Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет102/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бақылау сұрақтары:

  1. Зат алмасу дегенiмiз не,қандай процестерден құралады, зерттеу әдiстерi.

  2. Ағзада азотты заттардың алмасуы және реттелуi

  3. Көмiрсулардың алмасуы және оның реттелуi

  4. Май алмасуы және оның реттелуi

  5. Май алмасуда өкпенiң ролi

Лекция 26. Зат алмасу және энергияның реттелуі.


Лекция жоспары:
1. Су мен минералды заттардың алмасуы
2. Витаминдер
3. Энергияның реттелуі
4. Жылудың реттелуі

1. Су мен минералды заттардың алмасуы


Судың алмасуы. Организмде су мен минералды заттардың қатынасуымен орга-низмге аса қажеттi процестер iске асады. Атап айтсақ, iшкi ортаның осмостық қысымның тұрақтылығы, сутегiндiк көрсеткiштiң деңгейi сақталып, әмбебап ерiткiшi, барлық клеткалардың маңызды компо-нентi.
Ересек адам (жануарлар) дене салмағының 60-70% су. Организм неғұрлым жас болса, соғұрлым онда су көбiрек болады. Эмбрион салмағының 90% жаңа туған нәрестенiң 75% , кәрi адамның 55% су болады. Салмағы 75кг ересек адамның организмiнде 53 литрдей су болады.
Әр түрлі ұлпаларда да судуң мөлшерi түрліше: ет, көкбауыр, өт, терiде 70-75%, бүйректе 80% , мидың сұр затында 86% , сүйек құрамында 22% , тiс эмалiнде 0,2% . Егер организмге су жетiспесе, онда оның органдарының қалыпты жұмысы бұзылады, тiптi өлiм қаупi де төнедi. Не бәрi 1% судың мөлшерi көбейiп, не азайса, организмде қорғанысқа дайындық өзгерiстер пайда болады. Мысалы, малға су бермей қойса, ол 4-5 күнде өледi, ал егер оны су бере отырып ашықтырса , мал 40-45 күндiк аштыққа шыдай алады. Ал адам болса 8-10 күн өмiр сүре алады.
Денедегi барлық сұйықтықты 2 түрге бөледi. Бiрiншiсi клетка iшiндегi сұйықтық организм салмағының 70% (90-40лшамасында)
Екiншi клеткадан тыс қан мен лимфа және клетка аралық сұйықтық құрамына кiредi, шамамен 20% (15-17л) құрайды.
Организмде су бос күйiнде, байланысқан су немесе молекулалар iшiнде (белок, май, көмiрсулар) болады. Адам тәулiгiне 2-2,5л, қажет етедi, оның 2-2,2л тамақ құрамымен қабылданады, ал 0,3 организмдегi заттардың тотығуынан пайда болады.
Кейбiр жануарлар сырттан су қабылдамағанда эндогендi суды пайдаланады. Мысалы, түйе сусыз 55тәулiк өмiр сүре алады, себебi өркеш майының тотығуынан пайда болған эндогендi су организмдi сумен қамтамасыз етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет