардың жіктелуі мен бағалауын, өндіріспен байланысты және қорлардың өндірістік өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар есебін анықтау.
Қорлар өзіндік құн мен өткізудің таза құнының ең аз мәні бойынша бағаланады. Таза өткізу құны – тауарды сатуға дайындау мен оны сату бойынша шығындарды шегерілген, тауарды өткізудің болжамды бағасы. Таза өткізу құны егер тауардың өзіндік құны келесі себептер бойынша қалпына келмесе қолданылады.:
- берілген қорлар бүлінсе;
- қорлар толық немесе жартылай ескірсе;
- қорлардың нарықтық бағасы төмендесе.
Таза өткізу құнын анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
- баптық әдіс;
- негізгі тауарлық топтар әдісі;
- қорлардың жалпы деңгейі әдісі.
ҚЕХС №2 «Қорлар» сәйкес қорлар сатып алынғанда сатып алу немесе өндірудің нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Қорлардың өзіндік құнына жататындар: сатып алуға шығындар, оларды кәсіпорынға жеткізу мен қажетті жағдайға келтірумен байланысты КДШ (көліктік-дайындау шығындар), өнімді (жұмыс, қызметті) қайта өңдеуге шығындар.
Өнімді (жұмыс, қызметті) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесі элементтер бойынша топтастырылады:
- материалдық шығындар;
- еңбек ақыға шығындар;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
Материалдарды өнімді, жұмысты, қызметті өндіруге қолданғанда бағалау келесі әдістердің біреуімен жүргізіледі:
- орташа салмақтандырылған құн (орташа баға);
- арнайы сәйкестендіру;
- бірінші сатып алулар құны бойынша (ФИФО).
Шаруашылық субъект қорлардың есебі үшін есептің кезеңдік немесе үздіксіз жүйесін қолдануға құқылы. Есептің кезеңдік жүйесін қолданғанда жыл бойынша қорлардың бөлшектеп есептелуі жүргізілмейді. Қорлардың нақты бар болуы кезекті түрде өтіп отыратын түгендеу нәтижесі бойынша анықталады. Ал нақты өткізілген қорлардың өзіндік құны келесі формула бойынша анықталады: Ө/қ = Қб + К – Қс
Қорлардың үздіксіз есебінің жүйесін қолданғанда ҚЕХС №2 «Қорлар» сәйкес қорларды есепке алу бойынша шоттарда олардың келіп түсулері мен шығулары дәйекті түрде жүргізіледі.
Әдебиеттер:1,4


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет