Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет47/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
Вестибулярлық аппарат. lшкi құлақтың сағасы мен жартылай дөңгелек түтiктер вестибулярлық аппаратты құрайды. Вестибулярлық аппарат адамның кеңiстiкке бейiмделуiн қамтамасыз етедi.
lшкi құлақтың жартылай дөңгелек түтiктерi бiр-бiрiне перпен-дикуляр үш бағытта орналасады. Әр түтiктiң бiр ұшында аздап ампула тәрiздi кеңейген бөлк болады. Жарғақты түтіктiң осы бөлiгiнде ескек пiшiндес, жартылай мөлдiр кiлкiлдек затпен оралып жататын кiрпiктi ұзын рецепторлық торшалар орын тебедi. Осы құрылым бастың кеңiстiктегi жағдайын бақылап отырады. Бастың кеңiстiктегi жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе эндолимфа рецепторлық торшаларды толқытады, қозу пайда болады.
Сағаның қапшықтарында отолит аппараты орналасады. Әрбiр сезiмтал торшаның бiр бөлiгi цилиндр пiшiндi келедi де, екiншi бөлiгi сүйiрлене бiтедi. Оның сүйiр ұшында бiр бос қимылдағыш және 60-80 бiр-бiрiне жабысқан кiрпiкшелер орналасады. Бұл торшалар кiлкiлдек зат массасына батып жатады. Бұны отолит жарғағы (мембранасы) деп атайды. Оның торының үстінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор-көмiр қышқылды кальций кристалдары – отолиттер жатады. Дененiң немесе бастың кеңiстiктегi қалпы өзгергенде отолит мембранасы өз салмағымен торша түктерiне кiредi, не басып қысады. Бұл өзгерiстердi рецепторлық торшалар қабылдап, жағдайды орталық жүйке жүйесiне хабарлайды.
Вестибулярлық аппаратта пайда болған импульстер есту жүйесiнiң талшықтарымен сопақша мидағы вестибулярлық ядроға берiледi. Сопақша мидың вестибулярлық ядроларынан өткеннен кейiн вестибулярлық аппараттың аференттiк жолы айқасады да, таламустың вентробазальдық құрылымдарына бағытталады. Бұл жерден импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының самай бөлiгiне жiберiледi.
Вестибулярлық аппарат өз қызметiн басқа сезiм жүйелерiмен тығыз байланыста атқарады және организмнiң қалыпты қимыл әрекеттерiн сақтауда маңызды роль атқарады.
Вестибулярлық аппаратқа күштi тiтiркендiргiштер әсер етсе түрлі өзгерiстер байқалады. Мысалы теңiз ауруы, қимыл-әрекеттердiң бұзылуы, айналмалы қозғалыстар жасауы.
Космос жағдайында бүкiл организм, оның iшiнде отолиттерде салмақсызданады. Салмақсызданған отолиттер рецепторлық торшаларды қыспайды, баспайды, сондықтан ми кеңiстiктiң жоғары және төменгi бөлiктерi жайлы хабарсыз қалады.
Адамның ми қыртысындағы вестибулярлық аймақтың нақтылы орналасқан жерi әлi толығынан анықталмаған. Ол артқы орталық қатпарда орналасады деп жорамалдайды. Мидың қозғалыс қыртысының төменгi жағында екiншi вестибулярлық аймақ анықталған.
Вестибулярлық аппаратты машықтандыруда спортпен шұғылданудың маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет