Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Ас қорыту жүйесiнiң қызметi мен зерттеу әдістері



бет89/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

2. Ас қорыту жүйесiнiң қызметi мен зерттеу әдістері:
1. Секреторлық қызметi - сiлекей бездер- сiлекей, қарын, iшек, Ұйқы бездер сөл бөледi, бауыр- өт бөледi. Сөлдiң құрамында протеаза, липаза, гликолитикалық т.б. ферменттер болады, қоректiк заттар осы ферментердiң әсерiнен ыдырайды.
2. Ас қорыту жолының моторлық қызметi. Бiрыңғай салалы еттердiң жиырылуына байланысты. Азық сөлдермен араласады, жылжиды.
3.Ас қорыту жолында ыдыраған қоректiк заттар, су, тұздар, сiңедi.
4. Инкреторлық қызметi. Ас қорыту жолының кiлегейлi қабығындағы арнаулы эндокриндiк клеткалар түрлi биологиялық белсендi заттады- гормондарды бөледi(гастин, секретин, бомбезин).
5. Экскреторлық қызметi. Ас қорыту жолдары арқылы организмге қажетсiз заттар сыртқа шығарылады.
Ас қорыту жолында қоректiк заттар механикалық, химиялық және биологиялық өңдеуге ұшарайды.
Механикалық (физикалық) өңдеу барысында азық ұсақталады, бөлшектенедi, сiлекей- шырынымен жұмсарады, араласады.
Химиялық өңдеу сөлдiң құрамында болатын ферменттердiң әсерiмен жүредi. Ас қорыту ферменттері- гидролазалар тобына жатады. Ферменттер белгiлi ортада, температурада әсер ете алады. Әр фермент белгiлi бiр қоректiк затқа ғана әсер етедi, сондықтан ас қорыту ферменттерi үш топқа бөлiнедi: протеолиздiк- пептидтi байланыстарға, гликолиздiк- гликолиздiк қосылыстарға, липолиздiк- эфирлi байланыстарға әсер етедi. Бұл ферменттердiң әсерi бiр-бiрiмен және субстрат қасиеттерiмен тығыз байланысты, сондықтан олар ферменттiк жүйе құрады.
Биологиялық өңдеу ас қорыту жолында тiршiлiк ететiн микро-организмдер ферменттерiнiң әсерiмен жүредi. Микроорганизмдерге ас қорыту жүйесiнiң алдыңғы (қарын) және iшектiң кеңiген соңғы бөлiктерiнде көп болады.
Ас қорыту мүшелерiнiң қызметiн зерттеуде екi кезең ажыратады: И.П.Павловқа дейiнгi және И.П.Павлов кезеңi деп. И.П.Павловқа дейiн ас қорыту мүшелерiнiң қызметi қарапайым әдiстермен зерттеледi. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлiн зерттеу үшiн бiр кесек губканы жiпке байлап, зерттелетiн адамға жұтқызады, бiраздан кейiн губканы жiппен тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын зерттейдi. Сонымен қатар малды сойып, жын құрамындағы өзгерiстердi анықтаған.
Алғаш болып иттердiң қарынына фистула құю әдiсiн орыс хирургi В.А.Басов ұсынған. Осы фистула арқылы қарын жынын алып зерттеген. Бұл әдiстi И.П.Павлов өте жоғары бағалаған, бiрақ бұл әдiс бойынша таза қарын сөлiн алуға болмайды. Сондықтан И.П.Павлов эзофагото-мия, оқшауланған қарынша жасап таза қарын сөлiн алып зерттеген. Осы ас қорыту мүшелерiнiң қызметiн зерттеуде Ұсынған әдiстерi үшiн И.П.Павловқа Нобель сыйлығы берiлдi.
Фистула дегенiмiз белгiлi бiр ағзаның қуысын немесе бездiң түтiгiн сыртқы ортамен байланыстырып тұратын өзек.
Қазiргi кезде ас қорыту мүшелерiнiң қызметiн зерттеуде эндоскопия, радиотелеметриялық, радиоактивтiк изотоп пайдалану әдiстерi қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет