Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет45/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Иiс анализаторлары. Иiс анализаторлары адам мен жануарларда дистанттық хеморецепциясымен байланысты. Иiс анализаторы ең ерте дамыған, қоршаған ортадағы биологиялық маңызды химиялық сигналдарды қамтамасыз етедi.
Иiс анализаторының жетiлуiне қарай организмдер екi топқа бөлiнедi – макросоматиктер және микросоматиктер.
Макросоматиктерге иiс анализаторы жақсы дамығандарға сүтқоректiлер жатады.
Микросоматиктерге иiс анализаторы нашар дамығандар жатады - кит, маймыл, адам т.б.
Иiс анализаторларының рецепторлары мұрын қуысында кеңсiрiктiң жоғары жолында орнласқан иiстiк кеңсiрiк болып келедi, ауданы шамамен 5-8 см2, эпителийдiң қалыңдығы 100-150 мкм, олардың тiрек клеткаларының арасында диамтерi 5-6 мкм иiс рецепторлары жалағсады. Иiс рецепторларының саны адамдарда 10-20 млн жетедi. Әрбiр рецептордың ұзындығы 10 мкм, 6-12 жiңiшке кiрпiкшелерi шығып тұратын, иiс буылтығымен аяқталады.
Иiс рецепторлары көптеген тiтiркендiргiштердi қабылдай алады, бiрақ олардың бiр затқа сезiмталдығы өте күштi, екiншi затқа – орташа болады.
Иiстiң түрлерi осы кезге дейiн толық жiктелмеген, сондықтан иiстi көбiнесе иiс шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сiрке иiстерi. Сонымен қатар иiс шығаратын заттарды химиялық құрылымына (Х.Хеннинг) қарай жiктеген. Бiрақ әртүрлі құрылымды заттардың бiрдей иiс шығаратыны анықталған.
Д.Эймур иiстi жетi түрге бөлген: камфора, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткiр және шiрiк иiстер. Бұл заттардың молекуласының пiшiнi әртүрлі (дөңгелек, делек, таяқша) болады.
Иiс тiтiркендiргiшi ұзақ әсер еткенде оған иiс анализаторы бейiмделедi. Ауа неғұрлым таза болса иiс анализаторының сезiмталдығы соғұрлым жоғары болады.
Иiс сезу туралы екi көзқарас бар:
Химиялық теория бойынша иiс сезу молекулалардың құрамымен байланысты;
Физикалық теория бойынша – электромагнит толқындарымен байланысты.
Иiс буылтығынан басталған талшықтар алдыңғы (соңғы) мидың бiрнеше құрылымдарына барады (иiс төмпешiгiне, алдыңғы иiс ядроларына т.б.). Иiс сезу сезiмталдығы төмендеуi – гипосмия, жойылуы – аносмия, иiстi терiс түйсiну – паросмия деп аталды.
Көру анализаторы. Көру анализаторы арқылы адам барлық мәлiметтiң 80% қабыл-дайды. Заттардың көлемi, пiшiнi, қоршаған орта көру анализаторы арқылы қабылдайды. Мидың дамуы көру анализаторымен тiкелей байлансты.
Көру анализаторы – жұп түзiндi. Көз анализаторының шеткi бөлiмi болып табылады. Көру жүйкеi – өткiзгiш бөлiгi, ал қыртысты бөлiм әрбiр ми сыңарының шүйде бөлiгiнде орналасқан.
Көз алмасы шар пiшiндi, сырт жағынан үш қабықпен қапталған:
1. Сыртқысы қалың фиброзды қабық – ақ қабық (белокты қабық немесе склера). Артқы жағында тесiк болады, ол арқылы көру жүйкеi енедi. Сыртқы қабықтың алдыңғы бөлiгi “қасаң қабық” (мөлдiр қабығы) – түссiз, мөлдiр, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегiне ұқсап келедi. Ол арқылы жарық сәулесi көз алмасының iшiне сындырылып өтедi.
2. Тамырлы қабықша, алдыңғы бөлiгi нұрлы қабық деп аталады.
Көздiң түсi осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты болады. нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасады. Бұл тесiк арқылы жарық сәулесi көз алмасының iшiне өтiп, торлы қабыққа жетедi. нұрлы қабықта екi бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы және сәулелi бұл ет жиырылғанда қарашық тарылып, кеңейедi. Қарашықтың артында екi жағы дөңес линза пiшiндi мөлдiр дене – көз бұршағы орналасқан. Оның белдемiне Циннов байламы бекидi. Бұл байлам тамырлы қабық құрылымы болып табылатын кiрпiкше еттермен жалғасады. Осы кiрпiктi дененiң жиырылуы нәтижесiнде көз бұршағының пiшiнi өзгерiп отырады.
Көздiң алдыңғы камерасықасаң қабық пен қарашықтың арасы, ал қарашық пен көз бұршағы арасындағы қуысты – артқы камера деп атайды. Бұл камералар мөлдiр сұйықпен-шылауықпен толған. Көз бұршағының артында шыны тәрiздi дене - ол мөлдiр қоймалжың сұйық зат толтырып тұрады.
Қасаң қабық, шылауық, көз бұршағы және шыны тәрiздi дене – көздiң оптикалық жүйесiн құрайды. Аккомодация процесiн қам-тамасыз етедi.
3. Торлы қабық – көздiң iшкi үшіншi қабықшасы – бұл жарық сезгiш немесе фоторецепторлық бөлiмi, мұнда таяқшалар мен сауытшалар орналасқан. Торлы қабықтың құрылымы өте күрделі. Ол әр тұрлi клеткалар немесе олардың өсiндiлерiнен түзiлген 10 қабаттан тұрады.
