Жыныс бездерi. Жыныс бездерi – гонадалар (грекше qone – пайда болу, adeн-без) – аралас бездер. Олар әрi экзокриндiк, әрi эндокриндiк қызмет атқарады: олар жыныс торшаларын – сперматозоид пен жұмыртқа торшаларын және аталық, аналық жыныс гормондарын бөледi. Жыныс гормондары көбею мүшелерiнiң физиологиялық тонус жағдайында ұстап, бастапқы және сыртқы жыныс белгiлерiн дамытады, аталық және аналық жыныстық инстинктердi, жыныстық актыларға қабiлеттiлiктi қалыптастырып, өнiп-көбеюмен байланысты процестердi, ағзаның пiсiп-жетiлуiн реттеуге қатысады.
Жыныс гормондары холестериннiң туындылары болып табылады. Аталық және аналық бздерде бұл гормондар қайта түзіледі, бiрақ олардың мөлшерi, ара қатынасы бiрдей болмайды. Мысалы, ер адамның тәулiктiк зәрiнде – 3-10 мкг андрогендер және 5-15 мкг эстрогендер болса, әйел адам зәрiнде 3-10 мкг андрогендер және 18-36 мкг эстрогендер болады.
Аталық гормондар – андрогендер (гр.andros – еркек деген мағына бередi) аталық бездiң (еннiң) аралық (интерстициальдық) ұлпалардағы Лейдинг торшаларында түзіледі.
Бездiң Сертоли торшаларында эстрогендер түзіледі. Бұл гормондар гипофизде ФЖГ-ның тұзiлуiн реттеуде маңызды роль атқарады.
Андрогендерге – тестестерон, альдостерон, изоандростерон, дегидро-изоандростерон т.б. жатады.
Андрогендер анаболизмдiк гормондарға жатады. Олар белок алмасуына әсер етiп, бұлшық еттерде белоктың тұзiлуiн және жиналуын күшейтiп, оң азоттық баланс қалыптастырады денеге салмақ қостырады.
Андрогендер орталық нерв жүйесiнiң функционалдық жағдайына да әсер етедi. Сексуальдық, яғни жыныстық көңiл-күйдiң дамуы негiзiнен жыныс гормондарының қандағы деңгейiмен анықталады. Бойдың өсуi, дененiң қалыптасуы, тәртiппен өзiн-өзi ұстауы, екiншi жыныс белгiлерiнiң пайда болып дамуы жыныс бездерiне байланысты.
Әр түрлі мақсаттармен жыныс бездерiн сылып алып тастағанда (кастрацин) пайда болатын өзгерiстер жан-жақты зерттелiнген. Мысалы, пiшiлген малдың мiнез-құлқы өзгередi, ол жуасып, шаруашылықта пайдалануға ыңғайлы болады. Пiшiлген мал тез семiрiп, оның етiнiң дәмi жақсарады.
Евнухондизм – еннiң нашар дамуына немесе жыныстық қосымша денелердiң дамымай қалуына байланысты. Евнухтар сыртқы пiшiнi шағынан пiшiлгендерге ұқсайды.
Крипторхизм – еркек малдың бiр немесе екi енiнiң уақытында ұйюға түспеуi. Мұндай малда сперматозойдтар түзiлмейдi.
Аналық гормондар – эстрогендер аналық жыныс мүшелерiн физио-логиялық тонуста сақтап, жыныстық айналымды, жатыр мен қынаптың кiлегей қабығының күйiн, сүт бездерiнiң өсуiн реттейдi. Бұл гормондар аналық жұмыртқаларының фолликулаларында түзіледі. Эстрогендер – эстродиол, эстрон, эстриол. Бұл гормондар аналық ағзаға тән белок пен майдың, су мен минералы тұздардың алмасу деңгейiн қалыптастырады, каппилярлар қабырғасының өтiмдiлiгiн жоғарылатады, орталық жүйке жүйесiнiң қызметiн өзгертедi.
Жыныс жұмыртқасының сары денесiнде гестогендер: прогестрон және андрогендер түзіледі. Прогестрон гормоны жүктiлiктiң дамуына, қалыпты өтуiне әсер етедi.
Плаценталық прогестерон баланың тууына, сүттiң пайда болуына, ұрпақты сақтауымен байланысты басқа да процестерге көмектеседi.
Релаксин гормоны жатырдың, ал туар алдында жамбас сүйектерiн байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел ағзасын бала тууға дайын-дайды.
Жыныс гормондарының тұзiлуi және бөлiнуi нейрогуморальдық жолмен реттеледi.