Торлы құрылым және оның маңызы. Торлы құрылым пiшiнi мен мөлшерi әртүрлі торшалардың шоғыр-лануы нәтижесiнде пайда болған осы торшалардың шашы-раңқы орналасқан өсiндiлерi бiр-бiрiмен айқасып қиылысып, тор тәрiздi зат құрайды.
Торлы құрылымды алғаш рет ашқан Дейтерс. Қазiргi кезде бұл құрылымның морфологиясы зерттелiп, оның ерекшелiктерi анықталған. Торлы құрылымды құрайтын нейрондар өсiндiлерi қысқа келедi, өте көп тарамданады және олар топтасып, көптеген ядролар құрайды.
Торлы құрылым екi бөлiмнен құралған: төмен түсетiн және жоғары шығатын. Төмен түсетiн бөлiм арқылы ортаңғы, сопақша ми мен жұлынға бұлшық еттердiң, iшкi органдар мен iшкi секреция бездерiнiң қызметiн тежейтiн немесе үдететiн импульстер бөледi.
Жоғары шығатын бөлiм арқылы ми жарты шары қыртысына тек үдетушi импульстер берiледi. Торлы құрылым арнаулы жүйе емес. Торлы құрылым жартылай зақымданса ұйқышылдық, селқостық байқалады. Ал егер толық қиып тастаса мал терең ұйқыға кетедi де (кома), соңынан өлiп қалады. Торлы құрылымның кейбiр бөлiгiнде адреналин мен норадреналин бөлiнедi. Сонымен қатар торлы құрылым нейрондары аминазин, редернин, тұрлі есiрткiлер, ұйық-тататын заттар олардың қызметiн тоқтатып, ми қыртысына бағытталған импульстердi бөгеп тастайды.
Торлы құрылыммен тұрлі эммоциялар- үрей, рахаттану, ызалану т.с.с. байланысты.
Алдыңғы ми оның қызметтері. Алдыңғы ми сай арқылы екi жарты шарға немесе үлкен ми сыңарларына бөлiнедi.
Әрбiр үлкен ми сыңарлары өз кезегiнде ми жабынынан (қыр-тысынан), иiстiк мидан, жолақ денеден және мидың бүйiр қарын-шасынан тұрады. Сайдың түбiнде екi жарты шарды бiр-бiрiмен жалғастырып тұратын ақ зат табақшасы қасаң (мүйiздi) дене орналасады. Мүйiздi дененiң астыңғы жағында қос талшқты белдеуден құралған жарты шарлар күмбезi жатады. Мүйiздi денеден төменiрек әр жарты шарда мидың үшіншi қарыншасымен жалғасатын бүйiр қарыншалар орналасады.
Әрбiр жарты шарлар құрамына базальдық (қыртысты) ядролар мен ми қыртысы кiредi.
Ми қырытысы мен қыртыс асты түйіндер аралығында ақ зат орналасады. Ол арқылы алдыңғы мидың өткiзгiш жолдары өтедi. Өткiзгiш жолдар:
1) ассоциативтiк (жалғастырғыш) – бiр жарты шардың әртүрлі бөлiк-терiн жалғастырады.
2) комиссуральдық (көлденең жолдар) – жарты шарлардың көлденең бөлiктерiн жалғастырады.
3) проекциялық жолдар – ми қыртысын мидың төменгi бөлiмдерiмен жалғастырады.
4) коллатеральдық жолдар (жанама) – ми қыртысын жеке-жеке қабаттарға бөледi.
Қыртыс асты (базальдық) түйіндер. Үлкен ми жарты шарлары қыртысы мен көру төмпегi аралығында орналасқан торшалар шоғырын қыртыс асты немесе базальдық түйіндер деп айтады. Оларға жолақ дене (стриатум), бозғылт ядро (паллидиум), шарбақ және бадамша дене жатады.
Жолақ дене құйрықты ядро мен жасымықша ядродан тұрады. Жасымықша ядроның латеральдық бөлiгiн – қауыз, ал медиальдық бөлiгiн – бозғылт ядро деп атайды.
Жолақ денеде зат алмасу, жылу түзу, бөлу процесстерiн қан тамырлары арасын реттейтiн жоғарғы вегетативтiк орталықтар бар деген болжам бар.
Бозғылт ядро – қозғағыш ядро, қимыл-әрекеттерiн реттейдi. Қыртыс асты түйіндер баяу қимылдардың (жүру, кедергiден аттау, басты бұру т.с.с.) атқарылуын реттеп, қимыл-әрекеттiң дәлдiгiн, мақсатқа сәйкестiгiн бағалап, бақылап отырады деген болжам бар. Қыртыс асты түйіндер әртүрлі инстинктердiң атқарылуын қамта-масыз етедi. Инстинкт деп туа қалыптасқан, табиғи мiнез - қылықтардың жиынтығын айтады (қоректену, қорғаныс, жыныстық, ата-аналық).