1. Пигменттi клеткалар – фусцин пигмент қара түстi. Жарықты сiңiрiп, оның шағылысуына және шашырауына кедергi жасайды, соның салдарынан көру түйсiгiн анық етедi.
2. Таяқшалар және сауытшалар.
Адам көзiнiң торлы қабығында – 6-7 млн сауытша және 110-125 млн таяқша болады.
Сауытшалар торлы қабықтың орталық шұңқырында сары дақ орналасқан, шетiне қарай сауытшалар азаяды, таяқшалардың саны көбейедi.
3. Сыртқы мембрана
4. Сыртқы түйіршiктi қабат
5. Сыртқы түйіршiкаралық қабат
6. lшкi түйіршiктi қабат
7. lшкi түйршiкаралық қабат
8. Ганглиоздық клеткалар қабаты
9. Көру жүйкесiнiң талшықтары
10. lшкi мембрана
Көру жүйкесi кiрген жерде таяқшалар мен сауытшалар болмайды,
сондықтан “соқыр дақ” деп атайды.
Жарықты сезу. Жарық сезгiш торшалардың қызметi өте күрделі. Оларда қозу процесi фотохимиялық реакция әсерiнен пайда болады.
Таяқшаларда жарыққа сезiмтал радопсин, ал сауытшаларда иодопсин пигменттерi бар. Сауытшаларды сонымен қатар хлоролаб және эритролаб пигменттерi анықталған. Хлоролаб жасыл сәулелерiн сiңiредi.
Родопсин ретинол - А – витаминiнiң альдегидi белогынан тұрады.
Жарықтың әсерiнен родопсин фотофизикалық және фотохимиялық өзгерiстерге ұшырайды: ретинальдiң изомерi пайда болады, оның белокпен байланысы бұзылады, белоктың ферменттiк орталығының белсендiлiгi артады. Алғашында люмиродопсинге, соңынан ретиннен және опсинге айналады.
Редуктаза ферментiнiң әсерiнен ретинен А витаминге айналады. Қаранғыда опсин белогы ретининмен қосылып родопсин түзiледi. Егер организмде А витаминi жетiспесе, редопсиннiң түзiлуi бұзылады, қараңғыға бейiмделу процесi нашарлайды, ақшам соқырлығы туады.
Иодопсин құрылым жағынан родопсинге ұқсап, бiрақ иодопсиндегi ретинен фотопсин белогiмен қосылады.
Таяқшалар түнде көруге, сауытшалар күндiз көруге бейiмделген. Заттардың түсін айыру сауытшалардың қабiлетiмен байланысты. Бiрi қызыл, екiншiлерi-жасыл, ал үшіншiлерi-күлгiн түстi сәулелердi қабылдайды. Осыған байланысты түстi ажыратуға түснiктеме беретiн үш компоненттi Ломоносов-Гельм-гольц теориясы негiзге алынған. Қызыл, жасыл және күлгiн түстi спекторлар негiзгi түстер деп аталады. Оларды өзара белгiлi арақатынаста араластыру арқылы әртүрлі рең түйсiгiн алуға болады.
Сонымен қатар қазiргi кезде сауытшаларда үш түрлі жарық сезгiш заттар болады деген болжам бар (Э.Геринг). Бұл заттардың бiреуi қызыл түстiң әсерiмен ыдырайды, сөйтiп ақ, қызыл немесе сары түстердi түйсiндiредi. Басқа жарық сәулелерi сы жорамалдаған заттарды синтездейдi, соның нәтижесiнде қара, жасыл және көк түстердi сезу туады.
Көздiң заттардың түсін айыра алмайтын кемiстiгiн – дальтонизм дейдi. Дальтонизм ер адамдарда 8%, ал әйелдерде-0,5% кездеседi. Себебi, жыныс анықтайтын Х-хромосоманың белгiлi гендерiнiң жоқтығына байланысты.
Сонымен қатар түстi жарым-жартылай танымаудың үш түрі болады.
1. Протонопия-қызыл түстi ажыратады, ал көк, көкшiл сәулелер оларға түссiз болып көрiнедi.
2. Дейтеронопия-көк және қошқыл-қызыл түстерден жасыл түстердi айыра алмайды.
3. Тритонопия-көк және күлгiн түстi сәулелердi танымайды.
4. Ахромадия-түстi толық танымайды, бұл адамдарда сауытшалары зақым-данған (сыртқы әлем түссiз сурет сияқты көрiнедi).
Көздiң анықтап қарайтын заттың өте ұсақ бөлшектерiн айра алу қабiлетiн көру өткiрлiгi деп атайды. Ал көздi бiр нүктеге қарағанда көрiнетiн кеңiстiктi көздiң шалымы деп аталады.
Затты екi көзбен қарап қабылдаудан ғана қалыпты әрi толық, анық көру түйсiгi пайда болады (бинокулярлық көру).
Көз рефракциясының кемiстiгi: жақыннан көргiштiк (миопия) және алыстан көргiштiк (гиперметропия). Бұл кемiстiктер көз алмасының қалыпсыз ұзындығымен байланысты. Сонымен қатар көздегi сәуленiң сыну кемiстiктерiне астигматизм де жатады. Астигматизм әртүрлі бағыт-тағы сәулелердiң бiрдей сынбауынан туады.
Көру анализаторы рецепторлар (таяқша, сауытша) басталып, көру жүйкесi арқылы, ми қыртысының шүйде бөлiмiнде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет