Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет98/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бақылау сұрақтары:
1. Микроорганизмдердiң ас қорытудағы маңызы
2. Ұйқы безi сөлiнiң құрамы, қасиеттерi, биологиялық маңызы
3. Өттiң құрамы, қасиеттерi, ас қорытудағы ролi
4. Ішек сөлiнiң құрамы мен қызметi, реттелуi
5. Мембраналық ас қорыту дегенiмiз не, қай жерде жүредi, қандай ферменттер қатысады.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Н.Несіпбаев., А.Қ.Несіпбаева. Адам және жануарлар физиологиясы . Алматы, «ҚР ЖОО Қауымдастығы», 2012 ж. 436 бет.
2. Рымжанов Қ.С. Адам және жануарлар физиологиясы . Алматы,Ы.Алтынсарин атындағы ҚР білім академиясы, 2000 ж. 419 бет.
3. Х.Қ. Сәтпаева., Ж.Б. Нiлдабаева., А.А. Өтепбергенов. Адам физиологиясы, Алматы, “Дәуір”, 2005 ж. 663 бет.
6. Төленбек И.М. Адам және жануарлар физиологиясы,- Алматы, «Білім», 2012 ж. 328бет.
Қосымша әдебиеттер:
2. Т.Н. Несiпбаев. Жануарлар физиологиясы, Алматы, “Қайнар” 1996ж
3. Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология. –Алматы, Қазақ куниверситеті, 2006 ж. 140 бет.
4. Дүйсембин ҚС. Балалар мен жасөспiрiмдер физиологиясы және гигиенасы, Алматы, “Мектеп” 2006 ж.
6. Мырзаханұлы Н.М. Жалпы физиология. –Алматы, «Ғылым», 2003 ж. 131 бет.
7. Сатбаева Х.К. Адам физиологиясы: Алматы. «Эвро», 2010 ж. 664 бет.
Лекция №25. Зат алмасу және энергияның реттелуі


Лекция жоспары:

  1. Зат алмасу процесiне жалпы түсінiктеме

  2. Белоктардың алмасуы

  3. Көмiрсулардың алмасуы

  4. Майлардың алмасуы



Лекция түрі: ақпараттық
Тіректік ұғымдар: «метаболизм» «ассимиляция және диссимиляция», «анаболизм мен катоболизм», «энергетикалық алмасу және пластикалық алмасу»


1. Зат алмасу процесiне жалпы түсінiктеме
Заттардың алмасуы тiршiлiктiң ең негiзгi белгiлерiнiң бiрi организмнiң негiзгi функциясы болып табылады. зат алмасу проце-сiнiң барысында организм тiршiлiгiне қажеттi органикалық заттарды қабылдап, ыдыратып өзiне қажет заттарды түзедi де, қажетсiз ыдырау өнiмдерiн бөлiп шығарады. Азық құрамындағы күрделi органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы организмде энергиялық басқа түрлерiне- химиялық, механикалық, жылу, электрлiкке айналады.
Жаңадан түзiлген органикалық қосылыстар жинақталған бос қуат организмнiң тiршiлiгi үшiн, атап айтсақ әр түрлі жұмыс атқару, клет-калардың құрылысы мен қызметiн, дене температурасының тұрақты-лығын сақтау, өсу, жаңару және даму процестерi үшiн пайдала-нылады.
Зат алмасу процесi бiр-бiрiнен тығыз байланысқан екi процестен тұрады.
1.Ассимиляция немесе анаболизм. Бұл процесте организм сiңген заттардан өзiне тән күрделi химиялық заттар түзіледі.
2.Диссимиляция немесе катоболизм зат алмасуына қатысқан заттардың ыдырауы, бұзылуы.
Тiрi организмнiң өсуi, дамуы, көбеюi, зат алмасумен байланысты. Зат алмасу тоқтаса, органимнiң тiршiлiгi де тоқтайды.
Зат алмасу процесi 3 кезеңде өтедi.
1. Бiрiншi кезеңi ас қорыту мен басталады.
Қабылданған азық ас қорыту жолында қорытылады.
2. Екiншi кезеңi ас қорыту барысында пайда болған өнiмдер қанға және лимфаға сiңiп олардан түрлі органикалық заттар түзiлiп, көптеген аралық және соңғы алмасу өнiмдерi пайда болады, қоректiк заттар қуат көзi, құрылыс материалы ретiнде пайдалынады.
3.Үшiншi кезеңiнде организмде пайда болған қажетсiз өнiмдерi, улы заттар организмнен бөлiп шығарылады.
Зат алмасудың бiрнеше түрiн ажыратады. Жалпы зат алмасу- организмде қалыпты жағдайда өтедi.
Негiзгi зат алмасу- тiршiлiк үшiн маңызды процестердi, мүшелердiң қызметiн (тыныс алуды, қан айналымы, ет тонусын, дене жылуын сақтау т.б) салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдай-ында қамтамасыз ететiн зат алмасу деңгейiн айтады.
Аралық зат алмасу-клеткалар мен ұлпалардағы зат алмасуы. Зат алмасудың бұл тұрi ас қорыту жолында қоректiк заттардың сiңуiнен басталып,белок, көмiрсулар, май, су мен тұздардың алмасуын ажыра-тады.
Өнiмдiк зат алмасу- белгiлi бiр өнiм өндiру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн), немесе белгiлi бiр жұмыс атқаруды қамтамасыз ететiн зат алмасу процесiнiң деңгейiн айтады. Мысалы, 1л сүт түзiлу үшiн сиыр желiнiнiң клеткалары орташа 680ккал қуат жұмсайды, ал ауыр қара жұмыс iстейтiн адамдар 5,075ккал қуат жұмсайды.
Зат алмасу деңгейiне көптеген факторлар әсер етедi, атап айтсақ жасы, дене массасы, жынысы, физиологиялық күйi, тамақтануы т.б.
Зат алмасуды зерттеуде ағзаларды жекелеу, ангиостомия, биоп-сия, таңбалы атомдар, баланстық тәжiрбиелер әдiстерi қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет