Қарынасты безi (Ұйқы безi). Қарынасты безi аралас бездерге жатады. Iшкi секрециялық қыметi 1869 ж. Лангерганс ашқан аралшықтар атқарады. Лангерганс аралшық-тарында альфа-, бета-, және дельта секторлық клеткаларын ажыратады.
Альфа – клеткалар глюкогон гормонын, бета-клеткалар – инсулин, ал дельта – клеткалар соматостатин гормонын бөледi. Бездiң шығару өзектерiнiң клеткалары – линокаин гормонын бөледi.
Инсулин гормонын 1921 ж. Канада ғалымдары Бантинг және Бест бөлiп алған. Ал оның химиялық табиғатын Сандэнер (1945-1956) анық-таған.
Инсулин амин қышқылдарының екi тiзбегiнен тұратын полипептид. А-тiзбек – 21, В-тiзбек – 30 амин қышқылдық қалдықтан тұрады. Инсулин ағзамен тыс жасанды жолмен алынған бiрiншi белок.
Инсулин байланысатын молекулалары болып табылады да, олар бауыр торшаларының, қаңқа етi талшықтарының, май ұлпасы торша-ларының мембранасында орналасқан.
Инсулиннiң физиологиялық әрекетiнiң механизмi және инсулин мен рецептордың өзара әрекетi кезiнде бөлiнетiн медиатордың табиғаты әлi толық анықталмаған.
Инсулин жасуша мембранасының глюкозаға деген өтiмдiлiгiн жоғарлатып, торша iшiн глюкозаның екеуiн жылдамдатады, гликогеннiң тұзiлуiн күшейтiп, оның бауырда ыдырауын бәсеңдетедi. Сонымен қатар инсулин гормоны глюкозаның пайдалануын жоғарылатып, майдың қорлануын жақсартады.
Ұлпалардағы глюкогенез процесiнiң қарқынын төмендетiп, белоктың биосинтезiн арттырады.
Инсулин жетiспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия байқалып, қан құрамында кетонды заттардың мөлшерi артып, ағза диабет ауруына шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан ағзада:
полиурия – зәрдi көп мөлшерде бөлу
полифагия – мешкейлiк, көп тамақ жейдi
полидипсия – қатты шөлдеу (сусамырлық) белгілері байқалады.
Инсулин гормонының бөлiну қарқынына қандағы глюкоза мөлшерiне байланысты: глюкоза деңгейi жоғарлаған сайын ол күшейе түседi. Сонымен қатар инсулиннiң бөлiнуiне СТГ АКТГ, ТТГ, глюко-кортикоидтар, триоксин, глюкогон, кальций иондары үдетедi, ал адреналин мен норадреналин – баяулатады.
Кезеген жүйке инсулиннiң бөлiнуiн үдетедi, симпатикалық жүйке – баяулатады.
Альфа – клеткалары – глюкозон гормонын бөледi. Гормонның құрамында 29 амин қышқылдық қалдық болады, молекулалық массасы 3500.
Глюкагон гормоны гликогеннiң глюказаға айналысуын жылдамдатып, форфорилаза ферментiн белсендiрiп, қандағы глюкоза мөлшерiн көбейтедi. Сонымен қатар, ол май қышқылдарының тотығуын шапшаңдатып, кетонды заттардың тұзiлуiн күшейтедi, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқыл-дарының босауын жандандырады.
Глюкогон гормонының бөлiну қарқыны қандағы глюкоа мөлшерiмен реттеледi. Глюкоза деңгейi төмендесе, глюкогонның бөлiнуi күшейедi.
Бездiң дельта – жасушаларында соматостатин гормоны түзіледі. Бұл гормон тек түiлген жерiнде ғана әрекет етедi, оған паракриндiк эффект тән. Сондықтан бұл гормон торша аралық қуыс арқылы қатар жатқан торшаларға әсер етедi.
Ұйқы безiнiң ұсақ өзектерiнiң эпителиалдық торшаларында липокаин гормоны түзіледі. Бұл гормон фосфотидтердiң - лецитиннiң тұзiлуiн жандандырады, май қышқылдарының тотығуын жылдамдатып, май қорының шығынын күшейтедi, бауыр торшаларын шырланудан сақтайды.
Сонымен қатар ұйқы безi сығындысынан калликреин, ваготонин, центропнеин деген заттарда бөлiнген.
Калликреин – артериалдармен капиллярларда кеңейтiп, қан қысымын төмендетедi. Бұл зат тұрақсыз, тез бұзылады.
Ваготонин – парасимпатикалық жүйелер тонусын жоғарылатады, эритроциттердiң түзiлуiн жоғарылатады.
Центропнеин – тыныс орталығын қоздырып, бронхтарды кеңейтедi, оттегiнiң тасымалдауын жақсартады.