Барлық инстинктердiң физиологиялық негiзiн орталықтары қыртыс асты түйіндер (жолақ дене) мен аралық ми ядроларында орналасқан шартсыз рефлекстердiң күрделi тiзбегi құрайды.
Лимбика жүйесi.Лимбика жүйесi деп iшкi мүшелер қызметiн реттейтiн, мiнез-құлықтың эммоциялық көрiнiсiн тудыратын алдыңғы ми қыртысының филогенездiк тұрғыда ерте дамыған бөлiмдерi мен бiрқатар қыртыс асты құрылымдардың морфофункциялық бiрлестiгiн айтады. Лимбика жүйесі ми сабағын қоршай орап жатады (ми сабағына қандай бөлімдер кіреді). Лимбикалық жүйені бұрын иістік ми дегенмен, бірақ ол аты құрлымының табиғатына, мәніне сай емес.
Лимбус (латын тiлiнен) – көмкерме, шет деген сөзiнен алынған. Қазіргі қалыптасқан көзқарасқа сәйкес Лимбика жүйесiнiң құрамына үлкен ми жарты шарларының iшкi, медиалды жағына орналасқан белдеулiк қатпар, гиппокапм қатпары, гиппокапм, iлгек тәрiздi қатпар, бадамша кешен, емiздiкше дене, күмбез, таламустың алдыңғы ядролары енедi.
1937 жылы американың невронатологы Дж. Папестің ұсынған гипотезасы бойынша лимбикалық жүйенің құрлымына кіретін ми құрлымдары бір жүйені құрайды (Папес шеңбері деп аталған). Ол жүйе туылған мінез-құлық актілеріне және эмоцияның қалыптасуына жауапты.
Ал 1952 жылы американың басқа ғалымы П. Маклин папестің көзқарасын толықтыра (дамыта) келіп, лимбикалық жүйе деген ұғымды ендірген. Оның айтуынша лимбикалық жүйе ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және тұрдің ерекше реакцияларын бақылап, оның сақталуын қамтамасыз етеді.
Лимбикалық жүйенің қызметі:
Лимбикалық жүйе вегетативтiк процестердi реттеуге қатынасады. Ол барлық iшкi ағзалардан афференттiк импульстердi қабылдайды, зат алмасу, iшкi секреция бездерiнiң қызметiн реттейдi, үйлестiредi, организмнiң iшкi ортасының тұрақтылығын қалыптастырады. Сондықтан, кейде оны висцеральдық ми деп атайды. Мысалы, бадамша кешен ядроларын тітіркендіргенде жүрек ритмы, тыныс алу, қан тамырлар тонусы өзгерген. Ас қорыту мүшелерінің, ішектің жиырылуы, сілекейдің бөлінуі, еріксіз шайнау, жұту, қуық, жатыр еттерінің жиырылуы күшейген. Лимбикалық жүйеде, гипоталамуста және торлы құрлымда организм эмоциясын басқаратын орталықтар орналасқан. Оны осы аталған құрлымдардың белгілі бір ядроларын тітіркендіру немесе зақымдау арқылы дәлелдеген. Мысалы, мысықтың бадамша кешенін электр тогымен тітіркендіргенде, ол белін бүркейтіп, пысқырып, көзін бадырайтып, агрессивтік мінез көрсеткен.
Қолға үйретілген жануардың лимбикалық жүйесінің кейбір құрлымдарына хирургиялық операция арқылы алып тастағаннан кейін жануар жабайыланып кеткені анықталған.
Лимбикалық жүйеде жағымсыз эмоциялар (ашу, ыза, үрей т.б. көру және есту информациясын дұрыс қабылдау қасиеті бұзылады. Ас қорыту және жыныстық қозу процестерінде агрессивті май-мылдар жуас болған, жағымды эмоция – рахаттану, қуану т.с.с. сақталған.
Лимбикалық жүйе естің қалыптасуына әсері бар екені анықтал-ған. Мысалы, Аммонов мүйізін адамда алып тастаса есі толық жойылғаны байқалған.
Қорыта айтсақ, лимбикалық жүйе ерте пайда болған, бірақ оны атавизм ретінде қарауға болмайды. Себебі, ол жаңа қыртыс (неокортекс) және ми бағанасымен тығыз байланыста болып, ішкі жүйенің вицеральды және соматикалы функцияларды реттеуде маңызды роль атқарады.